Алматыда бойжеткен көлік астына түсіп, мерт болды

Алматыда бойжеткен көлік астына түсіп, мерт болды

Алматыда бойжеткен көлік астына түсіп, мерт болды
ашық дереккөзі
Алматыда жол талғамайтын көлік бойжеткенді қағып кетті. Жол апаты әл-Фараби даңғылының бойында болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Оқиға куəгерлерінің айтуынша, Nissan X-TRAIL маркалы автокөлік әл-Фараби даңғылының бойымен оңтүстік бағытқа қарай келе жатқан.  Навои көшесімен қиылысқа жерде рұқсат етілмеген жерден бойжеткен жүгіріп шыққан. Жол талғамайтын көлік жүргізушісі дер кезінде тоқтап үлгермей, оны қағып кеткен. Бойжеткен алған жарақаттан оқиға орнында көз жұмды. Оның өзімен бірге құжаттары болмағандықтан, тəртіп сақшылары жеке тұлғасын анықтауға кірісті.