Арменияда депутат-генерал Манвел Григорян қамалды
Арменияда депутат-генерал Манвел Григорян қамалды
Сейсенбі, 19 маусымда Армения парламенті осыған дейін билік партиясы болып келген Республикалық фракцияның депутаты, генерал-лейтенант Манвел Григорянды мандатынан айырды. Оған қарсы қылмыстық іс қозғалып, қамауға алынған, деп хабарлайды centralasian.org.
Арменияның ұлттық қауіпсіздік қызметі (ҰҚҚ) генералдың үйін және саяжайын тінтіген суреттерді жариялады. Үйінен қару-жарақ, мина, гранаталар, автоматтар және әртүрлі калибрлі оқтар табылған. Арнайы қызмет сонымен бірге 30-ға жуық "Роллс Ройс", "Тойота", "Мерседес", "Хаммер" маркалы автокөліктерін, жедел-жәрдем көлігін, әскери техникалық машиналарды тәркілеген. Мұнымен қоса генералдың үйінен ондаған миллион драм (Армения валютасы), жүздеген мың доллар табылған.
Одан бөлек 2000–2008 жылдары Манвел Григорян Арменияның қорғаныс министрінің орынбасары болып тұрғанда, 2016 жылы Таулы Карабах қарулы қақтығысында сарбаздарға деп бөлінген жүздеген жәшік азық-түлік, медициналық дәрі-дәрмек, әскери киімдер, аяқ-киімдер, шұлықтар генералдың үйінен табылған. Тағы бір жәшіктерде оқушылардың сарбаздарға жазған хаттары болған. Тергеу ісі генерал гуманитарлық көмекті тиісті жерге емес, үйіне тасыған деген болжам айтады.
Манвела Григорян билік партиясы атынан депуаттық мандатқа қол жеткізгеннен кейін, Эчмиадзин қаласына формальды сайлау өткізіп, ұлын әкім етіп қойған.
Генерал Григорян ісі – Никола Пашинян үкіметі бастаған көлеңкелі экономикамен күресудегі эпизодтардың бірі ғана.