АЖАЛҒА БАС ТІККЕН АНА
АЖАЛҒА БАС ТІККЕН АНА
Ана өз баласының кінәлі емес екеніне сенімді болғанымен, бас прокурордың айтуы бойынша Азамат Аязбаевтың қылмысқа және ұрлыққа қатысы бар деген себеппен,жазасын өтеуге мерзім белгіленіп, үкім шығарылып қойған.ҚР Бас прокуроры Дауылбаев сот ісін қайта қарауға қалдырды, осы шешіммен Бағжан Аязбаева өзінің қарсылығын доғаруға келісім берді. Оны 15 метрлік биіктіктен түсіру үшін арнайы өрт сөндіру қызметкерлерін шақыруға тура келді. Медициналық сараптаулар нәтижесінде, Аязбаеваның денсаулығына төнер қауіптің жоқтығы белгілі болды яғни, ана дін аман. Бірақ сот шешімі тағы да көңілінен шықпаса, кранға қайта шығатынын ескертті. «Сот ісі әлі аяқталмады, құжаттар осыдан 1 жыл бұрын айыпты деп шешім шығарған Ақмола облыстық Жоғарғы сот үкіміне жол тартты. Бар үмітіміз енді Жоғарғы сот үкімінде, әділ шешім шығарады деген сеніміміз зор», – дейді Аязбаева ханым.