Ендігі үміт Елбасында
Ендігі үміт Елбасында
Сенімді дерек көзіне сілтеме жасаған «КазТАГ» агенттгі ҚР Президенті Н.Назарбаевтың зейнетақы реформасын жүзеге асыруға тыйым салуы мүмкін екенн хабарлады. Оның себебін «Қазақстан әйелдері тарапынан білдірілген наразылықпен» түсіндірген агенттік бүгінде зейнеткерлк жасты көтеруге наразы қыз-келіншектердің көптігін айтады: «Жасырып қайтеміз, қазақстандық әйелдер осы уақытқа дейін Нұрсұлтан Назарбаевтың тірегі оп келді. Үлкен басқосулар мен өзара кездесулерді ол әйелдерді мақтап, оларды жоғары лауазымға көтеріп отырды. «Сіздермен (әйелдермен) өмір сүру қиын, біраз сіздерсіз – мүмкін емес» деген қағиданы қайталауды ұнататын Президент қысқа мерзім ішінде әйелдерге деген көзқарасын өзгертті деу қисынсыз. Соңғы кездердегі әлеуметтік салада жасалған (ең алдымен әйелдерге қатысты) асығыс қадамдарға төрелік айтуға Президенттің өзі араласуы мүмкін». Сенімді дерек көзінің айтуынша, ҚР Президентіне тиесілі құзырдың ауқымы кең: «Елбасының мұндай мәселеде құзыры күшті. Ол Үкіметті заң жобасын кері қайтарып алуға міндеттей алады, Парламенттегі талқылаулардың кез келген кезеңінде тоқтатуға қауқарлы. Конституциялық кеңеске негізгі заңға сәйкестендіруге қатысты уәж айтуға немесе заң жобасына мүлде қол қоймауға құқылы. Сонымен қатар құжатты белгісіз мерзімге дейін кері қайтара алады».