Жаңалықтар

Әкімнің 100 гранты

ашық дереккөзі

Әкімнің 100 гранты

Бұл туралы ЖОО қамқоршылық кеңесінің бірінші отырысында облыстық жұ­мыс­пен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бас­қар­масының бастығы Жазира Жылқышиева мәлімдеді. Жазира Жылқышие­ва­ның мәлім­деуінше, аталмыш грантта студенттің бі­лім алуымен қатар тамағы мен көлік шығыстары да қарастырылған. Облыс әкі­мінің гранты бірінші кезекте мүгедектер, жетім балалар, көпбалалы отбасылардан шыққан студенттер және оралмандарға берілмек. Қазіргі уақытта университетте аталған талаптарға сай келетін үміткерлерді іріктеу жұмыстары басталып кетті.