СЕМЕЙ ЗАМАН БЕЛЕСТЕРІНДЕ

СЕМЕЙ ЗАМАН БЕЛЕСТЕРІНДЕ

СЕМЕЙ ЗАМАН БЕЛЕСТЕРІНДЕ
ашық дереккөзі

Қала Ертіс өзенінің екі жағасына орналасқан.
Семей әдебиет пен өнер қайраткерлерінің және ғы­лым саңлақтарының отаны­ болған. Бұл қасиетті жер Ұлы Абай, кемеңгер философ Ш.Құдайбердіұлы, әлемдік әде­биет қайраткері М.Әуезов, әнші Әміре Қашаубаевтың және алаш арыстарының шы­ғар­машылық өмірімен тікелей байланысты.
Осыған орай, Семей­ қаласымен танысу мақсатында 31 мамырда ҚР Мемлекеттік ор­талық музейінде Семей қаласының облыстық тарихи өлкетану музейінің 130-жылдық мерейтойына арналған «Семей заман­ белестерінде» атты фото­көр­ме­нің ашылу салтанаты ­өтті.
Орталық музей мен Семей қаласындағы облыстық тарихи-өлкетану музейлерінің бірлесіп атқарып отырған фотокөрменің ашылу салтанатында алғашқы құттықтау сөзі ҚР Мемлекеттік орталық музейінің директорының орын­басары Қақабаев Бейбіт­қали Смағұлұлына берілді. Бей­бітқали мырза Семейден келген қонақтарға алғыс айтып, көрерменді көрмені тамашалауға шақырды.
Аталмыш көрмеде Семей қаласының таихынан мағлұмат беретін 100 экспонат қойылды. Көрмемен Семей қаласының облыстық тарихи-өлкетану музейі «Семей аймағының тарихы» бөлімінің бастығы Әлжан Ләззат Әлжанқызы таныс­тырды.
Көрсетілген көрмеде Семей­дін облыстық тарихи-өлкетану музейі қорынан алынған, XIX-XX ғасырларда түсірілген бірегей көне фотосуреттер-қала көріністері, көше, саябақ, ескерткіш, қалалықтар және өлке тарихына қатысты қызықты оқиғалар мен ғимараттар, сонымен қатар, қаланың жаңа келбеті түсірілген сан ал-уан фотосуреттер кездеседі. Олардың қатарында XIX ғасырдың соңында қаланың шет алқаптарын суретке түсірген әуесқой фотосуретші Ф.Трейеровтың жұмыстары, XX ғасырдың бас кезіндегі қала көріністері ескі Семей­дегі фотошеберхана иесі И.Дю­ков, К.Н.Могилевцев және Ф.Н.Белослюдовтардың қолы­нын шыққан фотосуреттер бар. Ал қаланың жаңа кезеңдегі келбеті В.Павлунин мен П.Михайлов түсірілімдерінде көрініс тапқан. Бұл фотосуреттер өзінің деректілігімен, тарихилығымен құнды. Суретші Р.С.Бейсекеновтың туындылары да көрмеден өз орнын тапты. Аталған көрмеде әр жылдарда шыға­рыл­ған фотоаппарат үлгілері де­ қойылған. Олардың қата­рын­да «Фотокор-1»,«ФК-13×18», «Смена 8М СССР» және т.б ескі маркадағы фото­ап­параттардың алуан үлгілері ұсынылған. Бұл жәдігерлердің басым бөлігін Семей қаласы­ның жинақтаушылары А.Хме­лев пен Е.Михайловтар тап­сыр­ған.
Көрмеге қойылған экспонаттар Семей қаласының тарихы мен өсу жолы туралы сыр шертеді: ескі қала кел­бетін, оның тұрғындарын, ескі көшелерін, көпірлерін осы күнгі жаңа көріністермен салыс­тыра отырып тама­ша­лауға мүмкіндік береді.