Ендігі үміт Елбасында

Сенімді дерек көзіне сілтеме жасаған «КазТАГ» агенттгі ҚР
Президенті Н.Назарбаевтың зейнетақы реформасын жүзеге асыруға тыйым салуы мүмкін
екенн хабарлады. Оның себебін «Қазақстан әйелдері тарапынан білдірілген
наразылықпен» түсіндірген агенттік бүгінде зейнеткерлк жасты көтеруге наразы қыз-келіншектердің
көптігін айтады: «Жасырып қайтеміз, қазақстандық әйелдер осы уақытқа дейін Нұрсұлтан
Назарбаевтың тірегі оп келді. Үлкен басқосулар мен өзара кездесулерді ол әйелдерді
мақтап, оларды жоғары лауазымға көтеріп отырды. «Сіздермен (әйелдермен) өмір сүру
қиын, біраз сіздерсіз – мүмкін емес» деген қағиданы қайталауды ұнататын
Президент қысқа мерзім ішінде әйелдерге деген көзқарасын өзгертті деу қисынсыз.
Соңғы кездердегі әлеуметтік салада жасалған (ең алдымен әйелдерге қатысты) асығыс
қадамдарға төрелік айтуға Президенттің өзі араласуы мүмкін». Сенімді дерек көзінің
айтуынша, ҚР Президентіне тиесілі құзырдың ауқымы кең: «Елбасының мұндай мәселеде
құзыры күшті. Ол Үкіметті заң жобасын кері қайтарып алуға міндеттей алады,
Парламенттегі талқылаулардың кез келген кезеңінде тоқтатуға қауқарлы.
Конституциялық кеңеске негізгі заңға сәйкестендіруге қатысты уәж айтуға немесе
заң жобасына мүлде қол қоймауға құқылы. Сонымен қатар құжатты белгісіз мерзімге
дейін кері қайтара алады».

2e3f0e3c55577240e0a053bf35a19291

Жуырда Мәжіліс мақұлдаған «Қазақстан
Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Заң жобасын Сенаттағы әріптестері
сынға алды. Мәселен, сенатор Светлана Жалмағамбетова: «Сіз
айтасыз, әйелдерде еңбек өтілі болмайды деп. Сондықтан зейнетке шығу жасы ұлғайса
қосымша өтілі болады деп. Егер көпбалалы ана бала күтіміне байланысты жұмыстан
уақытша қол үзетін болса қандай өтіл сұрайсыз? Қосымша өтіл берілгенімен оның
тиімділігі қайсы? Менің сұрағым сіздер неге зейнетақы жинақтаушы қорындағы қаражатты
ұлғайту, саланы жаңғырту үшін бұдан басқа жолын қарастырмадыңыздар? Дәйексіз дәлелдемелерді
әлі талдау керек. Міне қараңыз бірінші мәселе еңбеккерлердің небәрі 41 пайызы
жинақтаушы зейнетақы қорына жарна жинаған. Бұл зейнетақы жинақтау жүйесіне тоқырау
емес пе? Екіншіден жиналған қаражатты бөлшектейтін болсақ бір адамға 380 мың теңгеден
келеді екен. Бұл қаржыға күнкөре аламыз ба? Жоқ!» дегенде, ҚР Еңбек және халықты
әлеуметтік қорғау министрі Серік Әбденов: «Бұл не береді? жалпы нәтижесінде әр
азаматтың 5 жыл жинақтау қорында 36 пайыз салымдарының өсімін береді. Екіншіден
зейнет жасына жетіп зейнетке шыққан кезде ай сайын алатын зейнетақыны 16,7
пайызға жалпы активтердің өсімін береді. Ал әрбір ай сайын алатын зейнетақыны
36 пайызға өсуіне мүмкіндік береді».

Үкімет заң жобасында зейнетақы жүйесін
реформалаудың үш бағытын ұсынып отыр. Бірыңғай зейнетақы жинақтау қорын құру, жұмыс
берушілердің ауыр және зиянды еңбек жағдайында жұмыс жасайтын еңбеккерлерге кәсіби
зейнетақы аударымдарын енгізу және әйелдердің зейнетке шығу жасын
біріздендіріп, 63-жасқа ұлғайту. Алайда Сенаттағы Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің кеңейтілген отырысында
депутаттар заң жобасының пісіп-жетілмеген шикі тұстары көптігін, тіпті зейнетақы
жүйесін жаңғыртудың билікке оңай, ал халыққа артылатын салмақтың ауырлағанын
айтты. Заң жобасын қабылдауға үзілді-кесілді қарсы шыққан халық қалаулыларының қатарындағы
Светлана Жақиянқызы: «Мәселен, әйелдердің 65 пайызының төмен жалақы алуы, 539
мыңының зиянды және ауыр еңбекте жұмыс жасауы жағдайдың оңай еместігін байқатса
керек. Демек 63 жасқа дейін еңбекке жарамды болатын әйелдердің үлес салмағы 5
пайыздан аспауы мүмкін», – деді. Оның пікірінше, зейнетақы жинақтаушы қорларындағы
қаржыны көбейту үшін әйелдердің зейнетке шығу жасын ұлғайтудан басқа тиімді
жолын қарастырған абзал: «Осыны біз қабылдаймыз
ба, мемлекет болып, экономикалық қауіпсіздік үшін бізде ең кемінде 20-25
миллион халық керек. Енді соның бәрін біз жауып отырмыз осы мәселемен. Онда
сіздер, ер-азаматтар, бала табасыздар ма?». 

Жыл сайын жаңа жұмыс орындарын ашамыз деген
шенеуніктердің сөзіне де сенаторлар күмінмен қарайды. Қожахмет Баймаханов: «508 мың
жұмыс орнын ашамыз дейсіз. Қайдан аласыз? 22 жыл болмаған жұмысты қайдан
табасыз. Мен – совхоз басқарған адаммын. Білемін, оны ешкім таба алмайды. Жоқ жұмыс!»
Әлеуметтік реформаны тезірек жүзееге
асыруға құлшынған Үкіметке сенатор Жұмабек Төрегелдинов зейнетақы жүйесін
модернизациялауды 2-3 жылға шегеру тұруды ұсынды.

Зейнеткерлік жасты ұлғайтуға қатысты шыққан дауға
бұған дейін үкіметтің аяғы ауыр келіншектерге берілетін бір реттік жәрдемақыны
азайтуы, «көкек әкелердің» отбасындағы балаларға белгіленген алименттің ең төменгі
мөлшерлемесі себеп болған. Екіншіден, әлеуметтік реформа қолға алынбай тұрып,
халық арасындағы түсіндірме және насихат жұмыстары кеңінен жүргізілуі тиіс еді.
Министрлік заң жобасын дайындай сала, елге күштеп таңуға тырысуы азаматтардың
ашуы-ызасын қоздырды. Әлеуметтік желілер мен Интернетегі айқай мен наразылық көшелердегі
заңсыз шерулерге ұласты. Президенттің атына хат жазып, қол жинауға кіріскен
белсенділер тобы әлеуметтік реформаны халыққа қарсы бағытталған шара деп қабылдады.

Негізі Үкімет «үкілеген» зейнеткерлік жасқа қатысты
құжат қазір жастары 40 пен 50-дің ортасындағы әйелдерге тікелей қатысты. КСРО күйреп,
Қазақстан Тәуелсіздігін енді алған кезде 20 мен 30-дың үстінде болған олар
еліміздегі барлық реформаны бастан өткеріп келеді. Нәтижесіз болған талай
реформаның ыстығы мен суығына күйіп, бар аурытпалығын көтерген де – солар.
Экономикалық және әлеуметтік тұрғыда белсенді топтың бел ортасында жүрген осы
келіншектер елдегі саяси реформалар мен оқиғаларға да атсалысады. Егер
зейнеткерлік жастың 2014 жылдың 1 қаңтарынан басталатынын және алдағы 2 жылда
президенттік сайлау тұрғанын ескерсек, билікке Қоғамда наразылықтың белең алуы
тиімсіз. Өйткені, дауыс беруге қабілетті 2 миллионнан астам келіншек Министрлер
кабинетінің шала піскен құжатының құрбанына айналмақ. 2 млн. дегеніңіз – саяси
электораттың төрттен бір бөлігі.

Бүгінде аталған жобаның астарынан саяси сарын
іздеген ағайын да бар. Олар «құжат бәрібір қабылданбайды, мүдделі топтың арзан
бедел жинауға бағытталған әрекеті» дейді. Не десек те, қоғамда дау тудырған бұл
заң жобасын ҚР Президенті Н.Назарбаев қабылдамауы бек мүмкін.

Back to top button