“Елім-ай”-лап өткен ер

Өйткені, ол қазақ халқының дербес, біртұтас, ынтымақты ел болуын жырлаған және осы қадамдарға қол жеткізетін амалдарды да атап, соны іске асыруға шақырған дуалы ауыз шешен, қол бастаған көсем еді. Табиғи дарынына қоса ол Бұхара мен Самарқанда оқып, үлкен ілім алып, бірнеше тілді меңгеріп, ақыл-парасатын арттырған мол білімді, терең ойлы тұлға болды. Жыраудың ең үлкен туындысы «Елім-ай» дастанында төл шежіреміздің жат жұрттық зерттеушілердің жазбалары мен ақын-жазушыларымыздың шығармашылық қиялының арқасында ғана белгілі болып, айтылып жүрген тарихи оқиғалары көз көрген адамның аузымен баяндалып, тарихи шындыққа көз жеткізеді. Халқымыздың аса көрнекті ғалымы, тарих ғылымынан тұңғыш рет докторлық диссертация қорғаған Ермұхан Бекмаханов бұл дастан туралы: «Қожаберген ақынның «Елім-ай» дастаны тарихи эпопеялық жыр. Әрі сол «Елім-ай» ерлік хиссасының бірінші бөлімі – 1723 жылы «Ақтабан шұбырынды – Алқакөл сұлама» атанған ірі апаттың суретін ел көзіне елестеткен бірден-бір тарихи құжат» деп баға берген.  

Сонымен бірге шығарма дәл сол кезде жазылғандықтан оның өне бойы азаттық күреске шақырған ұрандар мен намысты жанитын үндеулерге толы. «Кеудеңде шыбын жаның болса егер Жоғалтпа жер бетінен қазақ атын» деп бір жырласа, «Би мен бек бір-біріңді сынамаңдар, Дауласып ел арасын былғамаңдар!» деген тәрізді ұрандар көтереді. Осы күнгі кейбір әдебиетшілеріміз Қожаберген жырау еңбектерінің көркемдік жағының солғындығына көбірек көңіл бөліп, оның тарихи деректілік маңызына назар аудармайды. Тасқа басылып, өзгермей жеткізетін нұсқаны жасауға ол кезде мүмкіндік болмағандықтан, әркімнің есте қалғандарынан жинап, халық аузынан жазылып алынған дүние болғандықтан оның көркемдігіне мін тағу, әрине оңай. Кейбір жолдарының ұйқасы мен поэтикалық қуаты әлсіз екендігі тіпті маман емес адамның да көзіне ұрып тұратыны шындық. Бірақ, қайталап айтайын,  тарихи оқиғаларды көз көрген ретінде деректі түрде жеткізуінен мін табу қиын. Шын мәнінде жыраудың «Елім-ай» дастаны қазақ тарихының 200 жылдық жоңғармен жаугершілік заманындағы үлкен шежіресі іспеттес туынды. Академик Манаш Қозыбаев дастан туралы: «Оны тек дастан деу аз сияқты. Оның арнасы кең. Онда ұлттың болу-болмауы, Отан тағдыры қамтылған. Бір ғасырлық тарихты саралап, ұлттың сан ғасырлық салт-санасын, мемлекет билеу жүйесін бағалап, жүздеген мемлекет, әскери, саяси қайраткерлерін жеке-жеке даралап, дүбірлеген оқиғалар болған жерді аралап жазылған ұлы эпопеялық туынды. «Елім-ай» шын мәнінде ұлттық сананың биік шыңы, ұлттық сергелдеңге душар болғандағы мұңы…» деп жазған еді. «Елім-айда» Қожаберген жырау батыр, ордабасы ретінде өзінің және басқа да сардарлардың Алты Алаштың баласы мекен еткен үлкен территорияның барлық пұшпағын сыртқы жаудан қорғаған ерлігін баяндаған, тұтастығын жырлаған. Оның жырлары мен сөздері ресми идеологияның, қолдан жасалған ресми тарихтың ұсқынын әшкерелеп береді. Егер ресми тарих қазақты Алты Алаштың басқа халықтарына біріктірмей, алалап, ынтымақтасуынан сақтанып, олармен жауыққаны шағын ғана баяндаса, Қожаберген қазақ, қарақалпақ, татар, естек, ноғай, шор, тұба, саха және т.б. халықтардың қалмаққа қарсы бірге күрескенін жеткізеді. Сондай-ақ, саясат «орыс империясы Қазақстанға қорғандар мен бекіністерді отарлау үшін емес, қазақты жоңғарлардан қорғау үшін салды» – десе Қожаберген керісінше, Ақ патшаның жоңғарлардың шапқыншылығын қолдап, оларға қару да сатып, қазақтарды, татарларды қыра түсуіне мүмкіндік бергенін айтады. Ал қазаққа патша от қару, күкірт сатуды арнайы жарлығымен қатаң тыйған. «Әз Тәуке болса-дағы достыққа ынтық, Сатпады Ресей, Қытай бізге мылтық» дейді жырау. Демек, империяның «жоңғар қазақты қыра берсін, босаған жерін артынан біз басып аламыз» деген ойы бар екенін жырау жырларынан көрініп тұр. Жоңғар шапқынынан шегініп, ата-қоныстарынан ауа босқан қазақ жерлерін орыс империясы басыбайлы иелену мақсатымен қорғандар мен қамалдар сала бастағаны туралы ол: 

Жұртымның жағдайына болып қанық,

Байлаулы қазақ қолын пайдаланып,

Иесіз қалған жерге күрке тігіп,

Орыстар масайрады қамал салып… – дейді. 

Демек, айлакерлікпен жасалған басқыншылықты әшкерелеп тұрған Қожабергеннің жырларын, оның есімін кейін негізінен Ресей империясының колониалдық саясатын ақтап, оны жақтауға барлық күшін салған Кеңес өкіметінің идеологиясы да ауызға алдырмай келді. Бұл туралы Саяси бюроның арнайы директивасы да болған. 1932 жылы большевиктер партиясының орталық комитеті «О перестройке литературно-художественной деятельности» деген қаулы қабылдап, онда жазушыларды кеңес өкіметі платформасын, социалистік құрылысты ғана жақтап шығармалар жазуға, ал ұлттық батырлар мен азаттық үшін күрескендерді ауызға алмауға міндеттеді. Осы кезден бастап тарихтағы ащы шындықты баяндаған, орыс империясының басқыншылық саясатын әшкерелеген халық аузындағы шығармалар ауызға алынбайтын болған. Жағдай осындай болған соң Қожабергеннің жерлестері Сәбит Мұқанов, Ғабит Мүсіреповтер де оны өз шығармаларында атамағаны хақ. Ал одан бергі тарихтағы талай правительдерді атайтын себебі: олар орысқа қарсы шыққан жоқ, керісінше Ресей империясына қызмет етіп шен алған, азаттық үшін күрескендерге қарсы жандар. Сондықтан үстем таптың өкілі ретінде оны жағымсыз етіп баяндаса да қос жазушы өз шығармаларында ол туралы айтқан. 

Одан берірек, басқаша ойлау мен ой еркіндігіне барынша тұсау салып, тек кеңестік ресми идеологияны ғана жақтау шараларын өрістеткен 1946 жылғы 14 тамыздағы Орталық комитеттің «Звезда» және «Ленинград» журналдары» туралы қаулысы бойынша патша өкіметіне қарсы шыққан ерліктері халық жадынан өшпегендіктен ғана оқулықтарға енгізіліп, ерліктері айтылып келген бертінгі ұлттық батырлардың есімдерін ауызға алуға мүлде тыйым салынды. Соның ішінде колониалдық езгіге қарсы он жыл бойы талмай күрескен Кенесары Қасымовты да ғылыми айналыстан шығартып, мектеп оқулықтарынан алдыртып тастады. Ол туралы ғылыми еңбек жазған ғалымдар, соның ішінде Ермұхан Бекмахановтың да қуғындалғанын білесіздер.

Жоғарыда мен Қожаберген шығар­маларын халық аузынан жиналғанын айттым. Оның үстіне бұл жырау еңбектерін жетік білетін адамдардың азайған шағында басталған іс болған соң оның бізге жеткен бүгінгі жырларының көркемдік сапасына айтып берген және жазып алған адамдар да жауапты екені сөзсіз. Қожаберген шығармаларын сынайтын кейбір зерт­теушілер жыраудың еңбегі негізінен солтүстікқазақстандық жерлестерінің аузынан жазылып алынғанына қарап, оның растығына күдік келтіреді. Жырау еңбектері кезінде Қазақстанның барлық жеріне де белгілі болған. Мәселен, Кіші жүзде он екі ата Байұлының Назар есімді елге белгілі қолбасшысы болған. Осы Назармен Қожаберген жақсы қарым-қатынаста болады. 1723 жылғы «Ақтабан шұбырынды, алқакөл сұламаның» тұсында Қожаберген Кіші жүздің қызы Айша бәйбішесімен осы Назар ауылына қонаққа келеді. Осы арада басталған қанды қырғынды естіп, өзінің «Елім-ай» дастанын шығарған екен. Бұл әңгімені белгілі жазушы Бектұр Төлеуғалиев Назардың ұрпағы Айтқұл Шманұлынан 1955 жылы жазып алыпты. Демек, Қожаберген жырлары мен сөздері жалғыз Солтүстіктің еншісі емес, иісі қазақ даласына кең тараған тарихи мұра. Ал «Елім-ай» дастанындағы бір факт туралы жоғарыда аталған белгілі тарихшы Ермұхан Бекмаханов: «Қожаберген жырау «Елім-ай» дастанында «Алқакөл сұлама емес, Алакөл сұлама» дейді. Шындығында да солай, сол апатты жылда қазақ халқының қырылуының бір шеті Алакөлден басталғаны рас. Ал Алқакөлді ешкім білмейді, осы көлдің аты жаңсақ айтылып кеткен сияқты» деген пікірді қырқыншы жылдары айтқан екен.

Қожаберген бабамыздың өмірінен ғибрат аларлық тағы бір үлкен тәлім бар. Бабамыз халық санын көбейтіп, ел қорғайтын ерлер санын арттыруға үлкен мән беріп отырған сияқты. Өз әкесі Толыбай сыншыдан 24 ұл туған болса, Қожаберген бабамыз аттан түспей, үнемі ел қорғап, жау қуып жүрген аласапыран уақытта өмір сүргеніне қарамай-ақ 17 ұлды-қызды болған. Шежіре оның Айша есімді бір әйелі болғанын айтады. Бір әйелден осынша ұлды болу оңай емес. Бірақ жорықтарда қаза болған кейбір қанды-көйлек жолдастарының, тума-тумаластарының, тіпті жаудан тұтқынға түскен сәбилерді де батырлар жетімсіретпей, бауырына басқаны айқын және әрбір сәбиге қуанып, ұлан-асыр той жасап, олардың өмірінің жарқын болуын тілеген. Осының өзі оның халық санын арттырудың маңыздылығын түсіне отырып, бұл іске өзі үлгі көрсетіп отырғандығын көрсетеді. Мұндай мысалдар бабалар тарихында жиі болған. Мысалы, Танаш биден 15 бала туады. Танаш бидің баласы Балта батыр әртүрлі мұсылман елдерінен 11 сұлу қызға неке қиып, үйленген екен. Солардан ол 47 ұл көріпті. Бұлардан тараған ұрпақ – Балта Керей деп аталған. Көшебеден тараған 15 бала, Ораз батырдан 17 ұл, Таузардың үлкен ұлы Дәулен баһадүрден 15 бала, оның ішінде шешен, би, әскербасы Толыбай сыншы да бар. Шақшақ биден 16 бала дүниеге келген. 

Қожабергеннің әйелі Айша Кіші жүз он екі ата байұлы – Есентемірдің Қабылан биінің қызы екен. Толыбай сыншының әкесі Дәулен батыр да Кіші жүз ішінде Төртқара руынан шыққан Жалаңтөс Баһадүрдің туған апасы Жамалға үйленген. Сондықтан да болар өзінің 24 ұлының 19-ын Самарқанд, Үргеніш, Бұхара қалаларының іргелі оқу орындарына жіберіп, нағашылары Жалаңтөс, Ақшахандардың қамқорлығымен оқытып, сол дәуірдің ең білімді адамдары етіп тәрбиелеген.

Иә, «асыл – асылға, нәсіл – нәсілге» деген әңгіме де тегін айтылмаған болар. Ұлы бабалардың текті ортадан, ұлылардың тәрбиелі ұрпақтарына құда түсіп, айттырып, келін түсіруі де халқымыздың санасына сіңген, ғасырлардан жалғасып келе жатқан игі дәстүр. Сондай-ақ атам қазақ жетімі мен жесірін жылатпау, демографиялық өсімді қамтамасыз ету үшін «әмеңгерлік», «он үште отау иесі» салттарын да даналықпен ойлап тапқан. Қазақтың осы игі дәстүрлері ел ішінде кеңінен тараған. Мысалы Өзбек ханға ақылшы болған Танаш би Фархадұлының Манас есімді інісі майданда қаза болып, оның келіншегі Сәлиман жесір қалады. Ақылды бәйбіше Айша ұрпақ көбейту мақсатымен қайнысының әйелі Сәлиманды өз ақсақалы Танаш биге қосады. Сонда кең пейілді бәйбіше биге өзі ұл туып бере алмағандықтан емес, өзі 14 ұл туса да Сәлиман да Танаш сияқты батыр бидің ұрпағын молықтыра түссін деген ойда болған. Бұл сияқты халық дәстүріне байланысты мысалдарды бабалар тарихынан көптеп кездестіруге болады.                    

Сонымен бірге бүгін, осынау алқалы жиында «Қаратаудың басынан көш келеді, Көшкен сайын бір тайлақ бос келеді. Қарындастан айрылған жаман екен, Қара көзге мөлтілдеп жас келеді» деп басталып, қазақ баласының басына түскен ауыр халды, аянышты кепті баяндайтын мұңлы зар  – «Елім-ай» әніне тоқталғым келіп отыр. Ол 300 жыл бойы жүрегімізді қан жылатып, зар гимні сияқты болып, сол заманды көзімізге дәл бүгінгідей елестетіп, ұмыттырмай жеткізді. Бұл әннің құдіреттілігі – әрбір екі жолынан кейін айтушыны зар-еңіреткен «Елім-ай, Елім-ай» деген сөздерінде ғана емес, төменнен басталып, ішкі нала мен мұңның, қайғының құдіретінен жоғарыға қарай аңырай көтерілетін сазының айрықшалығында. Осының өзі оның сөзі мен әнін де бір адамның жазғаны және қатардағы адам емес, ой-өрісі биік, жалпы елдің қамын ойлайтын, ұлттың ұланғайыр қайғысын жан-дүниесімен терең сезініп, жүрегі қан жылаған жанның шығармасы екендігін айқындап тұр. Егер ол отбасы, ошақ қасында отырған әйелдің немесе алқынған ақын жүректі қарапайым адамның шығарған әні болса, бүкіл елді қамтымай, қайғы ауқымын тарылтып, диапазонын кішірейткен болар еді. «Қарындастан айрылған» дегендегі «қарындас» сөзі де бүгінгі күні жасы кіші қыздарға қолданылатын мағынада емес, бір қарыннан шыққан барлық бауырға, яғни тұтас елге қарата айтылған мәнде екені даусыз. Енді осы әннің Қожаберген жыраудың «Елім-ай» дастанымен бір мезгілде шыққанына, бір мақсатты, бір  мұңды  арқалағанына назар аударыңыз. 

Қазақ халқының дәстүрінде ежелден біреудің сөзін біреу «өзімдікі» деп меншіктеп пайдаланбайды. Ал біреудің сөзін қолданса авторын міндетті түрде атап отырған. Мәселен, «бұл Абайдың сөзі» немесе  «Бұхар жырау былай депті», «Ақтамбердіде мынадай сөздер бар» деген сияқты анықтамаларды бірге қосып отырады. Өз сөздері болмаса Қожаберген, дәстүр бойынша, олардың авторын көрсетсе керек еді. Демек олар жыраудың өз сөздері. Сонымен қатар жыраудың «Елім-ай» дастаны мен әнде біршама сөздер өзгеріссіз қайталанады. Мысалы «Елім-ай» дастанында:

«Бұл заман болды елге қиын заман,

Шіріткен талай елдің миын заман. 

Шұбырғанда ізіңнен шаң борайды, 

Қағынды қазақ үшін биыл заман» – деген сөздер бар. 

Ал құдіретті әнде: 

«Мына заман қай заман, қысқан  заман,

Басымыздан бақ, дәулет ұшқан заман.

Шұбырғанда ізіңнен шаң борайды,

Қаңтардағы қар жауған қыстан жаман» деген жолдар бар. Демек екеуі де бір адамның аузынан «аһ» ұрып шыққан күйініш сөзі екені көрініп тұр. Оның үстіне Қожабергеннің ақын, жырау ғана емес, күйші, әнші екендігі де белгілі. Осы «Елім-ай» дас­танын шығарғанда оның: 

«Жұртымнан неге аяйын өнерімді, 

Жоғалтпан тірі жүріп бедерімді. 

Халқымның ауыр халін баян етіп, 

Бастайын «Елім-ай» деп өлеңімді.

Айтылар көптің мұңы болса жиын,

Ондайда ер сөзіне болар түйін. 

Шығарған осы жырмен қоса қабат,

Аталсын «Елім-ай» деп ән мен күйім», – деген сөздері де бар. 

Бірақ осыған қарамай, әлі күнге кейбір өнертанушыларымыз, бас­пагерлер, әншілер «Елім-ай» әнін «халық әні» деп айтып жүр. Кез келген «халық әнінің» нақты авторы болады. Халық өздігінен бірлесіп, ән шығармайтыны белгілі жәйт. Жалпы, қазақ халқында бірлесіп ән шығару деген дәстүр мүлде болмаған. Осы уақытқа дейін бұл әннің Қожабергеннен басқа авторы да аталған емес. Ендеше, осы алқалы жиында, бәріміз бірауыздан «Елім-ай» әнін ендігі жерде Қожабергеннің өзіне қайтарып, жатпай: «авторы Қожаберген жырау» деп айтуға пәтуаласайықшы. Бұл да бір тарихи әділеттілік болар еді деп ойлаймын. Халқымыздың ауызбіршілігі мен ынтымақты болуын ойлайтын ақсақалдар ұйымының өкілі ретінде осыны сіздерден өтінемін. Философ ақын Мәшһүр Жүсіп Көпейұлының «Даналарға» атты өлеңіндегі мына жолдарды да ұмытпайық:

Қолбасы ақын – жырау һәм елші – би,

Шығарған «Елім-айдай» тамаша күй.

«Елім-ай» әніменен жырын тағы

Шығарған Қожаберген бабаңды сүй.

Сөзімнің соңында, біздің осынау ұланғайыр жерге ие болып, тарих сахнасынан жоңғарлар сияқты жойылып кетпей, аман қалғанымыз – осы Қожаберген жырау Толыбайұлы сияқты ерлеріміздің арқасында екенін ұмытпай, олардың жарқын есімдерін ұрпақтарымызға жарқырата жеткізе беру парызымыз екенін әрқашан ұмытпайық дегім келеді. Өздерінің осынау парызын азаматтықпен атқарып жүрген Социал Жұмабаев, Бекет Тұрғараев, Сабыр Қасымов, Абай Тасболатов, Дихан Қамзабеков және т.б. азаматтарға ризашылығымды білдіремін.    

   

Редакция таңдауы

125 жыл бұрын төртем тапқан қазақ әйелі

Адам баласының ең басты парызы − дүниеге ұрпақ әкелу. Өйткені адамзаттың тіршілігі солай жалғасады. Осы орайда, қазақ халқының «Байлық − қолда еріген мұз, бала...

Түрікменстаннан 153 қандасымыз Қазақстанға көшіп келді

ҚР Сыртқы істер министрлігі мен Қазақстанның Түрікменстандағы Елшілігінің ұйымдастыруымен Түрікменстандағы қандастарымыз атамекен Қазақстанға көшіп келді. Мемлекеттік органдар құжат, көлік мәселелір шешіп, барлығы 153 азаматты,...

Қырғыздар Мұқағалиға құрмет көрсетті

22 ақпанда Бішкекте, Алықұл Осмонов атындағы ­­Қырғыз Республикасы Ұлттық кітапханасын­дағы Абай атындағы қырғыз-қазақ мәдени орталы­ғында Мұқағали Мақатаевтың 90 жыл­дығына арналған «Ең бірінші бақытым –...

Депутаттарды қайта оқыту неге керек?

Ұлттық экономика министрі Әсет Ерғалиев Мәжіліс отырысында «Қазақ­стан Республикасының кейбір заң­на­малық актілеріне аудандық, қалалық жә­не ауылдық билік деңгейлерінің дер­бестігі мен жауапкершілігін кеңейту мә­селелері бойынша...
1d4a5aa18a1545a5bbd507fa16424f2f

21 миллион VPN қолданушысының жеке дерегі сатылымға шықты

Android операциялық жүйесіне арналған тегін VPN қызметтерінің 21 миллион қолданушысының жеке деректері...
773x435 cmsv2 7899d14b c138 5822 b480 a3f31d86f1a3 5420794

Францияның экс-президенті үш жылға бас бостандығынан айырылды

Францияның экс-президенті Николя Саркози үш жылға бас бостандығынан айырылды, оның ішінде бір...
itogi2

Еуроодақ Ресейге қарсы санкцияны мақұлдады

Еуроодаққа мүше 27 елдің елшілері ресейлік оппозиционер Алексей Навальныйға байланысты Ресейге қарсы...

Жаңалықтар

21 миллион VPN қолданушысының жеке дерегі сатылымға шықты

Android операциялық жүйесіне арналған тегін VPN қызметтерінің 21 миллион қолданушысының жеке деректері Желіде сатылымға шықты, - деп хабарлайды Сyber News сайтына сілтеме жасап. Танымал хакерлік форумның...

Францияның экс-президенті үш жылға бас бостандығынан айырылды

Францияның экс-президенті Николя Саркози үш жылға бас бостандығынан айырылды, оның ішінде бір жыл нақты қамауда болады. Сот оны сыбайлас жемқорлыққа қатысы бар деп тапты.

Еуроодақ Ресейге қарсы санкцияны мақұлдады

Еуроодаққа мүше 27 елдің елшілері ресейлік оппозиционер Алексей Навальныйға байланысты Ресейге қарсы санкцияны мақұлдады, деп хабарлайды Inbusiness.kz порталы РИА Новости агенттігіне сілтеме жасап. Агенттіктің...

БҒМ 1 наурыздан бастап мектептерде сабақ қалай өтетінін түсіндірді

Білім және ғылым вице-министрі Шолпан Каринова 1 наурыздан бастап мектептердегі рұқсат етілген аралас форматта оқыту барысын түсіндірді. Вице-министр Facebook-тегі парақшасында 1 наурыздан бастап Қазақстан Республикасының...

Алматыда коронавируспен күрескен дәрігерлердің құрметіне ескерткіш қойылады

Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаев Instagram парақшасында бұл ескерткіш медицина қызметкерлеріне деген алғыстың символына айналатынын атап өтті. «Бүгін Алматының медицина мен жазушылар қауымдастығының өкілдерімен дәрігерлерге арналған...

Пандемия: кәсіпкерлер үшін салықты есептеу жеңілдетілді

Қазақстандық кәсіпкерлер үшін салықты есептеу жеңілдетілді және кейбір төлемдер алынып тасталды. Пандемиядан зардап шеккен секторларда жұмыс істейтін кәсіпкерлер үшін жаңа бөлшек салықтың арнаулы салық режимі...

Түркістан өңірінде 100-ге жуық белсенді «Nur Otan» партиясы қатарына қабылданды

Бүгін Түркістанда 1 наурыз – Партия күніне орай, бірқатар азаматты «Nur Otan» партиясына қабылдау іс-шарасы өтті. Жиында «Nur Otan» партиясы Түркістан облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Бейсен...

Алматыда ойын-сауық орталығында ата-аналар төбелесті

Әлеуметтік желіде Алматыдағы сауда орталықтарының бірінде болған төбелестің видеосы тарады. Полиция департаменті оқиғаға қатысты түсініктеме берді. Видео кадрларынан төбелестің балалар ойын алаңында болғанын байқауға болады....

Наурыз айында күн райы қандай болады?

Еліміздің көптеген аймақтарында күнтізбелік көктем белгіленген мерзімде келеді. Бұл туралы «Қазгидромет» орталығы мәлімдеді.  Консультативтік болжамға сәйкес 2021 жылғы наурызда Қазақстан Республикасының басым бөлігінде циклондардың өтуімен және...

Таразда Алғыс айту күніне орай 1000 түп ағаш көшеті отырғызылды

Алғыс айту күніне орай былтыр ғана облыс орталығында бой көтерген «Қазақ халқына мың алғыс» монументінің маңында мерекелік шаралар ұйымдастырылды. Онда қалалық зиялы қауым өкілдері,...

Қызылордада үйі өртеніп, нәрестесі қаза болған отбасыға баспана берілді

Қызылордада үйі өртеніп, нәрестесі қаза болған Текебаевтар отбасына жаңа баспана берілді. Oқиға биыл 18 ақпанында облыс орталығындағы Әл-Фараби мөлтек ауданында орын алды. Оқиға орнына шұғыл жеткен...

Алматыда КамАЗ көлігі жер астына түсіп кетті

Алматыда КамАЗ жүк көлігі жер астына түсіп кетті. Оқиғаның видеосын куәгерлер таратты, ал дәрігерлер көлік жүргізушісі жарақат алғанын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz. Әлеуметтік желілерде...

Наурызбай қажы ТАҒАНҰЛЫ. Адамға алғыс айтқанымыз – Аллаға шүкір еткеніміз

Аса қамқор, ерекше мейірімді Алланың атымен бастаймын! Аллаға мадақ, пайғамбарға салауаттар болсын! Елімізде шуақты көктемнің алғашқы күні алғыс айту мерекесімен басталады. Баршаңызды бірлік пен мейірімге...

Асқар Мамин «Роскосмос» басшысы Дмитрий Рогозинмен кездесті

Премьер-Министр Асқар Мамин «Роскосмос» ғарыш қызметі жөніндегі мемлекеттік корпорациясының бас директоры Дмитрий Рогозинді қабылдады, – деп хабарлады primeminister. Тараптар ғарыш саласындағы Қазақстан – Ресей ынтымақтастығының...

«Nur Otan» партиясының жанынан 9 жаңа қоғамдық кеңес құрылады

Осылайша, олардың жалпы саны 14-ке жетті, – деп хабарлады партияның баспасөз қызметі. «Nur Otan» партиясының Лидері, Елбасы Н.Назарбаевтың партияның «Өзгерістер жолы: Әр азаматқа лайықты өмір!»...

Талдықорған қаласына жаңа әкім тағайындалды

Алматы облысы әкімінің өкімімен Жасыбаев Ержан Бәкірбайұлы Талдықорған қаласының әкімі болып тағайындалды. Бұл туралы Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметі хабарлады. Ержан Бәкірбайұлы Жасыбаев 1965 жылы...

Белгілі әнші Индира Еділбаева «Nur Otan» партиясын таңдады

«Nur Otan»-ның құрылғанына 22 жыл толуына орай, партияның Алматы қалалық филиалы белсенді және жігерлі алматылықтармен толықты. Партияның жаңа өкілдері қатарында денсаулық сақтау, мәдениет және...

Әуе компанияларының табысы 41% азайды

Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі әуе компанияларының жылдық табысы 41% төмендегенін, ал жолаушылар тасымалы қызметі 6 пайызға арзандағанын хабарлады. Биыл қаңтарда еліміздің әуе компанияларының кірісі...

Белгілі журналистің еміне қаржы жиналуда

Бүгін «Қазақстан» телерадиокорпорациясы «Мың алғыс» қайырымдылық телемарафонын өткізеді. Шараның негізгі мақсаты – көмекке мұқтаж жандарға көпшіліктің атсалысуымен қолұшын созу, мейірімділікті, қайырымдылықты насихаттау, қайырымды жандарға алғыс...

Атырау дәрігерлері Алғыс айту күніне орай челлендж бастады

«Мерекелік шараға өңірдегі 35 медициналық ұйымның қызметкерлері қатысты»,-деп хабарлайды Атырау облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі. «Туған елге мың алғыс!» челленджі өңірде бір апта бұрын...

Дәрігерлердің жалақысы 561 мың теңгеге жетеді – министр

Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой 2023 жылы дәрігерлердің жалақысы 561 мың теңгеге жететінін айтты. Ведомство басшысы Президенттің биылдан бастап дәрігерлердің жалақысын кезең-кезеңімен көтеру міндетін қойғанын...

Әлем тұрғындарының қанша пайызында коронавирусқа қарсы антидене бар екені анықталды

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының бас ғылыми қызметкері Сумия Сваминатан Жер бетіндегі тұрғындардың қанша пайызында коронавирусқа қарсы антидене бар екенін айтты, деп хабарлайды РИА Новости.  Ұйым...

Әлемдік ақпарат кеңістігіндегі Қазақстан имиджі

Ақпарат кеңістігінде мемлекеттің имиджі мен медиаобразын жасау – дамушы елдердің алдында тұрған күрделі міндеттердің бірі. Қазақстан тәуелсіздік алған 30 жыл ішінде дүние жүзінің алпауыт...

Қазақстанда мерзімді әскери қызметке шақыру басталды

Осы көктемде 13 500-ден астам 18-27 жас аралығындағы мерзімді қызметтегі әскери қызметші ел Қарулы Күштерінің, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарының қатарын толықтырады. Қорғаныс ведомствосы...

ҚазҰУ ректоры француз ғалымдарына бірлескен археологиялық зерттеулер жасауды ұсынды

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ ректоры Жансейт Түймебаев Қазақстандағы Франция Республикасының Төтенше және Өкілетті елшісі Дидье Канеспен кездесіп, ғылым-білім  және мәдени бағыттар бойынша өзара ынтымақтастықты тереңдету...

Ресейдің ең бай депутаты қамауға алынды

Ресейдің Сахалин облыстық Думасының миллиардер депутаты Дмитрий Пашов қамауға алынды, деп хабарлайды РИА Новости.  Сот оған екі ай мерзімге қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасын қолдану...

«Борат 2» ең үздік комедия ретінде «Алтын глобус» лауреаты атанды

Лос-Анджелес пен Нью-Йоркте кино және теледидар саласындағы "Алтын глобус" сыйлығының 78-ші марапаттау рәсімі өтті. Коронавирус пандемиясына байланысты марапаттау тарихта алғаш рет виртуалды форматта өтті.  Ең...

Түркістандағы қайғылы оқиғаға қатысты алғашқы мәліметтер жарияланды

Түркістан қаласында орын алған қайғылы жағдайдың себебін анықтау үшін құзырлы органдардан құрылған топ болған жайтты жан-жақты тексеріп жатыр. Орын алған оқиғаның мән-жайын анықтаумен айналысатын...

15 жыл бойы қос азаматтығын жасырып келген павлодарлық жазаланды

Қос азаматтығын жасырып келген Павлодар облысы Железинка ауданының тұрғыны айыппұл арқалады, деп хабарлайды Pavlodarnews.kz. Аудандық соттың баспасөз қызметінің мәліметінше, Железинка аудандық полиция бөлімінің көші-қон қызметінің...

Бұл – қазақ халқының шексіз дархандығының жарқын үлгісі.

Джамалайл ЭЛИМХАНОВ, «Емир-Ойл» ЖШС басқарма басшысы: Қазақстан Тәуелсіздік алған сәттен бастап Тұңғыш Президентіміз Н.Назарбаев әрбір азаматтың өз Отанында қауіпсіз және жарқын өмір сүруі үшін және...

COVID-19: Елорда «сары» аймаққа енді

ҚР Үкіметі жанындағы Қазақстанда коронавирустың таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссия 2021 жылдың 1 наурызы күнгі қазақстан амақтарындағы эпидемиялық жағдайды бағалау матрициасын жариялады. Бұл туралы...

Бүгін «Nur Otan» партиясының құрылғанына 22 жыл толды

Бүгін «Nur Otan» партиясының құрылғанына 22 жыл толды. Партияның құрылуы мен қалыптасу тарихы Тұңғыш Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың есімімен тығыз байланысты. 1998 жылғы 21 қазанда Қазақстан...

ҚР еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің жаңа орынбасары тағайындалды

ҚР Үкіметінің қаулысымен Ержан Ерікұлы Біржанов ҚР еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі қызметіне тағайындалды. Бұл туралы ҚР Премьер-Министрінің баспасөз қызметі хабарлады. Ержан Біржанов 1979 жылы Солтүстік...

Алматы түрмесінен қашқан сотталушы Ақтөбеде ұсталды

Алматыдағы бас бостандығынан айыру орындарының бірінен қашып шыққан адам Ақтөбеде қолға түсті, деп хабарлайды ҚР Ішкі істер министрлігі Қылмыстық атқару жүйесі комитетінің баспасөз қызметі. «Алматы...

«Nur Otan» қатары жаңа мүшелермен толықты

Партияның 22 жылдық мерейтойы қарсаңында «Nur Otan» облыстық филиалында салтанатты түрде партия билеттері табыс етілді. Партияның аймақтық филиалының төрағасы, облыс әкімі Әбілқайыр Сқақов партия...

«Тұмар-2021» ұлттық телевизиялық байқауына өтінімдер қабылдау басталды

Бүгіннен бастап tvtumar.kz сайтында «Тұмар-2021» ұлттық сыйлығын алуға өтінімдер қабылдау басталды. Сыйлыққа 2020 жылы қазақстандық телеарналардың эфиріне шыққан телевизиялық жобалар қатыса алады. Өтінімдерді республикалық және...

Америкалық телеарна Трамптың саяси жоспарларын ашты

АҚШ-тың бұрынғы президенті Дональд Трамп елде жаңа партия құру мүмкіндігін қарастырмайтынын жариялайды. Оның саяси жоспарларын американдық Fox News телеарнасы ашты. "Біз жаңа партиялар құрмаймыз және...

Президент: Біртұтас және еңбекқор ұлт болсақ, көздеген мақсаттарымызға жетеміз

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың қазақстандықтарды Алғыс айту күнімен құттықтады. «Құрметті отандастар! Сіздерді Алғыс айту күнімен шын жүректен құттықтаймын! Елбасы 2015 жылы Қазақстан халқы Ассамблеясының сессиясында жариялаған осы...

Ақтауда жәндіктерді уламақ болған әйел көршісі мен оның 10 айлық сәбиін өлтірді

Пәтердегі жәндіктерді уламақ болған Ақтау тұрғыны көршісі мен оның 10 айлық сәбиін өлтіріп қойды. Бұл туралы Қоғамдық коммуникациялар орталығына сілтеме жасап Lada.kz хабарлады.  Зарарсыздандыру құралынан...

Елбасы қазақстандықтарды Алғыс айту күнімен құттықтады

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев қазақстандықтарды Алғыс айту күнімен құттықтады, деп хабарлайды Elbasy.kz. Қымбатты отандастар! Алғыс айту күні Қазақстан халқының бірлігін паш етеді,...

2020 жылдың ең танымал құпиясөздері анықталды

2020 жылы қандай құпиясөздер жиі қолданылды? Бұл сауалға DLBI деректер ағынын барлау қызметін жасаған зерттеуге сілтеме жасай отырып "Известия" басылымы жауап берді.  Рейтинг көшбасшысы тағы...

Жел, көктайғақ: Еліміздің 9 өңірінде ескерту жарияланды

1 наурызда елорда мен 8 өңірде ауа райына байланысты ескерту жарияланды, деп хабарлайды "Қазгидромет". 1 наурызда Нұр-Сұлтан қаласында жел, көктайғақ болады. Оңтүстік - батыстан соққан...

1 наурыз: Атаулы күндер мен оқиғалар

Бүгін – елімізде Алғыс айту күні. Бұл мереке  ҚР Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың 2016 жылғы 14 қаңтардағы Жарлығымен бекітілген. 1995 жылдың 1 наурызында елімізде...

125 жыл бұрын төртем тапқан қазақ әйелі

Адам баласының ең басты парызы − дүниеге ұрпақ әкелу. Өйткені адамзаттың тіршілігі солай жалғасады. Осы орайда, қазақ халқының «Байлық − қолда еріген мұз, бала...

Бүгін – Жамбыл Жабаев дүниеге келген күн

Бұдан 175 жыл бұрын 99 жасына дейін жүрегінен жыр төгілген ақын,  дүлдүл жырау, жүйрік жыршы, КСРО мемлекеттік сыйлығының лауреаты Жамбыл ЖАБАЕВ (1846-1945)  дүниеге келді. Ол...

NASA Марстың алғашқы панорамасын жариялады

АҚШ-тың Ұлттық аэронавтика және ғарыш басқармасы (NASA) Ровер Perseverance түсірген Марстың алғашқы панорамалық суреттерін жариялады. NASA алдағы апталарда көптеген қызықты суреттері жариялайтынын мәлімдеді.  

Қожа Ахмет Ясауидің мөрі мен шежіресі табылды

«ҚР Мәдениет және спорт министрлігі, «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейі ұйымдастырған «Ясауи ізімен» ғылыми-экспедициясы аясында Өзбекстан Республикасының Наманган қаласынан Қожа Ахмет Ясауи шежіресінің бір...

Түрікменстаннан 153 қандасымыз Қазақстанға көшіп келді

ҚР Сыртқы істер министрлігі мен Қазақстанның Түрікменстандағы Елшілігінің ұйымдастыруымен Түрікменстандағы қандастарымыз атамекен Қазақстанға көшіп келді. Мемлекеттік органдар құжат, көлік мәселелір шешіп, барлығы 153 азаматты,...

«Наконец-то» Бекшин алматылықтарға үндеу жасады

Алматы қаласының бас санитар дәрігері Жандарбек Бекшин наурыздағы мерекелер алдында қала тұрғындарына үндеу жасады, - деп хабарлайды өңірлік СЭБД баспасөз қызметі. Бекшин үндеуінде алматылықтардан...

Армениядан жеткізілген көліктердің тіркеу мерзімі ұзартыла ма?

Қазақстанға Армениядан жеткізілген көліктерді тіркеу мерзімі 1 наурызға дейін ұзарды, - деп хабарлайды Ішкі істер министрлігінің баспасөз қызметі. ІІМ мәліметінше, Қазақстанда 2020 жылдың 1 ақпанына...

Ақпарат министрі кәсіби журналистиканы дамыту туралы жоспарын айтты

Еліміздің жоғары оқу орындарындағы журналистика факультеттерінің оқу бағдарламалары зерделенеді. Бұл туралы ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаева inbusiness.kz сайтына берген сұхбатында айтты. Министрдің айтуынша, қоғамдық...

Қытай келісімдерді елемей, қазақ пойыздары қараусыз қалып жатыр

"Жүк жөнелтушілердің бастамасымен Қытайға тауарларды қабылдауға уақытша тыйым салу енгізілді", – деп хабарлайды «Қазақстан темір жолы» Ұлттық компаниясы (ҰК)»АҚ баспасөз қызметі. «ҚХР-мен шекарадағы бекеттерде жағдай...

Ресейде тіркелген көліктер Қазақстанда жүре алмай ма?

  Әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде Қазақстанның Бас прокуратурасы атынан жалған бұйрық таратылған деп хабарлайды  тengrinews.kz сайты. Аталған «құжатта» Ресейде тіркелген автокөлік иелеріне Қазақстан аумағында жалпы сенімхатсыз...

ЕСКІ ЖАРАНЫҢ АУЗЫН ТЫРНАУ ЕСТІНІҢ ІСІ МЕ…

Адам баласы туғанда бір-бірінен артық-кемі жоқ қызыл шақа болса да, өсе келе олардың бәрі өз бетінше өзгеріп, даралана бастайды. Өйткені уақыт ағымындағы түрлі әсерлер...

Елімізге Түрікменстаннан 153 қандасымыз көшіп келді

Бүгін Түрікменстан Республикасынан 153 қандасымыз тарихи Отанына көшіп келді, деп хабарлайды mangystaumedia.kz. 2020 жылы әлемде орын алған пандемияға байланысты елімізде көшіп–қонушылар ағыны кейінге қалдырылған болатын....

Қасым-Жомарт Тоқаев Режеп Таиип Ердоғанға құттықтау жеделхатын жолдады

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Түркия Президенті Режеп Таиип Ердоғанға құттықтау жеделхатын жолдады, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Түркия Президенті Режеп Таиип...

Мәди Манатбек жаңа қызметке тағайындалды

Шымкент қаласы әкімінің өкімімен Ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасының басшысы міндетін атқарушы болып Мәди Манатбекұлы тағайындалды. Мәди Манатбекұлы 1978 жылы 25 мамырда дүниеге...

Бас прокуратура үндеу жариялады

Әлеуметтік желіде жекелеген тұлғалар елдің әртүрлі аймақтарында заңсыз митингіге   шақырып жатыр. Осыған байланысты ҚР Бас прокурорының орысбасары Б.Б. Дембаев үндеу жариялады. Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының...

Вице-министрдің не үшін қамалғаны белгілі болды

ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі ҚР Мәдениет және спорт вице-министрі Сәкен Мұсайбековтің ұсталуына қатысты түсінік берді. «Мәдениет және спорт вице-министріне қатысты сотқа дейінгі тергеу...

Елбасы Түркия президентін құттықтады

Қазақстанның Тұңғыш Президенті Түркия Республикасының Президенті Режеп Тайип Ердоғанмен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлайды Elbasy.kz.  Әңгіме барысында Елбасы Режеп Тайип Ердоғанды туған күнімен құттықтап, зор...

Полиция қызметкерлері жүкті әйелді автокөлікте босандырып алды

Батыс Қазақстан облысында полиция қызметкерлері келіншекті автокөлікте босандырып алды. БҚО полиция департаментінің ресми өкілі Болатбек Белгібековтің мәлім еткеніндей, оқиға 26 ақпанға қараған түні Самара-Шымкент автожолы...

Жамбыл Жабаевтың 175 жылдық мерейтойы басталды

Бүгін жыр алыбы Жамбыл Жабаевтың 175 жылдық мерейтойын республика көлемінде ресми түрде мерекелеу басталды. ҚР Мемлекеттік хатшысы Қырымбек Көшербаев елордадағы Жамбыл ескерткішіне гүл шоқтарын қойып, Қ.Қуанышбаев атындағы...

COVID-19: Әлемде екпе салдырғандар саны індет жұқтырғандардан екі есе көп

Әлемде коронавирусқа қарсы екпе алған адамдардың саны пандемия басталғалы індет жұқтырғандардың жалпы санынан екі есе көп, деп хабарлайды ТАСС.  Қазіргі уақытта шамамен 227 миллион адам...

Әзірбайжан Таулы Қарабақта әуежай құрылысын бастады

Әзірбайжан билігі Таулы Қарабақта халықаралық әуежай құрылысы басталатынын мәлімдеді. Нысан Иранның шекарасына жақын жерде, Шуша қаласынан 60 шақырым қашықтықта орналасқан Физулиде бой көтереді. Ел президенті...

Алғыс айту күні: Елордада мерекеге орай қандай шаралар өтетіні белгілі болды

Елімізде 1 наурызда Алғыс айту күні атап өтіледі. Бұл мерекеде елордалық театрлар медицина қызметкерлерін, эпидемиологтарды, педагогтарды, құқық қорғау органдарының қызметкерлерін спектакль көруге шақырады, деп...

Жол карталарын іске асыруға мониторинг жүргізу үшін цифрлық платформа әзірленеді – Б.Байбек

«Nur Otan» партиясы Төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбек Facebook желісіндегі парақшасында партияның алдағы кезеңге арналған жоспарларымен бөлісті. Оның айтуынша, 1 наурызда «Nur Otan» партиясының құрылғанына...

Ақтөбе облысында 22 жүк цистернасы жолдан шығып кетті

Бүгін, 26 ақпанда сағат 11:55-те Шалқар ауданының Ұлпан теміржол станциясында 43 вагон құрамының 22 жүк цистернасы жолдан шығып кетті. Оның ішінде 13 цистерна аударылып, ұзындығы...

Винсент Ван Гогтың «Монмартрдағы көше көрінісі» картинасы сатылымға шығарылды

Винсент Ван Гогтың әйгілі картинасы – "Монмартрдағы көше көрінісі" саудаға шығарылды. Сурет бұрын-соңды көпшілік назарына ұсынылмаған, картина қайтадан сатылғанға дейін, Қытайда содан кейін Голландияда...

Қызылордада сауна әкімшісі жеңгетайлықпен айналысқан

Қызылордада жеңгетайлықпен айналысқан азаматша ұсталды, деп хабарлайды Polisia.kz. "Қызылорда қаласында жедел-профилактикалық іс-шаралар жүргізу барысында пайдакүнемдік мақсатта жеңгетайлықпен айналысып жүрген азаматша анықталды. Облыс орталығындағы сауналардың...

Білікті хирург қандасымыз: Орыс тілін білмегендіктен базар жағалап кеттім

https://youtu.be/zzD6QU3BF6M Сюжет авторы Нұржан ТҰРҒЫМБАЙ Тілші Ділда Уәлибек

1 наурызда әскерге шақыру басталады: Қорғаныс министрлігі негізгі өзгерістерді атады

13 мыңнан астам 18-27 жас аралығындағы мерзімді қызметтегі әскери қызметші көктемгі шақыру кезінде еліміздің Қарулы Күштерінің, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарының қатарын толықтырады....

Қырымбек Көшербаев Жамбыл ескерткішіне гүл шоғын қойды

Елордада Ж.Тәшенов және Амман көшелерінің қиылысында Жамбыл Жабаевтың ескерткішіне гүл шоғын қою рәсімі өтті. ҚазАқпараттың хабарлауынша, шараға ҚР Мемлекеттік хатшысы Қырымбек Көшербаев, Мәдениет және спорт...

Қырғызстан президенті Путинге не сыйлағанын айтты

Қырғызстан президенті Садыр Жапаров Ресейге жұмыс сапары кезінде Владимир Путинге қылыш сыйлады. Бұл туралы ол "Россияская газетаға" берген сұхбатында айтты. "Бұл қылышты Қырғызстанның ең мықты...

Елімізде азық-түлік жеткізу нарығы 75 пайызға өскен

2020 жылы Қазақстанда азық-түлік жеткізу нарығы 75% - ға өсті. Бұл туралы Chocofood қызметінің директоры Николай Щербак хабарлады, деп хабарлайды LS. Карантинге байланысты Қазақстанда азық-түлік...

Әлемде коронавирус құрбандарының саны 2,5 миллионнан асып жығылды

Әлемде коронавирус жұқтырғандар саны 113,5 млн-ға жетті.  Джонс Хопкинс университетінің дерегінше, індет жұқтырғандардың 89 миллионы емделіп шықса, 2 507 624-і қайтыс болды. COVID-19 жұқтырғандар саны бойынша...

Семейде 1879 жылы салынған тарихи ғимарат өртенді

Ғимараттағы өрт тек таң ата ауыздықталған. https://youtu.be/AwAQx5E_MLA Өрт 26 ақпанда Абай даңғылында 00 сағат 46 минут шамасында басталған. Өртті сөндіруге барлығы 19 техника, 55 адам жұмылдырылды....

Алматы облысында Ан-2 ұшағы мәжбүрлі түрде қонды

"Азия Континенталь" әуе компаниясының Ан-2 әуе кемесі Боралдай - Кеген бағыты бойынша РРК5481 санитарлық рейсін орындау кезінде Боралдай автомобиль жолынан шығысқа қарай 1,5 км...

Омбыда Халықаралық ана тілі күні атап өтілді

2021 жылғы 24 ақпанда халықаралық ана тілі күніне орай Қазақстанның Омбыдағы Консулдығының басшысы Ырысқали Дәуренбек «Омбы қазақтары» аумақтық қоғамдық ұйымының басшылығы, жергілікті қазақ тілі...

Елімізде сүт өндірісі бойынша қай өңір көш бастап тұр?

Шығыс Қазақстан облысы сүт өндірісі бойынша республикада көш басында тұр. Бұл туралы ШҚО әкімі Даниал Ахметов халыққа есеп беру барысында айтты. «Соңғы бес жылда...

Ең сұлу волейболшылар рейтингі: Ресейлік спортшы Сабина Алтынбекованы басып озды

Грек басылымы Gazzetta планетаның ең сұлу волейболшы аруларының рейтингін жариялады. Рейтингте 25 жастағы ресейлік Алиса Маненок көш бастады, деп хабарлайды Politic. Бұған дейін аталған рейтингте...

Теміртау қаласының әкімі тұрғындардан кешірім сұрады

Теміртау қаласын жылумен қамтамасыз ететін ЖЭО-2 жұмысында ақау болып, тұрғындар аязда жылусыз қалды. Келтірілген қолайсыздық үшін Теміртау қаласының әкімі Қайрат Бегімов өңір халқынан кешірім сұрады. Мамандар...

2020 жылы 13 мың этникалық қазақ көшіп келді

2021 жылы Қазақстанда Көші-қон саясатының 2022-2026 жылдарға арналған тұжырымдамасы әзірленеді. Бұл туралы ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің кеңейтілген алқа мәжілісінде ведомство басшысы...

Әлемдік ТОП-50 қатарына енген Қазақстан дзюдошылары

Халықаралық дзюдо федерациясы (IJF) Тель-Авивте өткен әлемдік «Үлкен шлем» турнирінен кейін дзюдошылар рейтингін жаңартты, деп хабарлайды Olympic.kz. Жаңартылған рейтинг бойынша ТОП-50 қатарына енген қазақстандық дзюдошылар...

Президент Kaspi.kz компаниясының негізін қалаушыларды қабылдады

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Kaspi.kz компаниясының негізін қалаушыларды қабылдады, – деп хабарлады Ақорда. Кездесу барысында Вячеслав Ким мен Михаил Ломтадзе Қасым-Жомарт Тоқаевқа компанияның қазіргі...

Жамбыл Жабаев – 175: Киевте поэзия кеші өтті

Бұл жайында Қазақстанның Украинадағы елшілігі Facebook парақшасында мәлім етті. Қазақтың көрнекті суырып салма ақыны Жамбыл Жабаевтың туған күні қарсаңында Киевтегі қазақ диаспорасы мен Қазақстанның Украинадағы...

«Nur Otan» Партиялық бақылау комитетін Артур Платонов басқарады

Партия Лидері Нұрсұлтан Назарбаевтың қаулысымен Партиялық бақылау комитетінің төрағасы болып Артур Платонов тағайындалды. Бұл туралы «Nur Otan» партиясы Төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбек мәлімдеді. «Артур...

Нұр-Сұлтанда банк тонамақ болған күдіктілер ұсталды

Түн ішінде елордадағы банктердің бірінің ғимаратына есігін сындырып кірген екі күдікті ұсталды. Қалалық полиция департаментінің мәліметінше, түнгі сағат 02:30-да ішімдікке еліткен 2 жігіт шыны...

Қарағандылық судьяның ісін Жоғарғы сот қарайды

Қарағанды облыстық сотының судьясы Естай Исабековтің ісі Жоғарғы сотта қаралады. Судьяның әріптестері оның әрекеті судья әдебі кодексіне қайшы келетінін айтады. Алайда оған қатысты шешім...

Бүгін елорда мен Ақмола облысының оқушылары қашықтан оқиды

Нұр-Сұлтан қаласы мен Ақмола облысында ауа райына байланысты бірінші ауысымдағы оқушылар мектепке бармайды. «26 ақпан күні ауа райының қолайсыздығына байланысты қала мектептерінің бірінші ауысымындағы 0-9...

Өткен тәулікте 855 адамда коронавирус расталды

Қазақстанда өткен тәулікте 855 адамда коронавирус расталды, – деп хабарлады coronavirus2020.kz. Аймақтар бойынша: Нұр-Сұлтан қаласы - 135, Алматы қаласы - 110, Шымкент қаласы -...

COVID-19: АҚШ-та вакцинаның күшін әлсірететін вирустың жаңа түрі пайда болды

Калифорния технологиялық институты мен Колумбия университеті ғалымдарының пікірінше, коронавирус инфекциясының жаңа нұсқасында кездесетін мутация оған иммундық жүйенің әсерін сезінуге кедергі келтіреді, – деп жазды...

«Ұлы дала таңы» фильмінің түсірілім жұмысы басталды

Алматы облысы Панфилов ауданы Көктал ауылының маңында режиссер Ақан Сатаевтың «Ұлы дала таңы» толықметражды тарихи көркем фильмінің түсірілімі басталды, – деп хабарлады «Қазақфильм» киностудиясының...

Бүгін еліміздің басым бөлігінде қар жауады – Қазгидромет

«Қазгидромет» мамандары 26 ақпанда болатын ерекше метеорологиялық құбылыстарға болжам жасады. Қазақстан аумағының басым бөлігінде фронттардың әсерінен тұрақсыз ауа райы сақталады. Кей уақытта қар жауады....

Марсқа қонған Perseverance тіршілік іздейді

Бейсенбі күні кешке NASA ғарыш агенттігі Марсқа жаңа Perseverance (Персеверанс) роверін қондырды (ағыл. – табанды, қайсар), - деп хабарлайды ВВС. Ровердің Қызыл ғаламшардағы басты міндеті...

Армения Қарулы күштері Пашинянның отставкаға кетуін талап етті

Армения әскері елдің премьер-министрі Никол Пашинян мен оның үкіметінің отставкаға кетуін талап етті, - деп хабарлайды РИА Новости ақпарат агенттігі.  Бас штаб басшысы Оник Гаспарян қол...

Доллар бағасы тағы да арзандады

Теңгеге қатысты доллардың ресми бағамы төмендеді. Ұлттық банк 26 ақпандағы америкалық валюта бағамын атады. Жұмада теңгеге шаққандағы доллардың ресми бағамы 414,77 теңге болады. Бұл ретте...

Қазақстанда аяз 40 градусқа дейін көтеріледі

26 ақпанда Қазақстанның 11 өңірінде ауа райы нашарлап, 35-40 градус аяз болады, деп хабарлайды "Қазгидромет". Жамбыл облысында, Тараз, Жезқазған, Қарағанды ​​облыстарында, Қарағанды, Жезқазған, Солтүстік Қазақстан,...

YouTube видеохостингі ата-ана бақылауы режимін енгізеді

Youtube платформасы ата-ана бақылауын орнатуға мүмкіндік беретін жаңа опцияны ойлап тапты. Бастапқыда YouTube видеохостингін жасаушылар 13+ жастағы бейнеге кіруді шектеді, сонымен қатар ата-аналарға балаларын...

Артур Төлепов әкімнің кеңесшісі болып тағайындалды

Актер Артур Төлепов Алматы қаласы ”Алатау” ауданы әкімінің штаттан тыс кеңесшісі болып тағайындалғанын айтып, халықтан қолдау сұрады. Ол өзінің әкімнің кеңесшісі болып тағайындалғаны жөнінде Instagram...