ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ – ИГІ ІС

Тек оған мән беріп, үстіміздегі жылдың 31 мамырында Астана қаласында ұйымдастырылатын ІV Халықаралық «Қазақ­стан­дағы қайырым­дылық» Конференциясы «Бизнес және қайырымдылық» тақы­ры­бында өткізілмек. «Бауыржан» Қайырымдылық Қоры, халық­аралық «Алтын қыран» Қоры және «Нұр Отан» ХДП.

Мемлекеттің едәуір қол­дауына қарамастан, әлеу­меттік мәселелердің басым бөлігі жалпы қайырымдылық мәдениетінің деңгейі жоғары болғанда ғана шешімін таба алады. Қазақстанда ұжымдық әлеуметтік жауапкершілік қаншалықты дамыған? Оның жүйесі қандай болғаны дұрыс? Тиімділігі қалай өлшенуі тиіс? Осы және басқа да сауалдар ІV Халықаралық ғылыми-тәжірибелік «Қазақстандағы қайырымдылық» Конференциясы барысында талқыланады. 

«Қазақстандағы қайырым­дылық» – еліміздегі қайырым­дылық саласының даму мәсе­лелерін ой елегінен өткі­зуге, әлеуметтік саясат және қайы­рымдылық салаларындағы отандық және халықаралық мамандар мен ғалымдардың тәжірибе алмасуына арналған ең үлкен пікір алаңы. Кезекті төртінші Конференцияның тақырыбы ретінде «Бизнес және Қайырымдылық» таңдалды. 

Конференция мақсаты – жүйелі ұжымдық қайырым­дылықтың дамуына серпін беру. Конференция жұмысына ұжымдық әлеуметтік жауап­кершілік саласындағы отандық және шетелдік мамандар қатысады. Дэвид Кроутер, Джейк Хейман (Ұлыбритания), Рос­тислав Куринько (Украина), Асель Арстанбекова (Қыр­ғызстан), т.б. сарапшылар баяндама жасаумен шектелмей, отандық бизнес және үкіметтік емес ұйымдардың өкілдеріне арнап тренингтер өткізеді. Конференция барысында «Бауыржан» қайырымдылық қорының кітабының («Қайырымдылық қорын қалай ашып, сәтті қызметін қалай ұйымдастыруға болады?») тұсаукесері өтеді, сондай-ақ «Ұжымдық әлеу­меттік жауапкершілік көш­басшылары» фотоэкспозициясы және «CSR–тәжірибелер 2013: «Қазақстан үшін» көрермен назарына ұсынылады.

Юлия Анищук,

№1 Балалар үйінің тәрбиеленушісі,

№40 мектептің 11-сынып оқушысы

Алматы  

Back to top button