Адам қалай «о дүниені» көреді?

Адам қалай «о дүниені» көреді?

Адам қалай  «о дүниені» көреді?
ашық дереккөзі

 

Осы тектес ұжымдық әдіс-тәсілдердің көмегімен
адамдардың психикасын басқаруға, оларды қандай да бір теріс мақсаттарға
пайдалануға болатыны белгілі болып отыр. Көптеген бейкүнә адамдарды қақпанға
түсіріп, олардың психикасына зиян келтіру уақыт өте келе қоғамды апаттық
жағдайға әкеліп соқтырады. Осыған байланысты, Дүниежүзілік денсаулық сақтау
ұйымы адамдардың психикасына әсер етіп, оны өз дегенімен жүргізуді кез келген
қоғам үшін қатерлі құбылыс ретінде қарастырады.

Дәстүрлі емес діни ағымдарда қауымды желіктіру,
жұртшылықтың санасына әмір жүргізу, оларды жарнама арқылы еліктіру басымдыққа
ие. Осы тектес ұжымдық әдіс-тәсілдердің көмегімен адамдардың психикасын
басқаруға, оларды қандай да бір теріс мақсаттарға пайдалануға болатыны белгілі
болып отыр. Көптеген бейкүнә адамдарды қақпанға түсіріп, олардың психикасына зиян
келтіру уақыт өте келе қоғамды апаттық жағдайға әкеліп соқтырады. Осыған
байланысты, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы адамдардың психикасына әсер
етіп, оны өз дегенімен жүргізуді кез келген қоғам үшін қатерлі құбылыс ретінде
қарастырады.

Ғылыми тұрғыда нақтылайтын болсақ, Зигмунд Фрейд жеке адамның қандай да
бір топтың құрамында болғанында сыртқы күштердің ықпалына көнгіш, бейім
болатындығын жан-жақты айтып кеткен. Жеке адам тобырдың ортасына түскен сәттен
бастап бұрынғы қалпынан өзгеріп, мүлде басқаша ойлайтын, басқа әрекеттер
жасайтын күйге түседі. Себебі, ол «Психологиялық қауымның» жетегіне еріксіз
ереді. Ал оның сыры неде?

Густав Лебон «Психологиялық қауым» атты еңбегінде бұл сауалға былай деп
жауап береді: «психологиялық қауымның ең түсініксіз тұсы мынау: құрамдас
индивидтер қандай болса да, олардың өмір салты, мінезі, білім деңгейі
бір-біріне қаншалықты ұқсас немеесе ерекше болса да, олар бір тобырға
айналғаннан кейін ортақ жан-жүйеге (рух, ниет, ықылас) айналады. Осылайша
әрқайсысы дербес ойлау, әрекет ету қасиеттерінен айрылып, өзгеше күйге енеді.
Әрбір жеке тұлғаның өзіндік идеясы мен сезімі бұрын болса да, ол тобырдың
санатына енгеннен кейін біртұтас қауымның мүшесіне айналды».

Қауымның іс-әрекеті мен психо­ло­гия­­лық ахуалына сипаттама беруге де
болады. Мәселен, сыртқы психологиялық әсерлердің ықпалынан қалыптасқан қауым –
өзгеріске бейім әрі желіктіруге көнгіш келеді. Оның мүшелері сергек санамен
ойлау қабілетінен мүлде айрылады десек, артық айтқандық емес. Қауымға әсер
ететін құбылыстар жағдайға қарай түрліше болуы ықтимал. Ол қаһармандық немесе
қорқақтық, қатыгездік болуы мүмкін. Өз кезегінде, жеке адамның өз бетінше
ойлауына, тіпті өзін-өзі сақтау инстинктінің көрінуіне де мүмкіндік бермейді.
Қауым өзін күш-қуаты мол сияқты сезінеді, ал оның мүшелері, яғни, индивидтер
өзі үшін мүмкін емес нәрсе жоқ деп санайды.

Тағы бір айта қатерлігі, көпшілігінде қауым аңғал, сенгіш келеді. Оны
алдау-арбау, қандай да бір теріс мақсат үшін пайдалану аса қиын шаруа емес.
Себебі, қауым шындық пен өтірік арасындағы алшақтықты аңғара алмайды, сыртқы
ықпалдарға тез бой алдырады.

Әрине, ашу-ызаға бой алдырған қауымға қарсы келу өте қауіпті екендігі
түсінікті. Демек, өзіңді-өзің қорғау үшін қоршаған ортаның, яғни сол қауымның
дегенімен жүруге тура келеді.

Ескішіл көзқараспен өмір сүретін қауым кез келген жаңашылдықты
жақтырмайды, тіпті оны жек көреді. Тобыр үшін өзінің бұрынғы салт-дәстүріне
деген құрмет ең бірінші орында. Дәстүрлі емес діни ағымдар пайда бола
бастағаннан бергі аралықта, тобырды табындырушы культтік топтар да қалыптасқаны
белгілі. Бұл орайда, біраз елді әуре-сарсаңға салған дін атын жамылған
ұйымдардың әлегі туралы айтпай кете алмаймыз. Еліру, психопатологиялық дерттің
салдарынан долдану, өздеріне ғана мәлім жұмбақ «ләззатқа» бөлену, қашылдап-дірілдеу,
әрекетіне тән құбылыстардың бірі. Осындай құбылыстардың сырын діни мистикалық
ұйымдардың өздері былай деп түсіндіреді: «Бұл қасиетті рухтың адам тәніне енуі
кезінде болатын құбылыс». Осы сәтте олар өз-өздерін және қоршаған адамдарды
мүлде естен шығарады. Кейбіреулерінің көздеріне түрлі елестер елестейді, олар
дәстүрден тыс діни ағым мүшелері миына сіңірген бейнелерді – әулиелер рухын
көреміз, тілдесеміз десе, ал «Елуіншілердің» Христосты, Мария ананы, жұмақты,
тозақты, тағы басқаларын көретіндерін айтады. Бұл феномен туралы адамдардың
арасында көптеген оқиғалар тіркелген. Ондай оқиғалар күні бүгінге дейін болып
тұрады. Мәселен, «Елуіншілердің» бірде шіркеу пасторы бір сағатқа жуық уақыт
басын еденге соққылауы болған. Бір айта кетерлігі, ол ешқандай ауыр жарақат
алмаған, тіпті басының қаншалықты ауырғанын да сезбеген көрінеді. Сыртқы
күштердің ықпалына ұшырап, психикалық шабуылға ұшыраған осы тектес жайттардан
кейін адам өзін-өзі мүлде басқаша сезінетін болады. Дүниеге деген көзқарасы,
өмірлік құндылықтарға қатысты пікірлері өзгеріске түсіп, қауымның құрамдас бір
бөлігіне айналғанын өзі де байқамайды. Себебі, психикалық қауым оның жеке
индивид ретіндегі қасиеттерін, жеке идеяларын өзіне бейімдеп алады.

Мысалға, тарихқа көз жіберер болсақ, кезінде Басталияны басып алған
жандар өздерінің шығындарына көңіл бөлмеген. Сол сияқты, 1789 жылы тобыр Париж
көшелерінде адам айтқысыз жауыздықтарға барғаны белгілі.

Тобырлық, яки қауымдық әрекет қандай жағдайда көрініс табуы мүмкін? Ең
алдымен, мұндай ахуал қандай да бір қоғамда төңкеріс болғанда, әлеуметтік
өзгерістер орын алғанда бой көтереді. Мәселен, қазіргі таңда ірі қалаларда
адамдардың бірігіп қоғамдық тәртіпті бұзуы, қиратуы, тағы да басқа осы тектес
келеңсіз көріністер тобырлық әрекеттің бір мысалы.

Лимана Қойшиева,

«Дін мәселелерін зерттеу және психикалық реабилитациялау орталығы»

қоғамдық бірлестігінің психологы