Аусылдың беті қайтпай тұр

Аусылдың беті қайтпай тұр

Аусылдың беті  қайтпай тұр
ашық дереккөзі

Көктем келісімен ірі қараны баудай ұшырған дерттің ошағы жойылмай отыр. Жергілікті басшылар аусыл ошағын жою үшін бірнеше мың малды басы бүтін жойып жіберсе де, Қытайдан келген дерттің арыны тыйылар емес. 

Таяуда Ауыл шаруашылығы министрлігінің ветеринария қыз­метінің мамандары арнайы келіп, өңірге төтенше жағдай белгілеген болатын. Бүгінге дейін екі ауданның 2274 ірі қара малы өртелді. Аусыл ауруы үдеп тұрған Үржар, Тарбағатай аудандары, Аягөз, Бесқарағай және басқа аудандардың ветеринария қызметкерлеріне дәрі-дәрмегі, қажетті құралдары мен тіпті тоңа­зытқышы да бар көлік табысталды. 

– Аусыл ауруына тосқауыл қойып жатырмыз. Бұл сырқат көрші Қытайдан келгені анық­талды. Шекарадан өткен­­дер тексеріледі. Жақын ара­­да Ресейден дизенфекция, бас­қа да ветеринарлық қыз­мет түрлерін мүлтіксіз атқа­ра­тын автокөліктерді ал­мақ­пыз, – деді брифингте облыс­тық ауыл шаруашылығы бас­­­қар­­­масының бастығы Д.Селиханов.