Жаңалықтар

«ҚОРҒАС ІСІНІҢ» ЖАҢА ҚЫРЛАРЫ

ашық дереккөзі

«ҚОРҒАС ІСІНІҢ» ЖАҢА ҚЫРЛАРЫ

Мәселен, дүйсенбіде журналистермен кездескен «Алатау КРО» кеден бекетінің бұрынғы басшысы Михаил Войтовичтің адвокаты Ашурбек Ашурбеков біраз жайт­тың басын ашты. Адвокаттың айтуынша, «Қорғас ісі» бойынша айып­та­лушыларға 2011 жылы Қыл­мыс­тық кодекстен алып тас­та­лын­ған бап­та қарастырылған қылмыс айып ре­тін­де тағылуда.

«2011 жылғы қарашада еліміздің қыл­мыстық заңдылығы өзгертілген бо­латын, оның ішінде, біздің қор­ғау­ы­мыздағы азаматтардың ісі сотқа берілген 235 бап та өзгеріске ұшы­рады. Қылмыс құрамы жойылып, ізгіліктендірілді. Алдын ала бол­ған сот мәжілісінде біз заң­ды­лық­тың өзгергендігі туралы мә­лім­деме жасаған едік, бірақ істі қарау жалғасуда. Қазіргі таңда іс сотқа берілді және ол Қылмыстық код­екстің 235, 209 және басқа баптары бойынша қарастырылуда», – деді А.Ашурбеков. Сондай-ақ адвокат тергеу ба­ры­сын­­да Қылмыстық істерді жүргізу кодексі талаптарын өрескел бұзу фактілері орын алған.

Мәселен, қорғаушының айтуынша, айыпталушы ретінде жазаға тарту­ туралы қаулының біреуінде де ке­­ден­дік шекарадан алып өткен та-­уар­­­­­лардың тізімі жоқ екен. Тек халық тұтынатын тауарладың 22 атауы алып өткендігіне сілтеме жасалынған.

Сондай-ақ А.Ашурбеков тергеу барысында айғақ заттардың зерт­тел­мегені туралы да айтты.

Сонымен қатар, адвокат контра­бан­да ретінде айыпталынып отыр­ған тауарлардың 90 пайызы­ бойынша кедендік рәсімдеуге кеден­дік декларацияның мүлдем ұсы­ныл­ма­ғанын атап өтті. Ал бұл тауарларды контрабанда ретінде анықтаған қар­жы полициясы тергеушілерінің қандай құжатты басшылыққа алғаны олардың өздері ғана біледі.

Қайрат Матреков