MASTERCARD ЖАҢА ТӨЛЕМ КАРТАСЫН ҰСЫНДЫ
MASTERCARD ЖАҢА ТӨЛЕМ КАРТАСЫН ҰСЫНДЫ
Ко-брендинг СДУ Card-тың ерекшелігі оның қызметінің сан алуандығында. Оның чипінде ақпараттық және қаржылық қосымшалар бар. Сол арқылы университетте оқу мен бірқатар жұмыс процестері автоматтандырылған. «Контактсыз ақпаратты жеткізу қызметі тәлімгердің өмірін жеңілдетіп қоймай, қаржы операцияларын қауіпсіз әрі ыңғайлы етеді», – деді Қазақстандағы Mastercard өкілдігінің басшысы Геният Исин. Сонымен қатар асхана мен интернет-кафелерде PayPass арқылы төлем жасай алады.
Бұл карта арқылы университет және жатақхана, кітапханаға кіруге болады. Өйткені оның аты-жөні, тобы мен курсы, бағалары мен берешектері картада көрсетіледі. Сондай-ақ әмиянсыз төлем жасайтын мүмкіндіктері бар.
«Әзірге жаңа төлем картасы жаңа технологиялар мен инновацияларды бірден қабылдайтын студенттер аудиториясына ғана арналған. Біз оны одан әрі кең ауқымды қоғамға ұсынуды жоспарлап отырмыз», – деді Қазкоммерцбанктің директоры Андрей Тимченко. Бұл технология сауда мен қызмет көрсету орталықтарында өте ыңғайлы. Егер де тауар мен көрсетілетін қызметтің сомасы жоғары болмаған жағдайда уақыт үнемдеуге болады.
А.Бейімбет