БАСПА ӨНІМДЕРІ – ЖӘРМЕҢКЕДЕ

БАСПА ӨНІМДЕРІ – ЖӘРМЕҢКЕДЕ

БАСПА ӨНІМДЕРІ – ЖӘРМЕҢКЕДЕ
ашық дереккөзі

Алайда, шағын ортадан жаңа мағлұматтар алып, баспа өнімдерінің аздаған түрімен шектелетін жұртшылық үшін көрме мен жәрмеңкелердің халықаралық сатыға көтерілуі ашық түндегі аспан денелерін тамашалағандағыдай әсер қалдырары даусыз.

Бүгінгі таңда халықаралық көр­ме­­лердің безендірілуінен бастап, түрлі жарнамалық кітапшалар, үнпарақтар, фирмалық плакаттар, жәрмеңкенің қайда өткізілетіні, оған қанша мемлекет өкілдері қатысып, нендей жетістіктермен келетіндігіне дейінгі мағлұматтардан хабардар болып отырасыз. Баспагерлердің ұсынатын қандай да бір өнімдері бірін-бірі қайталамайтын дизайндық үлгіде болып келеді. Жалпы жәрмекелердің бәсекелестігі де бұл орайда көзге ұрып тұрады. Келіп қатысушылар дүрмегінің көп болуы табыс көзін тасқындатып, баспа өнімдеріне деген сұранысты еселей түспек. 

Байыптап қарасақ, баспа өнімдері шексіз телегей-теңіз секілді. Сол өнімдерді маржандай тізіп, жақұттай жарқыратып көрсету баспа өнімдері жәр­меңкелерінің халықаралық тәжіри­бе­лерінде көптеп кездеседі. Сонау XV ғасырдың 1473 жылдарынан бас­тау алған баспа жәрмеңкелері жайлы бай мұраларды осындай ірі халық­аралық кітап және баспа өнімдері жәр­меңкелерінен жиі кездестіруге болады. Германияның Лейпцигі мен Франк­фуртындағы сол кездегі кітап жәр­меңкелері шағын көлемді қамтыса, бүгін­дері бұл үрдіс құрлықтарға құлаш сер­меп, қанатын кеңге жая түсуде. 

Баспа ісінің бай саласын жілік­теп өтсек, бұларға ашық хаттар, кі­тап­­шалар, күнтізбелер, мерзімдік басы­лым­дар, грампластинкалар, маркалар, пла­каттар, газет-журналдар, ноталар, тағысын-тағы толып жатқан өнімдер кіреді екен. Баспа өнімдерінің байрағын ежелден биік көтеріп келе жатқан ірі мемлекеттермен үзеңгі тірестіре алма­сақ та, ұқсап бағуға тырысып, солар сал­ған жәрмеңкелер мен көрмелердің сара жолынан сабақ алып, көрмелер кө­шіне ілестік. Бұл 2013-ші жылы 11-13-ші сәуір аралығында Алматы қала­сында өткен VII халықаралық «Ұлы Жібек Жолымен» атты кітап және полиграфия көрмесінің ауқымды ша­ра­сын ауыз толтырып айтуымызға әбден болады.

Халықаралық көрме-жәрмең­ке­лердің тәжірибелері бүгінгі күні де жалғасын тауып жатқан, маңызын жоймайтын мәнге ие сүбелі тақырып. Бүгінгі ақпараттар тасқынының аламанында байырғыдан келе жатқан баспа өнімдерін насихаттаудағы көр­мелер мен жәрмеңкелердің халық­ара­лық тәжірибелері кең қанат жайып, ауқ­ымы арта түсуде.

А.Омарова

ҚазҰУ-дың 

4 курс студенті