Оңтүстік Қазақстан Түркістан облысы болып қайта құрылды

Оңтүстік Қазақстан Түркістан облысы болып қайта құрылды

Оңтүстік Қазақстан Түркістан облысы болып қайта құрылды
ашық дереккөзі
Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев Оңтүстік Қазақстан облысын Түркістан облысы деп қайта құру туралы жарлық шығарды. Ақорданың баспасөз қызметінің хабарлауынша, Назарбаев "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылымы туралы" заңының 3-бабы 1-бөліміне сай Түркістан облысының орталығы Түркістан қаласы болатыны, ал халқының саны миллионға жеткен Шымкент қаласына республикалық маңызы бар қала мәртебесі берілгені туралы жарлығын жариялады. Президенттің айтуынша, Астана мен Алматы қалалары сияқты ресубликалық маңызы бар қала мәртебесін алған Шымкент әкімшілік бірлігі елдегі он жетінші аймақ болады. 5 маусымда Оңтүстік Қазақстан облысының мәслихаты облыс орталығын Шымкенттен 262 мың тұрғыны бар Түркістанға көшіру туралы және Шымкент қаласына республикалық маңызы бар қала мәртебесін беру туралы ұсынысты мақұлдап, үкіметке жолдаған. Түркістан Шымкенттен солтүстік-батыс жағында 170 шақырым қашықтықта орналасқан. Қала саны 260 мың адамды құрайды. Түркістанда XIV ғасырдың соңында тұрғызылған архитектуралық ғимарат Ахмет Яссауи кесенесі бар. Онда қазақтың хан, билері жерленген.