Жаңалықтар

Азия МАҒЫПЕРҚЫЗЫ: САҒЫНЫШЫҢ ЖҮРЕГІҢНІҢ ТҮБІНДЕ

ашық дереккөзі

Азия МАҒЫПЕРҚЫЗЫ: САҒЫНЫШЫҢ ЖҮРЕГІҢНІҢ ТҮБІНДЕ

ҚҰЛАҒЫМА ҰЯ САЛЫП ҚҰРҚЫЛТАЙ

Бала талдар сыңғырлатты сырғасын,Басқа жаққа сыймай жетті бір басың. Қимастықтың қиқымына қылқындым,Жанарыңнан жұлдыз құлап тұрғасын.

Тұра бердің, уыстап ап у бердім, Сыбыры да сақау сынды гүлдердің.Қара жылан ұйықтап жатқан секілді, Аржағында қараған мен бүргенің.

Бақи жаққа бара жаттым сырғып мен,Тілмәш әкеп тілдеспекпін тірлікпен.Құлағыма ұя салып құрқылтай,Жыла-жыла деп жатқандай жын біткен.

Жылау қиын, күлу тіпті су тегін,Қара түнді құлағыңмен бүркедің.Ұятымды ұрлығыма қосақтап, Қара түннің тізгініне тіркедім. 

Телміремін темір қазық нысанам, Орман – үнсіз, көйлегі – көк, құшағы – ән.Қара түнге батып бара жаттың сен, Суға батқан алып кеме құсаған. 

САҒАТ ТІЛІ

Сағаттың тілінеКөбелек қондырдым – Күрделі дүние…Бүлдірдім.

Көбелек – гүл жандыУақыт – опасыз.Қайық қып сырғамдыЖетер деп тосарсыз.

Жағада тұрғандыЖырлауым ең қызықТұлғаңдыТауысты жел мүжіп.

Күн кірпігіменҚазады көрімді.Ағаштың бүршігіненАзабым көрінді.

Ағаштың бүршігіӨлең бе, өмір ме?Сағаттың сыртылыБастайды өлімге.

* * *Кездескенде сөйлемей сайрайтын ең, Жанына жеткім келеді елесі бардың.Малынып тұрып сәулеге сені есіме алдым,Жанып кіріп үйіңе сөне шығармын.

Сені есіме алдым, уәдеңді бұзбайтынедің,Бар сырыңды жасырмай қызға айтыпедің,Сорға айналды тұздай тілегім.Күйіп тұрып салқындау сағыныш емесСүйіп тұрып сырқат ә, мұздайтын ерін.

Сені есіме алдым, сертіңнен таймайтын едің,Елеместен тірліктің айғай сүреңін.Кездескенде елемей сайрайтын едің.Бала талға балапан қонақтағандаБұтағына орамалымды байлайтынедім.

Жолыма өсіп алыпты долана қаптап, Бүлдіріп жүрген пендеде бола ма мақсат.Түн меңіреу, бетінің түгі көрініп,Таң дейтұғын кебінін орана қашпақ.

Түн қайда барады, түнеріп қайта келеді,Түсініксіз бірдемені айта береді.Тізгініңді ізгілік тарта береді.Қыз күніңді іздесең – қыдыру керек,Соңыңнан сайтан ереді.

ТҮГІМ ДЕ ЕМЕССІҢ…

Батырға да баладым – қалған сақтан,ғұндардан,Қарағай деп қарадым – қарлы таудабүр жарғанСағынышы Сараның аумайтындайБіржаннан,Айшықталып тілімнен жарқырады жыр маржан.

Қыран үнін естісем,Кептер көрсем қырманнанСая тапқан сияқтымын таудай биіктұлғаңнан.Дала менен сырласып, даналардан үлгіалған,Бар әлемге атыңды айғай салыпжынданғам.Жанталастым жандардай несібеден құрқалған!Жас екем ғой ол кезде армандарым ақүрпек,Қайратым да қабыршық.Енді артыма қарасам аттың басын сәліркіп,Сұңқылдайды сұм жалған.

* * *Енді түгің де емеспін,،Күнің де емеспін.Кездессем дірілдемеспін, Атыңды дұғадай күбірлемеспін.Ұрпағың болса күлімдеп өссін,Тойың дүбірлеп өтсін, Орманың, ойың, бойың дүрілдеп өссін,Маған деген тілегің болса,Тіліңде кетсін.Сағынышың жүрегіңнің түбінде кетсін,Кеше де елессің, бүгін де елессің,Ертең де елессіңТүгім де емессің!Білмейтініңді кешіретін мен де білімді емеспін. 

Кең дүние толы екен ғой сұраққа Сырласым ең, мұңдасым ең сан жылғы,Сыйласым ең кесіп өтпес алдымды. Қырды асып ең маған арнап гүл теріп,Жазғы шықта кешіп жүріп шалғынды.Куәсі едің сансыз сайран күнімнің,Шырша тасып күлше тасып жүгірдің. Кіміңмін?Мен мұңайсам – бүгілдің.

Сен жанымнан, жел жағымнан табылдың,Байрағындай ең жеңісті шағымның.Табысымды аз тойлап талай шабылдың,Бағалайды қолда барында бағын кім.

Енді неге аттанбақсың жыраққа,Кең дүние толы екен ғой сұраққа. Теңсіз мынау дүниеден жерідім,Менсіз сені жеткізетін мұратқа.

* * *Мәңгілік бар деген сөзге сенетінБала екем ғой.Ақ құшақтар амалсыздан бөлінді,Ақ ұшаққа қонып кетіп барасың.

Шаттығымды жолға салып тұрдыммен,Айналайын мұңға батқан түріңнен.Екпінінен толқып кеттім ұшақтыңКүллі дүние дірілдеді гүрілден. 

Сертің етіп сері күздің құстарынБозамық бұлыт, боз бораннан ықпадың.Үйде отырып жыласам да жөн екенҚате бопты аттандыра шыққаным,Тепкіледім қара жердің пұшпағын.

ТҮН ЖӘНЕ МЕН

Қандай керең, қандай терең мына түн,Жер бетінің қымтайды бар күнәсін. Түні – тамұқ, таңы атпаған күндердің, Атасының ауызына ұрасың.

Қадамы тез ғасырда бұл жел өкпе,Деп ойлайсың керең болу керек пе. Ана тілін қадірлейтін біреулерАлатұғын шығар ертең мені еске.

Қиялдарым қырық саққа жүгірдіШыр айналып туған жердей Құдайға анық, түннен кейде түңілем, Жасыра алмай өз-өзімнен түгімді.

Түн түксиер түкті жүзін сүймесем,Сөйтіп алдап, тылсымдармен тілдесем.Қызыл көзді шырақтарға серік боп,Қызғаныштың қызыл шоғын үрлесем.Көз алдымнан өтсе өмір парағымЖарқанаттың жамыламын қанатынЖоқ ешқандай таласың.