Жаңалықтар

Балалар күні тойланды

Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университет ұжымының балалары арасында Спорт кешенінің шахмат клубында шахматтан XIII дәстүрлі олимпиада жарысы өтті. Жарысқа 10, 12 және 14 жас аралығындағы балалар қатысты. Жалпы қатысушылардың саны – 18 баланы құрады.
 10 жасқа дейінгі балалар арасынан Абылай Ахметжан – бірінші орынға, Данияр Нукушев – екінші орынға және Элеонора Қабылбекова – үшінші орынға қол жеткізді. 12 жасқа дейінгі балалар ішінде Томирис Нұрғазы – бірініші орын, Ескендір Асанқұлов – екінші орын, Едіге Керімбаев – үшінші орын алды.
Және 14 жасқа дейінгі балалар арасында Аян Орынбай – бірінші, Азамат Асанқұлов – екінші, Маралхан Маханов– үшінші орындарға ие болды.
Бұл жарыстың бас төрешісі Анатолий Носков (спорт шебері): «Бүгінгі осы жарысқа барлық бүлдіршіндер жақсы дайындалып, жеңімпаз боламыз деп үміт артып келді. Балалар өзара бәсекелестікке қарамастан ойын өте қызықты, әрі тартысты өтті», – деді. Жеңіске қол жеткізген балалар «Парасат» кәсіподағының атынан мақтау қағаздары мен және түрлі сый-сияпатпен марапатталды.1 маусым күні – Ө.Жолдасбеков атындағы студенттер сарайында университет ұжымының балаларына арналған мерекелік концерт өткізілді. Сахнада «Улыбка» эстрада театры өз өнерлерін көрсетіп, балаларға көтеріңкі көңіл-күй сыйлады. Концерт аяқталған соң бүлдіршіндерге ұйымдастырушылар «Парасат» кәсіподағының атынан сыйлық беріліп, студенттер сарайының алдында лоторея ойнатылды. Бұл лотореяға ата-аналар концертке кіру билеттерін лототронға салып, көптеген жүлделерге ие болды. Бас жүлдені Маржан Дәулетова – планшет, Айжан Яковцук – «Табаған» кешеніне жолдама және Алтаева Тоғжан – смартфон ұтып алды. Сонымен қатар тағы да басқа балаларға сый-сияпат тарту етілді.

Back to top button