БАНКТЕР ДАҒДАРЫСТАН КЕЙІН

БАНКТЕР ДАҒДАРЫСТАН КЕЙІН

БАНКТЕР ДАҒДАРЫСТАН КЕЙІН
ашық дереккөзі

Әуелі Еуропа елдеріндегі эконо­микалық жағдай үлгі ретінде алынып, еліміздің осы банктің жүйеге қашан келетіні туралы сауал тас­тады. Жәмішев мырза «Еуропа елдеріндегі қайта қаржыландыру ставкалары Қазақстандағы жағдайға мүлде әсер ете алмайды», – деді. «Еуропаның орталық банкі Еуропа елдері үшін қайта қаржыландырудың төмен ставкасын белгілеп отырған кезде, Қазақстандағы несие неге қымбат деуге болмайды. Себебі, ең алдымен Еуропаның орталық банкі Еуропадағы жағдайды Қазақстан үшін реттеп отырған жоқ», – деді Жәмішев.

Ал отандық қаржы ұйым­да­рының жағдайына тоқталған министр «банктер дағдарыстан кейін әлі дұрыс оңала қойған жоқ» дегенді алға тартты. «Қысқаша түсіндіріп өтсем, банктердің рейтингтері төмендеп кеткен, сондықтан да қазақстандық банктер үшін кез келген қарыз қымбат», – деді ол.

Қазіргі кезде екінші деңгейлі банктердің беретін несиелерінің пайыздық қойылымы өте жоғары, бұл орта есеппен 10-15 пайыз тіпті одан көп. Соған қарамастан несие алушылар саны арту үстінде. Бұл мәселенің бірер жылда біржақты шешім табатыны күмәнді.


Талшын АХМЕТЖАН