Оразаның уақыты неге ауыспалы болып келеді?

Базбір мұсылман бауырларымыз ҚМДБ-ның бекіткен пәтуасына қарамастан, өзге елдердің шешіміне мойынсұнып, нәтижесінде мұсылман қауымы жылда екіұдай күйді бастан кешіреді. Бұл жағдай жыл сайын қайталанатындықтан, біз мәселенің шариғи шешіміне үңіліп көруді жөн көрдік. Сонымен біз неліктен кейбір жылы жиырма тоғыз күн, кейбір жылы отыз күн ораза тұтамыз?

Ислам әлемінің жыл санағы ай есебіне негізделетіні көпшілікке белгілі. Осыған орай Рамазан айы туғанда мұсылман жұрағаты Алла-Тағаланың разылығы үшін таң сәрісінде аузын бекітіп, ораза тұта бас­тайды. Шәууал айы туғанда ауыз бекітуді аяқтап, Ораза айт мерекесін тойлайды. Бұл жөнінде Хақ Елшісі (с.а.у): «Рамазан айын көрсеңіз, ауыз бекітіңіз. Шәууал айын көргенде аузыңызды ашып, Ораза айтты мерекелеңіз. Бірақ, Шәууал айының туғанын бұлт көлегейлеп көрсетпесе, Рамазан айын отыз күнмен толықтырыңыз» (Ибн Мәжа, Сиям: 7) деген болатын.

Қайсысы дұрыс, астрономия ма, айды көзбен көрген бе?

Бүгінгі күні көптеген мұсылман елдерінде астрономиялық есеппен Рамазан айының күні алдын-ала белгіленіп, мұсылмандар осы межемен де ауыз бекітеді. Ал, Сауд Арабстан мен Тунис секілді елдер астрономиялық есеппен емес, Рамазан айының туғанын көзбен айқын көріп барып, ауыз бекітуге пәтуа шығарады. Бұл елдердің ғұламалары Рамазан айының немесе Ораза айт мерекесінің басталуына байланыс­ты жоғарыда келтірілген хадис-шарифті, яғни, айдың анық көрілуін негізге алады. Алайда, осы мәселені терең зерттеген ғалымдардың көзқарасынша айдың туғанын астрономиялық құрылғылар арқылы ғана дәл уақытында анық көруге болады. Яғни, айдың туып-тумағанын құр көзбен көру, пәтуаның дәл берілуіне  негіз бола алмайды.

Жалпы, Тәңір Елшісі (с.а.у)-нің: «Рамазан айын көрсеңіз, ауыз бекітіңіз. Шәууал айын көргенде аузыңызды ашып, Ораза айтты мерекелеңіз. Бірақ, Шәууал айын бұлт көлегейлеп көрсетпесе, Рамазан айын отыз күнмен толықтырыңыз» (Ибн Мәжа, Сиям: 7) деген хадис-шарифін тікелей мағынасында қолдануға болмайды. Өйткені, Мұхаммед (с.а.у) өмір сүрген дәуірде араб қоғамында астрономия ғылымы мүлде дамымаған еді. Сондықтан да Жақсылық жаршысы (с.а.у) ораза тұту уақытын белгілеуде «айдың көрінуін» шарт етіп қойған болатын. Бұл жерде Алла Елшісі (с.а.у) жұлдызнама ғылымынан бейхабар надан арабтарға ұғынықты болу үшін айдың тууын негізге алған-тын. Демек, қәзіргі дәуірдегі астрономиялық есеппен Рамазан айының уақытын алдын-ала бекітудің шариғатқа қайшылығы жоқ деген сөз. Әрі-беріден соң мұндай есеппен берілген пәтуаға нық сеніммен қарауға болады. Себебі, әр айдың қанша күнге созылатынын көзбен көруден қарағанда, астрономиялық құрылғылар дәл анықтай алады. Мысалы, Адамзаттың ардақтысы (с.а.у) Рамазан айында ауыз бекітудің уақытын: «Ақ жіп пен қара жіп айырмашылығы белгілі болғанға дейін ішіп-жеңіз» (Мүслим, Месажид: 171) деп белгілегенімен, аспанды қою қара бұлт жапса, ақ жіп пен қара жіптің айырымы дәл қай уақытта белгілі болғанын аңғара алмауымыз мүмкін. Осы себептен де, әрбір күнгі таңның бозарып атқанын анықтауда астрономиялық дәлдіккке сүйенуге мәжбүрміз. Сол сияқты айдың туып-тумағаны күн батар батыс жақтан байқалатындықтан (ай күн батардан 22-23 минут бұрын туады), күннің қызыл шапағы немесе қою қара бұлт жаңа иіліп сызық болып туған айды анық көрсетпеуі әбден мүмкін. Сондықтан, астрономиялық зерттеулер арқылы ғана айдың туып-тумағанын дәл бағамдауға болады. Олай болса, қасиетті айдың кірген уақытын дәл белгілеуде айды тек көзбен көруді негізге алатын пәтуаға байланып қалмай, дәуір құндылығы саналатын астрономиялық ғылыми тұжырымдарды басшылыққа алғанымыз әлдеқайда дұрыс шешім болмақ.

Ай есебі бойынша 354 күн бар

Уақытты есептеуде адамзат баласының бір бөлігі күн есебіне, бір бөлігі ай есебіне сүйенетіні белгілі. Өйткені, уақыт есептеуде күн мен ай мүлт кетпейтін – илаһи безбен. Бұл хақында Хақ-Тағала: «Күн мен ай (өз кеңістігінде) белгілі мерзім бойынша мәлім есеппен жүреді» (Рахман, 5) деп бұйырған болатын. Ал, мұсылман қауымының ай есебін ұстануының себебі Ұлы Жаратушы Құран-Кәрімде: «Нұр шашыратып күнді, жарығын жайғызып – айды жаратты Алла. Сонан соң сендердің жыл және ай мерзімдерін айыруларың үшін олардың орындарын белгіледі. Алла оны жайдан жай жасаған жоқ. Біле білгенге Алла аяттарын осылайша айқын түсіндіреді» (Жүніс, 5) деп бұйырған-тын.

Күн есебінде 365 күн болса, ай есебі бойынша бір жылда 354 күн бар. Ай есебінің 354 күн болуына орай Рамазан айы кейде жиырма тоғыз күн, кейде отыз күн болып келеді. Бұл хақында Хақ Елшісі (с.а.у): «Біз арабтар үмми (оқу, жазудан бейхабар, сауатсыз) бір қауымбыз. Не жаза алмаймыз, не есептей білмейміз. Бір ай кейде былай (Пайғамбарымыз (с.а.у) саусағымен жиырма тоғыз күнді санап шықты), ал, кейде былай (Пайғамбарымыз (с.а.у) отыз күнді санап шықты) болып келеді» (Бұхари, Савм: 13, Мүслим, Сиям: 15, Әбу Дәут: 4) деген болатын. Яғни, Рамазан айының кейде жиырма тоғыз күнде, кейде отыз күнде үзілуіне байланысты мұсылман жұртшылығы кейбір жылы жиырма тоғыз күн, кейбір жылы отыз күн ораза ұстайды.

Күн есебіне сүйенетін ғайри мүслимдер (жөйттер мен христиандар) жылда тек белгілі бір мерзімде ораза тұтады. Оларға қарағанда ай есебіне сүйенетін мұсылман қауымның ауыз бекіту мерзімі күн есебі бойынша әрбір жылы он бір күнге кейін шегеріліп, өзгеріп отырады. Әсілі, ай есебін ұстану күн есебінің өлшеміне қарағанда ретсіздеу болып көрінгенімен, мұнда илаһи әділетті бір шешім бар. Егер, ораза тұтуда күн есебін ұстанар болсақ,  онда ұдайы тек жылдың белгілі бір мезгілінің жеңілдігін немесе ауыртпалығын тартар едік. Мәселен, қыс мезгілінде күн қысқа, түн ұзақ болғандықтан, ауыз бекіту жеңілдеу. Бұл жөнінде Хақ Елшісі (с.а.у): «Қыста ораза ұстаудың сауабы тер төкпестен оңай қолға түскен олжа іспетті» (Тирмизи, Савм: 73, Муснад, 4: 335) деген болатын. Ал, жаз мезгілінде керісінше күн ұзақ, түн қысқа болғандықтан, ораза ұстау оңайға соқпайды. Яғни, ай есебімен ауыз бекітсек жылдың төрт мезгілінің рухани шуағына бөленеміз. Сонымен бірге, егер ғайри мүслимдер тәрізді жылдың белгілі бір мерзімінде ауыз бекітетін болсақ, онда жер бетіндегі халықтың бір бөлігі ұдайы қақаған қыс мезгілінде, бір бөлігі аптап ыстықта ауыз бекіткен болар еді. Ал, дініміз ай есебіне жүгінгендіктен, жер бетіндегі мұсылман жұртшылығы әрбір жылы он бір күннің ауысуып отыруымен жылдың төрт маусымында да ораза ұстап шығады.

Жұлдызшыларға жүгіну харам ба?

Орта ғасырларда астрономиялық зерттеулермен уақыт мөлшерін анықтайтын мамандар «мувакит» немесе «мунажжим» деп аталды. Ханафия мазхабының факиһі Мұхаммед бин Мукатил және Кады Абдулжаббар, сондай-ақ, Шафия мазхабының өкілі Имам Субкилер айдың туғанын анықтауда астрономиялық есеп жасайтын «мувакит» немесе «мунажжимдердің» тұжырымдарына мойынсұнды. Дегенмен, дін негіздерінде «мунажжимге» қатысты теріс пәтуалар да берілген (Фатауи-Хиндия, 2: 245). Мәселен, Сауд Арабстан секілді астрономиялық зерттеулерге біржақты қарайтын елдер Адамзат мақтаулысының (с.а.у)-ның: «Кімде-кім балгер мен жұлдызшыға (мунажжим) барып, ғайыпқа қатысты бір нәрсе сұраса, Мұхаммедке түсірілігенді (дінді) теріске шығарған саналады» (Ибни Абидин, Масмуатүр-Рисаил, 1; 245) деген хадис-шарифін негізге алады. Әйтседе, Исламға дейінгі дәуірдегі жаһил қоғамның жұлдызшыларымен (мунажжим) бүгінгі күннің астроном ғалымдарын мүлде салыстыруға болмайды. Себебі, жаһилият дәуірінің жұлдызшылары тылсым әлеммен (жындар) байланыс жасап, жорта тұжырым жасауға бейім келетін. Ал, бүгінгі күннің астроном ғалымдары көк жүзінің нәзік құбылыстарын жіті бақылап, аспан әлеміндегі қозғалыстардың бағытын дәл зерделеуімен ерекшеленеді. Тіпті, бүгінгі күннің жұлдызшы ғалымдары көк жүзін жерден бақыламай, ғарыш кеңістігіне шығып, ондағы иірімдерді арнайы құрал-жабдықтармен қадағалайды. Яғни, «Кімде-кім балгер мен жұлдызшыға (мунажжим) барып, ғайыпқа қатысты бір нәрсе сұраса, Мұхамедке түсірілігенді (дінді) теріске шығарған саналады» (Ибни Абидин, Масмуатүр-Рисаил, 1; 245) деген хадис-шарифтегі жұлдызшымен қазіргі астроном ғалымдарды бір мағынада түсінуге болмайды.

Ай алғаш көрінгеннен ауыз бекіткен абзал

Ханафия, Маликия, Ханбалия мазха­бының өкілдері жер бетінің қай жерінде айдың туылғаны алғаш көрінсе, өзге елдер әлі айдың туғанын көрмесе де, мұсылман қауымының біртұтастығы мен бірлігі сақталуы үшін бір мезгілде ауыз бекітуді бастағаны абзал деп біледі. Яғни, бұл байлам бойынша исі бүтін мұсылман әлемі ораза ұстауды бір күнде бастап, бір күнде аяқтауы тиіс. Алайда, Шафия мазхабы ғұламалары Рамазан айының басталуы хақында «Жиырма төрт фарсахтан (140 шақырым) тысқары тұрған мемлекетте айдың туылғаны басқа уақытта көрінсе, ол мемлекеттің мұсылмандары айды көргеннен кейін барып ораза ұстайды» (Мазаһибул-Ербаа, 2: 550) деп пәтуа бекіткен. Олар бұл шешімге Курайбтен (р.а) жеткен мына руаятты негізге алады: «Курайб (р.а) Шам қаласында жаңа туған айды көреді. Іле-шала бір шаруамен Мәдинаға сапар шегеді. Мәдинада жолыққан Ибн Аббас (р.а): «Айдың туғанын қай уақытта көрдің?» деп сұрайды. Курайб (р.а): «Жұма күні кеште көрдім» деп жауап береді. Ибн Аббас (р.а): «Оны сен де көрдің бе?» деп қайталап сұрайды.  Курайб (р.а): «Иә, оны мен де көрдім, барлық адам көріп, ораза тұтуды бастады», – дейді.  Ибн Аббас (р.а): «Біз айдың туғанын сенбі күні көрдік. Отыз күн толғанша немесе Шәууал айы туғанға дейін ораза тұтамыз» дейді. Курайб (р.а): «Муавиенің айды көруі ораза тұтуды бастауға жеткілікті емес пе?» деп сұрағанда,  Ибн Аббас (р.а): «Жоқ, Алла Елшісі (с.а.у) бізге осылайша әмір етті» деп жауап береді (Мүслим, Сиям: 28, Тирмизи, Савм: 9, Әбу Дәут, Сиям: 9).

Рамазан айының кейбір мемлекеттерде ерте, кейбір мемлекеттерде кеш басталуының тағы бір себебі, Батыс елдерінде қоғамдық жұмыс мезгілін бірыңғайлау мақсатында «әлеуметтік сағат» түсінігі қалыптасқан. Осы «әлеуметтік сағат» режиміне байланыс­ты, бұл мемлекеттердегі уақыт өлшемінің тілі ай есебін ұстанатын елдерден бөлек болып келеді. Осы қайшылықты реттеу үшін мұсылман мемлекеттері 1978 жылы «Ай Конфенциясын» (Түркия) өткізіп: «Жер жүзінің қай жерінде алғаш рет ай көрінген болса, Ислам елдері ораза ұстауды бір мезгілде бастауы қажет» деп қарар қабылдаған болатын. Өкінішке орай, бірауыздан қабылданған бұл байлам әлі күнге дейін сөз күйінде қалып отыр.

Түйін

Задында, қасиетті айда Рамазан рухын бойымызға сіңіріп, кеудеміздің хикметке толы болуы оразаның жиырма тоғыз күн немесе отыз күн болуынан да маңызды. Осы тұрғыда, сырғып өтіп жатқан уақыт, байыбына бара білгенге қайтып айналып соқпайтын илаһи қазына саналады. Қиямет-қайым күні амал дәптеріміз толған айдай нұрланып тұруы үшін біздің сынақ әлеміндегі әрбір тынысымыз сауапқа толы болуы қажет. Яғни, уақыттың құнын дер кезінде ұғына алсақ ұшпаққа шығамыз, ал, ұғына алмасақ, мешеулікке ұрынарымыз хақ. Олай болса, лайым алаш жұртына бес күндік сынақты мағыналы өткізіп, сауапқа толы ғұмыр кешуді жазсын!

Редакция таңдауы

125 жыл бұрын төртем тапқан қазақ әйелі

Адам баласының ең басты парызы − дүниеге ұрпақ әкелу. Өйткені адамзаттың тіршілігі солай жалғасады. Осы орайда, қазақ халқының «Байлық − қолда еріген мұз, бала...

Түрікменстаннан 153 қандасымыз Қазақстанға көшіп келді

ҚР Сыртқы істер министрлігі мен Қазақстанның Түрікменстандағы Елшілігінің ұйымдастыруымен Түрікменстандағы қандастарымыз атамекен Қазақстанға көшіп келді. Мемлекеттік органдар құжат, көлік мәселелір шешіп, барлығы 153 азаматты,...

Қырғыздар Мұқағалиға құрмет көрсетті

22 ақпанда Бішкекте, Алықұл Осмонов атындағы ­­Қырғыз Республикасы Ұлттық кітапханасын­дағы Абай атындағы қырғыз-қазақ мәдени орталы­ғында Мұқағали Мақатаевтың 90 жыл­дығына арналған «Ең бірінші бақытым –...

Депутаттарды қайта оқыту неге керек?

Ұлттық экономика министрі Әсет Ерғалиев Мәжіліс отырысында «Қазақ­стан Республикасының кейбір заң­на­малық актілеріне аудандық, қалалық жә­не ауылдық билік деңгейлерінің дер­бестігі мен жауапкершілігін кеңейту мә­селелері бойынша...
210303173445143e

Нұр-Сұлтанда тұрақта тұрған көлік өртеніп кетті

Елорданың сол жағалауында тұрақта тұрған көлік өртеніп кетті. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қалалық...
bez imeni

Курьер жігіт 12-қабаттан құлаған сәбиді қағып алды

Курьер болып жұмыс істейтін вьетнамдық жігіт 12-қабаттан құлаған бүлдіршінді қағып алды, деп...
borat subsequent moviefilm wp 1024x587 1

Саша Барон Коэн Қазақстанға келуге ниетті

Сценарист және актер Саша Барон Коэн өзінің ойдан шығарылған кейіпкері — Бораттың...

Жаңалықтар

Нұр-Сұлтанда тұрақта тұрған көлік өртеніп кетті

Елорданың сол жағалауында тұрақта тұрған көлік өртеніп кетті. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қалалық төтенше жағдайлар департаменті хабарлады. «Бүгін сағат 15:50-де Нұр-Сұлтан қалалық төтенше жағдайлар департаментінің құрамында...

Курьер жігіт 12-қабаттан құлаған сәбиді қағып алды

Курьер болып жұмыс істейтін вьетнамдық жігіт 12-қабаттан құлаған бүлдіршінді қағып алды, деп хабарлайды Daily Mail.  Нгуен Нгок Ман 12-қабаттың терезесінен құлап кеткен екі жасар бүлдіршіннің...

Нұрсұлтан Назарбаев Михаил Горбачевті мерейтойымен құттықтады

ҚР Тұңғыш Президенті - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Михаил Горбачевті 90 жас мерейтойымен құттықтады. Бұл туралы Қазақстанның Ресейдегі елшілігінің Instagram-дағы парақшасында хабарланды.  Құттықтауда КСРО Тұңғыш президентінің...

Саша Барон Коэн Қазақстанға келуге ниетті

Сценарист және актер Саша Барон Коэн өзінің ойдан шығарылған кейіпкері — Бораттың отаны Қазақстанға келуге дайын екенін мойындады. Бұл туралы ол "Известия" басылымына берген...

Бішкекте «Астана» халықаралық қаржы орталығының филиалы ашылуы мүмкін

Қырғызстан Президентінің елімізге жасаған мемлекеттік сапарының соңында Қасым-Жомарт Тоқаев пен Садыр Жапаров «Астана» халықаралық қаржы орталығын аралап көрді, деп хабарлады Ақорданың ресми сайты. Мемлекет басшылары...

Қазақстан Қырғызстанға әскери-техникалық көмек көрсетеді

Қазақстан мен Қырғызстан қорғаныс министрлері әскери ынтымақтастық туралы құжаттарға қол қойды, деп хабарлайды ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі. Қазақстанның Қорғаныс министрі генерал-лейтенант Нұрлан Ермекбаев Қырғызстан...

Жомарт Ертаев тағы да 9 жылға сотталды

Алматыда «Bank RBK», «Qazaq Banki» және «Eurasian Bank» банктерінен 188 миллиард теңгеден астам қаражатты жымқыру ісі бойынша сот үкімі шықты. ҚазАқпараттың хабарлауынша, айыптылардың қатарында экс-банкир...

Кардиолог инфаркт алу қаупін азайтатын үш жаттығуды атады

Кардиолог және жүрек-тамыр хирургі Владимир Хорошев инфаркт қаупін азайту үшін үш жаттығуды ұсынды, деп хабарлайды РИА Новости.  Маман бірінші кезекте көбірек жаяу жүруге кеңес берді:...

Алматы облысында мас жүргізуші 4 оқушыны қағып кетті

Алматы облысында мас көлік жүргізуші 4 оқушыны қағып кетті. Әртүрлі дене жарақаттарын алған үш бала ауруханаға жатқызылды. «Оқиға 2 наурызда сағат 18:40-та Еңбекшіқазақ ауданында болған....

Илон Маск өз қаласын салуға кірісті

Америкалық кәсіпкер, Tesla және SpaceX компанияларының негізін қалаушы Илон Маск Техаста жаңа қала құрылысын қолға алды. Бұл туралы ол өзінің Twitter-дегі парақшасында мәлімдеді. "Мен Техаста...

Айға саяхат: жапон кәсіпкері бұл сапарға 8 адамды таңдап алмақ

Жапон кәсіпкері Юсаку Маэдзава сәрсенбі күні «өзін әртіс деп есептейтін» қоғамның 8 өкілін 2023 жылы Ай орбитасына алып кететінін мәлімдеді. Бұл – SpaceX фирмасы...

Алматыда Роза Бағлановаға ескерткіш қойылады

Алматы қаласы Мәдениет басқармасының хабарлауынша, Қабанбай батыр көшесінің оңтүстік бөлігі мен Байсейітова көшесінің шығыс жағында Роза Бағланованың құрметіне ескерткіш орнатылады. «12 наурызға дейін Роза...

COVID-19: елімізде ПТР тест бағасы арзандап жатыр

Қазақстанның клиникалық-диагностикалық зертханаларымен жасалған монополияға қарсы іс-шаратшеңберінде КВИ ПТР бағасы арзандап жатыр. Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің мәліметінше, 2021 жылғы 1 наурызда КДЗ ОЛИМП COVID-19...

Семейде жер үйден өрт шығып, 2 адам қаза тапты

ШҚО Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, 3 наурыз сағат 05:00 шамасында Белибаев көшесіндегі жеке тұрғын үй отқа оранған. Оқиға орнына шұғыл келіп жеткен өрт сөндірушілер...

Нұр-Сұлтанда қашықтан оқыған оқушылар коронавирусты көбірек жұқтырған

Нұр-Сұлтан қаласының бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Сархат Бейсенова елорда мектептеріндегі коронавирус статистикасы туралы айтты. «2021 жылдың 1 наурызындағы жағдай бойынша, оқу жылының басынан бері мектеп...

3 наурыз: атаулы күндер мен тарихи оқиғалар

2018 жылы 3 наурызда Қазақстанның Біріккен Ұлттар Ұйымына мүше болуының 26 жылдығы аясында БҰҰ штаб-пәтерінде Қазақстанның Ядролық қаруға тыйым салу туралы шартқа қол қою...

Екібастұзда жолаушылар вагонынан өрт шықты

Екібастұзда жолаушылар вагонының темірден өзге бөлшектерінің барлығы жанып кетті. Әзірге өрт салдарынан келген шығынның мөлшері белгісіз. «2 наурыз күні сағат 13:04-те нөмірі 2-ші мамандандырылған өртке...

Өткен тәулікте елімізде 717 адам коронавирус жұқтырған

Қазақстанда өткен тәулікте 717 адамда коронавирус расталды, – деп хабарлайды coronavirus2020.kz. Аймақ бойынша: Нұр-Сұлтан қаласы - 68, Алматы қаласы - 105, Шымкент қаласы - 12,...

Сарыағашта халықаралық іздеуде жүрген қылмыскер ұсталды

Түркістан облысы Сарыағаш ауданында халықаралық іздеуде жүрген қылмыскер ұсталды. Былтыр мал ұрлаған азамат осы күнге дейін жасырынып жүрген. Облыстық ПД баспасөз қызметінің мәліметінше, күдікті «Мал ұрысы»...

«Алматы жастарына» 10 наурыздан бастап өтінім қабылданады

Оңтүстік шаһардағы жастардың тұрғын үй проблемасын шешетін «Алматы жастары» бағдарламасына қатысуға өтінім қабылдау 10 наурыздан басталады. Бұл туралы «Отбасы банкі» әлеуметтік желідегі парақшасында хабарлады. «Алматы...

3 наурызға арналған ауа райы болжамы – Қазгидромет

Қазгидромет 3 наурызға арналған ауа райы болжамын ұсынады. Қазақстанның басым бөлігінде құбылмалы ауа райы болып, қар мен жаңбыр жауып, кей жерде тұман, көктайғақ, бұрқасын,...

Ресейдегі Әлихан Бөкейханов зиратына гүл шоқтары қойылды

 1 наурызда еліміз Алғыс айту күнін атап өтті. Мереке идеясы Тұңғыш Президент – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевқа тиесілі және Қазақстанда тұратын барлық этностар бір-біріне және...

Әлемдегі барлық миллиардерлердің саны анықталды

Hurun Research Institute зерттеуіне сүйенсек, әлемдегі миллиардерлердің саны 3228-ге жеткен. Зерттеушілердің сөзінше, бұл — рекордты көрсеткіш.  15 қаңтардағы жағдай бойынша планетадағы ең бай адамдардың жиынтық...

Қытай 15 жылда елімізге 19,2 миллиард доллар инвестиция құйған

2020 жылы Қазақстан мен Қытай арасындағы сауда айналымы 4%-ға өсіп, 15,4 миллиард доллар болған. Бұл туралы ҚР сауда және интеграция вице-министрі Қайрат Төребаев айтты,...

Аязда үсіп өлген 5 жасар бала қайтыс болар алдында зорланған

Ресейдің Саратов облысының Вольск қаласында көшеде өлі күйінде табылған бес жасар бала қайтыс болғанға дейін зорланған. Бұл туралы Life Shot Telegram-арнасына сілтеме жасап Lenta.ru...

Елбасы Қырғызстан басшысымен кездесті

Келіссөз басталар алдында Елбасы мен Қырғыз Республикасының Президенті Назарбаев орталығындағы экспозицияларды аралап көрді, деп хабарлайды Elbasy.kz.  Кездесу барысында Нұрсұлтан Назарбаев Садыр Жапаровты Қырғызстан Президенті болып...

Байқоңырдан Ресейдің құпия құрылғылары ұрланды

Белгісіз біреулер Байқоңыр ғарыш айлағынан Ресейдің құпия электроникасын ұрлап кеткен. Бұл туралы  "112" Telegram-арнасына сілтеме жасап Lenta.ru хабарлады.  Арнаның мәліметінше, 1988 жылы "Буран" ғарыш кемесімен...

Психолог 8 наурызда аруларға сыйланатын ең сәтсіз сыйлықтарды атады

Психология ғылымдарының кандидаты Юлия Кочетова 8 наурызда әйелдерге cыйланатын ең сәтсіз сыйлықтардың тізімін жасады, деп хабарлайды "Москва" жаңалықтар агенттігі.  Маманның айтуынша, ең жауыр болған сыйлық...

Балалар құқығын қорғау туралы заң: 3 кодекске 35 түзету енгізілмек

Құжатты саралайтын жаңа жұмыс тобының құрамында 65 адам бар. Парламент мәжілісінің депутаты Динара Закиева қоғамда қызу талқыға түскен балалар құқығын қорғау бойынша заңнамалық актілерге...

Белгісіз коллекционер Черчилльдің суретін рекордтық бағаға сатып алды

Анджелина Джоли Ұлыбританияның бұрынғы премьер-министрі Уинстон Черчилль салған "Кутубия мешітінің мұнарасы" картинасын рекордтық бағаға сатты. Белгісіз коллекционер картина үшін 8,2 миллион фунт стерлинг төлеген,...

Зеленский үндістандық вакцинаны салдырды

Украина президенті Владимир Зеленский Донбассқа сапары кезінде коронавирусқа қарсы вакцина алды. Вакцинация Үндістанда өндірілген Covishield препаратымен жүргізілді, деп хабарлайды korrespondent.net. Президент Жоғары бас қолбасшы ретінде вакцинаны...

Головкин vs Мунгия: Жекпе-жек қашан өтетіні белгілі болды

Геннадий Головкин (41-1-1, 36 КО) орта салмақтағы IBF тұжырымы бойынша әлем чемпионы (әлі IBO титулына ие) титулын мексикалық боксшы Хайме Мунгияға (36-0, 29 КО)...

Ата-анасы жұмысқа кеткен: өрттен 5 жасар бала қаза болды

Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданында өрттен бала қаза тапты. Бұл кезде ата-анасы үйде болмаған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz. ТЖД өкілдері бала Аққайың ауданы Новороссийск ауылында қаза...

“Ұлытау” тобы АҚШ-та өткен халықаралық байқауда жеңіске жетті

Қазақстандық "Ұлытау" этно-рок тобы Лос-Анджелесте өткен халықаралық байқаудың жеңімпазы атанды, оған әлемнің 83 елінен қатысушылар келген. Бұл туралы Алматының өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингіде топ...

Дәрігерлер карантиндік шектеулерді күшейтуді талап етті

Бразилиялық дәрігер ел билігінен коронавирусқа қарсы шектеу шараларын күшейтуді талап етті, деп хабарлайды РИА Новости.  Ел ауруханаларында орын жоқ, науқастар ем алу үшін кезек күтуге...

Биыл магистранттар шетелде тәжірибеден өте ала ма?

Бүгінде қазақстандық магистранттар COVID-19 пандемиясына байланысты шетелде тағылымдамадан өте алмай отыр. Әлемде және Қазақстанда коронавирус жұқтыру дерегі азайса, магистранттарды шетелге тағылымдамаға жіберу мәселесі қаралады....

Ақтөбе қаласы әкімінің жаңа орынбасары тағайындалды

Президент әкімшілігінің​ келісімімен өңір басшысының өкімімен​ Ақтөбе облысы​ әкімінің орынбасары болып Ермек Кенжеханұлы тағайындалды. Бұл туралы Ақтөбе облысы әкімінің баспасөз қызметі хабарлады. Ермек Кенжеханұлы...

ТЖМ Алматы тұрғындарына үндеу жасады

Сел ұстайтын бөгеттер құрылысына байланысты Үлкен Алматы шатқалына баруға шектеу енгізіледі. Бұл туралы ҚР Төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильин мәлімдеді. «Қар мен ылғал қорының жиналуы...

Жасөспірімдерді тәртіпке шақырмақ болған алматылық полицей құрылысы бітпеген үйден құлап кетті

Алматыда полиция қызметкері қараусыз қалған құрылыс нысанынан құлап, жарақат алды. Алматы қалалық Полиция департаментінің мәліметінше, Алатау ауданының ювеналды полиция қызметкері құрылысы бітпеген көпқабатты үйдің төбесіне...

Аралас оқу форматы: Оқушылар мектеп формасын киюге міндеттеле ме?

Оқушылардың аралас форматқа ауысуына байланысты мектеп формасын сатып алудың қажеті жоқ.  Бұл туралы Білім және ғылым вице-министрі Шолпан Каринова мәлімдеді.  «Оқушының ауырып қалуы немесе науқас...

Жамбыл облыстық Ішкі саясат басқармасының басшысы тағайындалды

Жамбыл облысы әкімінің өкімімен облыс әкімдігі Ішкі саясат басқармасының басшысы болып Бейқұт Жамангозов тағайындалды. Бұл туралы Жамбыл облысы әкімінің баспасөз қызметі хабарлады. Бейқұт Тілебалдыұлы 1969...

2 наурыз еліміздің тарихында қандай айтулы оқиғалармен есте қалды?

2 наурыз күні әр жылдары еліміздің тарихында бірқатар маңызды оқиғалар орын алды. 1992 жылы 2 наурызда БҰҰ Бас Ассамблеясының 46-шы сессиясының пленарлық мәжілісінде Қазақстан Республикасы...

Горбачев өмір сүру ұзақтығы жөнінен кеңестік көшбасшылар арасында рекорд орнатты

КСРО-ның бұрынғы президенті Михаил Горбачев кеңестік көшбасшылар арасында өмір сүру ұзақтығы бойынша рекорд орнатты. Бұл туралы Кремль пулының журналисі Дмитрий Смирнов өзінің "№3 пул"...

Қасым-Жомарт Тоқаев Садыр Жапаровпен шағын құрамда келіссөздер өткізді

Ақорда резиденциясында Қырғыз Президенті Садыр Жапаровты салтанатты қарсы алу рәсімі өтті. Екі елдің мемлекеттік әнұрандары орындалғаннан кейін Құрмет қарауылы ротасының бастығы Қазақстан мен Қырғызстан...

Жастарға ауыл шаруашылығы саласындағы жобаларды іске асыруға гранттар берілмек

Үкімет отырысында Ауыл шаруашылығы министрі Сапархан Омаров агроөнеркәсіптік кешенді қолдау іс-шараларының бірыңғай электрондық ресурсы құрылады. «Агроөнеркәсіптік кешен субъектілерін қаржыландырудың қолжетімділігін арттыру мақсатында салалық мемлекеттік қолдау...

Еліміздегі сұранысқа ие әлеуметтік желілердің тізімі жарияланды

Қазақстанда ең танымал әлеуметтік желілер белгілі болды, – деп жазды Ranking.kz. Statcounter Global Stats мәліметінше, 2021 жылдың қаңтарында әлемдегі ең танымал әлеуметтік желі Facebook атанды,...

Мәулен Әшімбаев: Ұлтқа адал еңбек етудің озық үлгісін көрсеткен текті азамат

Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының Төрағасы Мәулен Әшімбаев көрнекті қоғам және мемлекет қайраткері, ғалым, академик, техника ғылымдарының докторы Өмірбек Жолдасбеков туралы фейсбуктегі парағында өз пікірін жазды. Онда...

Президент жанындағы ҚСЗИ-да Әлеуметтік-саяси зерттеулер бөлімінің басшысы тағайындалды

2021 жылдың 1 наурызында ҚР Президенті жанындағы ҚСЗИ директоры Зарема Шаукенова ұжымға ҚР Президенті жанындағы Қазақстан стратегиялық зерттеулер институтының әлеуметтік-саяси зерттеулер бөлімінің жаңа басшысын...

29 жыл бұрын Қазақстан Біріккен Ұлттар Ұйымына мүше болды

1992 жылдың 2 наурызы Қазақстан тәуелсіздігін дүниежүзілік қоғамдастық мойындаған ел тарихындағы маңызды оқиғаға толы күн. 29 жыл бұрын Қазақстан Біріккен Ұлттар Ұйымына 168-ші мүше-мемлекет...

Қырғызстан Президенті мемлекеттік сапармен Нұр-Сұлтан қаласына келді

Қырғыз Республикасының Президенті Садыр Жапаров мемлекеттік сапармен Нұр-Сұлтан қаласына келді. Бұл туралы ҚР СІМ баспасөз қызметі хабарлады.

Алдағы бес жылда ауыл халқына 250 млрд теңгенің несиесі беріледі

2025 жылға дейін 50 мың микрокредит беру көзделген. Былтыр ауылға берілген шағын несиелер есебінен 11 мың жұмыс орны ашылған, деп хабарлайды Inbusiness.kz.  Үкімет отырысында агроөнеркәсіп...

Павлодарда пара алды деген күдікпен ҚТЖ филиалының басшысы ұсталды

Павлодар облысы бойынша Экономикалық тергеу департаменті қызметтегі «қамқорлығы» үшін жүйелі түрде заңсыз сыйақы алды деген күдікпен «ҚТЖ ҰК» АҚ Павлодар облысы бойынша филиалының басшысын ұстады. Ол...

Жапонияда коронавирустың британдық штамы тарап жатыр

Жапонияның батысындағы Кобе қаласының билігі бұл аймақта вирус жұқтырғандардың арасында коронавирустың жаңа британдық штамын жұқтырғандар саны көбейгенін хабарлады. ҚазАқпараттың NHK телеарнасына сілтеме жасап жазуынша, ақпанның...

«Дарындылар пулы»: электронды үкіметтің кадр резервіне өтінім қабылдау басталды

«Азаматтарға арналған үкімет» корпорациясының «Дарындылар пулына» өтінім қабылдау басталды.  Корпорацияның кадр резервіне өтініш бергісі келетін үміткерлерге talent.gov4c.kz сайтында тіркеуден өту қажет. Өтінім беру кезінде жүйеде...

Сауд Арабиясы вакцина салдырған келушілерді ғана қажылыққа қабылдайды

Мұсылман қажылары жаңа коронавирусқа қарсы вакцинациядан кейін ғана Мекке мен Мединедегі қасиетті орындарға үлкен және кіші қажылыққа бара алады. Мұндай шешімді Сауд Арабиясы билігі...

Қазақстанда коронавирус жұқтырғандар саны 214 мыңнан асты

Қазақстанда өткен тәулікте 658 адамда коронавирус расталды, – деп хабарлады coronavirus2020.kz. Аймақтар бойынша: Нұр-Сұлтан қаласы - 65 Алматы қаласы - 102 Шымкент қаласы - 17 Ақмола облысы -...

Бүгін еліміздің басым бөлігінде қар жауады – Қазгидромет

2 наурыз күні солтүстік-батыс циклонымен байланысқан атмосфералық ауа ағыны әсерінен еліміздің басым бөлігінде қар мен жаңбыр жауады, кей жерде тұман, көктайғақ, бұрқасын, желдің күшейюі...

21 миллион VPN қолданушысының жеке дерегі сатылымға шықты

Android операциялық жүйесіне арналған тегін VPN қызметтерінің 21 миллион қолданушысының жеке деректері Желіде сатылымға шықты, - деп хабарлайды Сyber News сайтына сілтеме жасап. Танымал хакерлік форумның...

Францияның экс-президенті үш жылға бас бостандығынан айырылды

Францияның экс-президенті Николя Саркози үш жылға бас бостандығынан айырылды, оның ішінде бір жыл нақты қамауда болады. Сот оны сыбайлас жемқорлыққа қатысы бар деп тапты.

Еуроодақ Ресейге қарсы санкцияны мақұлдады

Еуроодаққа мүше 27 елдің елшілері ресейлік оппозиционер Алексей Навальныйға байланысты Ресейге қарсы санкцияны мақұлдады, деп хабарлайды Inbusiness.kz порталы РИА Новости агенттігіне сілтеме жасап. Агенттіктің...

БҒМ 1 наурыздан бастап мектептерде сабақ қалай өтетінін түсіндірді

Білім және ғылым вице-министрі Шолпан Каринова 1 наурыздан бастап мектептердегі рұқсат етілген аралас форматта оқыту барысын түсіндірді. Вице-министр Facebook-тегі парақшасында 1 наурыздан бастап Қазақстан Республикасының...

Алматыда коронавируспен күрескен дәрігерлердің құрметіне ескерткіш қойылады

Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаев Instagram парақшасында бұл ескерткіш медицина қызметкерлеріне деген алғыстың символына айналатынын атап өтті. «Бүгін Алматының медицина мен жазушылар қауымдастығының өкілдерімен дәрігерлерге арналған...

Пандемия: кәсіпкерлер үшін салықты есептеу жеңілдетілді

Қазақстандық кәсіпкерлер үшін салықты есептеу жеңілдетілді және кейбір төлемдер алынып тасталды. Пандемиядан зардап шеккен секторларда жұмыс істейтін кәсіпкерлер үшін жаңа бөлшек салықтың арнаулы салық режимі...

Түркістан өңірінде 100-ге жуық белсенді «Nur Otan» партиясы қатарына қабылданды

Бүгін Түркістанда 1 наурыз – Партия күніне орай, бірқатар азаматты «Nur Otan» партиясына қабылдау іс-шарасы өтті. Жиында «Nur Otan» партиясы Түркістан облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Бейсен...

Алматыда ойын-сауық орталығында ата-аналар төбелесті

Әлеуметтік желіде Алматыдағы сауда орталықтарының бірінде болған төбелестің видеосы тарады. Полиция департаменті оқиғаға қатысты түсініктеме берді. Видео кадрларынан төбелестің балалар ойын алаңында болғанын байқауға болады....

Наурыз айында күн райы қандай болады?

Еліміздің көптеген аймақтарында күнтізбелік көктем белгіленген мерзімде келеді. Бұл туралы «Қазгидромет» орталығы мәлімдеді.  Консультативтік болжамға сәйкес 2021 жылғы наурызда Қазақстан Республикасының басым бөлігінде циклондардың өтуімен және...

Таразда Алғыс айту күніне орай 1000 түп ағаш көшеті отырғызылды

Алғыс айту күніне орай былтыр ғана облыс орталығында бой көтерген «Қазақ халқына мың алғыс» монументінің маңында мерекелік шаралар ұйымдастырылды. Онда қалалық зиялы қауым өкілдері,...

Қызылордада үйі өртеніп, нәрестесі қаза болған отбасыға баспана берілді

Қызылордада үйі өртеніп, нәрестесі қаза болған Текебаевтар отбасына жаңа баспана берілді. Oқиға биыл 18 ақпанында облыс орталығындағы Әл-Фараби мөлтек ауданында орын алды. Оқиға орнына шұғыл жеткен...

Алматыда КамАЗ көлігі жер астына түсіп кетті

Алматыда КамАЗ жүк көлігі жер астына түсіп кетті. Оқиғаның видеосын куәгерлер таратты, ал дәрігерлер көлік жүргізушісі жарақат алғанын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz. Әлеуметтік желілерде...

Наурызбай қажы ТАҒАНҰЛЫ. Адамға алғыс айтқанымыз – Аллаға шүкір еткеніміз

Аса қамқор, ерекше мейірімді Алланың атымен бастаймын! Аллаға мадақ, пайғамбарға салауаттар болсын! Елімізде шуақты көктемнің алғашқы күні алғыс айту мерекесімен басталады. Баршаңызды бірлік пен мейірімге...

Асқар Мамин «Роскосмос» басшысы Дмитрий Рогозинмен кездесті

Премьер-Министр Асқар Мамин «Роскосмос» ғарыш қызметі жөніндегі мемлекеттік корпорациясының бас директоры Дмитрий Рогозинді қабылдады, – деп хабарлады primeminister. Тараптар ғарыш саласындағы Қазақстан – Ресей ынтымақтастығының...

«Nur Otan» партиясының жанынан 9 жаңа қоғамдық кеңес құрылады

Осылайша, олардың жалпы саны 14-ке жетті, – деп хабарлады партияның баспасөз қызметі. «Nur Otan» партиясының Лидері, Елбасы Н.Назарбаевтың партияның «Өзгерістер жолы: Әр азаматқа лайықты өмір!»...

Талдықорған қаласына жаңа әкім тағайындалды

Алматы облысы әкімінің өкімімен Жасыбаев Ержан Бәкірбайұлы Талдықорған қаласының әкімі болып тағайындалды. Бұл туралы Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметі хабарлады. Ержан Бәкірбайұлы Жасыбаев 1965 жылы...

Белгілі әнші Индира Еділбаева «Nur Otan» партиясын таңдады

«Nur Otan»-ның құрылғанына 22 жыл толуына орай, партияның Алматы қалалық филиалы белсенді және жігерлі алматылықтармен толықты. Партияның жаңа өкілдері қатарында денсаулық сақтау, мәдениет және...

Әуе компанияларының табысы 41% азайды

Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі әуе компанияларының жылдық табысы 41% төмендегенін, ал жолаушылар тасымалы қызметі 6 пайызға арзандағанын хабарлады. Биыл қаңтарда еліміздің әуе компанияларының кірісі...

Белгілі журналистің еміне қаржы жиналуда

Бүгін «Қазақстан» телерадиокорпорациясы «Мың алғыс» қайырымдылық телемарафонын өткізеді. Шараның негізгі мақсаты – көмекке мұқтаж жандарға көпшіліктің атсалысуымен қолұшын созу, мейірімділікті, қайырымдылықты насихаттау, қайырымды жандарға алғыс...

Атырау дәрігерлері Алғыс айту күніне орай челлендж бастады

«Мерекелік шараға өңірдегі 35 медициналық ұйымның қызметкерлері қатысты»,-деп хабарлайды Атырау облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі. «Туған елге мың алғыс!» челленджі өңірде бір апта бұрын...

Дәрігерлердің жалақысы 561 мың теңгеге жетеді – министр

Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой 2023 жылы дәрігерлердің жалақысы 561 мың теңгеге жететінін айтты. Ведомство басшысы Президенттің биылдан бастап дәрігерлердің жалақысын кезең-кезеңімен көтеру міндетін қойғанын...

Әлем тұрғындарының қанша пайызында коронавирусқа қарсы антидене бар екені анықталды

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының бас ғылыми қызметкері Сумия Сваминатан Жер бетіндегі тұрғындардың қанша пайызында коронавирусқа қарсы антидене бар екенін айтты, деп хабарлайды РИА Новости.  Ұйым...

Әлемдік ақпарат кеңістігіндегі Қазақстан имиджі

Ақпарат кеңістігінде мемлекеттің имиджі мен медиаобразын жасау – дамушы елдердің алдында тұрған күрделі міндеттердің бірі. Қазақстан тәуелсіздік алған 30 жыл ішінде дүние жүзінің алпауыт...

Қазақстанда мерзімді әскери қызметке шақыру басталды

Осы көктемде 13 500-ден астам 18-27 жас аралығындағы мерзімді қызметтегі әскери қызметші ел Қарулы Күштерінің, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарының қатарын толықтырады. Қорғаныс ведомствосы...

ҚазҰУ ректоры француз ғалымдарына бірлескен археологиялық зерттеулер жасауды ұсынды

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ ректоры Жансейт Түймебаев Қазақстандағы Франция Республикасының Төтенше және Өкілетті елшісі Дидье Канеспен кездесіп, ғылым-білім  және мәдени бағыттар бойынша өзара ынтымақтастықты тереңдету...

Ресейдің ең бай депутаты қамауға алынды

Ресейдің Сахалин облыстық Думасының миллиардер депутаты Дмитрий Пашов қамауға алынды, деп хабарлайды РИА Новости.  Сот оған екі ай мерзімге қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасын қолдану...

«Борат 2» ең үздік комедия ретінде «Алтын глобус» лауреаты атанды

Лос-Анджелес пен Нью-Йоркте кино және теледидар саласындағы "Алтын глобус" сыйлығының 78-ші марапаттау рәсімі өтті. Коронавирус пандемиясына байланысты марапаттау тарихта алғаш рет виртуалды форматта өтті.  Ең...

Түркістандағы қайғылы оқиғаға қатысты алғашқы мәліметтер жарияланды

Түркістан қаласында орын алған қайғылы жағдайдың себебін анықтау үшін құзырлы органдардан құрылған топ болған жайтты жан-жақты тексеріп жатыр. Орын алған оқиғаның мән-жайын анықтаумен айналысатын...

15 жыл бойы қос азаматтығын жасырып келген павлодарлық жазаланды

Қос азаматтығын жасырып келген Павлодар облысы Железинка ауданының тұрғыны айыппұл арқалады, деп хабарлайды Pavlodarnews.kz. Аудандық соттың баспасөз қызметінің мәліметінше, Железинка аудандық полиция бөлімінің көші-қон қызметінің...

Бұл – қазақ халқының шексіз дархандығының жарқын үлгісі.

Джамалайл ЭЛИМХАНОВ, «Емир-Ойл» ЖШС басқарма басшысы: Қазақстан Тәуелсіздік алған сәттен бастап Тұңғыш Президентіміз Н.Назарбаев әрбір азаматтың өз Отанында қауіпсіз және жарқын өмір сүруі үшін және...

COVID-19: Елорда «сары» аймаққа енді

ҚР Үкіметі жанындағы Қазақстанда коронавирустың таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссия 2021 жылдың 1 наурызы күнгі қазақстан амақтарындағы эпидемиялық жағдайды бағалау матрициасын жариялады. Бұл туралы...

Бүгін «Nur Otan» партиясының құрылғанына 22 жыл толды

Бүгін «Nur Otan» партиясының құрылғанына 22 жыл толды. Партияның құрылуы мен қалыптасу тарихы Тұңғыш Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың есімімен тығыз байланысты. 1998 жылғы 21 қазанда Қазақстан...

ҚР еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің жаңа орынбасары тағайындалды

ҚР Үкіметінің қаулысымен Ержан Ерікұлы Біржанов ҚР еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі қызметіне тағайындалды. Бұл туралы ҚР Премьер-Министрінің баспасөз қызметі хабарлады. Ержан Біржанов 1979 жылы Солтүстік...

Алматы түрмесінен қашқан сотталушы Ақтөбеде ұсталды

Алматыдағы бас бостандығынан айыру орындарының бірінен қашып шыққан адам Ақтөбеде қолға түсті, деп хабарлайды ҚР Ішкі істер министрлігі Қылмыстық атқару жүйесі комитетінің баспасөз қызметі. «Алматы...

«Nur Otan» қатары жаңа мүшелермен толықты

Партияның 22 жылдық мерейтойы қарсаңында «Nur Otan» облыстық филиалында салтанатты түрде партия билеттері табыс етілді. Партияның аймақтық филиалының төрағасы, облыс әкімі Әбілқайыр Сқақов партия...

«Тұмар-2021» ұлттық телевизиялық байқауына өтінімдер қабылдау басталды

Бүгіннен бастап tvtumar.kz сайтында «Тұмар-2021» ұлттық сыйлығын алуға өтінімдер қабылдау басталды. Сыйлыққа 2020 жылы қазақстандық телеарналардың эфиріне шыққан телевизиялық жобалар қатыса алады. Өтінімдерді республикалық және...

Америкалық телеарна Трамптың саяси жоспарларын ашты

АҚШ-тың бұрынғы президенті Дональд Трамп елде жаңа партия құру мүмкіндігін қарастырмайтынын жариялайды. Оның саяси жоспарларын американдық Fox News телеарнасы ашты. "Біз жаңа партиялар құрмаймыз және...

Президент: Біртұтас және еңбекқор ұлт болсақ, көздеген мақсаттарымызға жетеміз

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың қазақстандықтарды Алғыс айту күнімен құттықтады. «Құрметті отандастар! Сіздерді Алғыс айту күнімен шын жүректен құттықтаймын! Елбасы 2015 жылы Қазақстан халқы Ассамблеясының сессиясында жариялаған осы...

Ақтауда жәндіктерді уламақ болған әйел көршісі мен оның 10 айлық сәбиін өлтірді

Пәтердегі жәндіктерді уламақ болған Ақтау тұрғыны көршісі мен оның 10 айлық сәбиін өлтіріп қойды. Бұл туралы Қоғамдық коммуникациялар орталығына сілтеме жасап Lada.kz хабарлады.  Зарарсыздандыру құралынан...

Елбасы қазақстандықтарды Алғыс айту күнімен құттықтады

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев қазақстандықтарды Алғыс айту күнімен құттықтады, деп хабарлайды Elbasy.kz. Қымбатты отандастар! Алғыс айту күні Қазақстан халқының бірлігін паш етеді,...

2020 жылдың ең танымал құпиясөздері анықталды

2020 жылы қандай құпиясөздер жиі қолданылды? Бұл сауалға DLBI деректер ағынын барлау қызметін жасаған зерттеуге сілтеме жасай отырып "Известия" басылымы жауап берді.  Рейтинг көшбасшысы тағы...

Жел, көктайғақ: Еліміздің 9 өңірінде ескерту жарияланды

1 наурызда елорда мен 8 өңірде ауа райына байланысты ескерту жарияланды, деп хабарлайды "Қазгидромет". 1 наурызда Нұр-Сұлтан қаласында жел, көктайғақ болады. Оңтүстік - батыстан соққан...

1 наурыз: Атаулы күндер мен оқиғалар

Бүгін – елімізде Алғыс айту күні. Бұл мереке  ҚР Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың 2016 жылғы 14 қаңтардағы Жарлығымен бекітілген. 1995 жылдың 1 наурызында елімізде...