«Орталық Азия музейлері: дәстүр мен жаңашылдық» атты семинар-практикум өткізілді.

«Орталық Азия музейлері: дәстүр мен жаңашылдық» атты семинар-практикум өткізілді.

«Орталық Азия музейлері: дәстүр мен жаңашылдық»  атты семинар-практикум өткізілді.
ашық дереккөзі

 

Қазақстан
Республикасының Мемлекеттік Орталық музейі ТҮРКСОЙ және ИСЕСКО халықаралық ұйымдарымен
бірлесе отырып 2013 жылдың мамыр айының 21-22-сі күндері Орталық Азия
Республикаларының  музей мамандарына
арналған «Орталық Азия музейлері: дәстүр
мен жаңашылдық»
тақырыбында семинар-практикум өткізді.

98ce9860609845a7ffbc45d4faf8aeff.JPG

Халықтың тарихы мен
мәдениетін жан-жақты зерттеу, оның материалдық және рухани мұраларын сақтау,
сондай-ақ, насихаттау – қазіргі күннің басты міндеттерінің бірі. Ұлттың
тарихи-мәдени игіліктерін сақтап, зерттеумен айналысу – іргелі мәдени-білім
институты болып саналатын музейлердің басты мақсаты. Тарихы мыңдаған жылдардан
бастау алатын, әрі өзіндік мәдени дәстүрге ие Орталық Азия халықтарының өткені
мен бүгіні –  музей экспозициялары мен
зерттеу нәтижелерінде жан-жақты көрініс табуы қажет.

Бұл ғылыми-практикалық
басқосуға Қазақстан, Өзбекстан, Қырғызстан және Тәжікстан сияқты Орталық Азия
елдері сонымен қатар, Түркия, Әзірбайжан елдеріндегі музей мамандары және
Еуропалық музейлер академиясы, халықаралық ИСЕСКО және ТҮРКСОЙ ұйымдарының өкілдері
қатысты.

434dc01164d3dee51ee555bc3f5d0316.JPG

Семинар-практикумның
тақырыптық бағыттары: музей ресурстарын басқаруды жетілдіру мәселелері: «өміршең»
консерватизм және музей менеджіментінің жаңа тәсілдері; жаңа кезеңдегі музей
маркетингі; музей – ғылыми-зерттеу институты (ғылым – музей қызметінің
тиімділігін арттырудың басты факторы); музей ісіне ақпараттық технологияны
енгізу; проблема және әдістер; музей құндылықтарын сақтау, зерттеу, және
насихаттау мәселелері (халықаралық және ұлттық-аймақтық аспектілері).

Аталмыш семинар-практикумға Абай қорық-мұражайының директоры, ф.ғ.к.,
доцент Ж.Әубәкір және  мұражайдың ғылыми
хатшысы С.Мұқатаева қатысып қайтты. 

Ж.Әубәкір «Абай мұражайы және ұлт руханияты» атты ғылыми баяндама жасап,
жиылған қауымға мұражайдың тыныс-тіршілігін бейнебаян арқылы таныстырды.

«Орталық Азия
музейлері: дәстүр мен жаңашылдық» атты семинар-практикумда музейдің ғылыми қор
жұмыстарының, экспозициялық көрме ұйымдастыру, экскурсия қызметтерінің жаңа түрлері
сияқты мәселелер талқыланды. Музей ісіндегі ғылыми зерттеулердің өзектілігі мен
музейді әлеуметтік белсенді мәдени институтқа айналдыру жолдары да сөз болды.

a0d2462fc152fef6d28d99be6107161f.JPG

Семинар-практикум
барысында жаңа кезеңдегі музейлердің дамуы мен олардың ғылыми және білім беру
саласы; музей тәжірибесіндегі интерактивті және ақпараттық технологиялар;
музейлік педагогика; музей ісіндегі менеджмент пен маркетингтің жаңа формалары
туралы мәселелер төңірегінде музей қызметкерлері пікірлермен алмасты.

Семинар-практикум – музейлер арасында тәжірибе алмасу, халықаралық кәсіби
байланысты күшейту, Орталық Азия халықтарының өзара мәдени ынтымақтастығын
дамыту, сақтау, кеңінен таратуға септігін тигізері сөзсіз.

Семинар-практикумға қатысушылар
сертификаттармен оралды.

Абай қорық-мұражайының

ғылыми хатшысы  С.Мұқатаева