Президент сыйлығы берілді

4 шілде, 2013 / Дана Ізтілеуова
ашық дереккөзі
Президент сыйлығы берілді

Биылғы жылғы  Президент сыйлығы екі ақпарат құралының басшысына берілді. Оның бірі – «Алаш айнасы» газетінің бас редакторы Серік Жанболат болса, екіншісі – «Еуразия» Бірінші арнасы­ның бас директоры Сергей Киселев. Мерекеге орай тапсырылған прези­дент­тік гранттарды «Ас­тана» телеарнасы­ның арнайы жобалар бөлі­мінің продюсері, тележүргізуші Әйгерім Әбілдина мен «Хабар» телеарнасының тіл­шісі Артем Ис­то­мин иеленді. 

Ал «Алаш Медиа Групп» холдингінің Бас дирек­то­ры Батыр Қазыбаев «Tengrinews.kz» пор­та­лы үшін Мемлекет басшысының алғыс­ха­тына ие болды. Сонымен бірге,  Ақтөбе облыс­тық «Актюбинский вестник» газетіне, «Дружные ребята» балалар газеті мен «Алау» теле­ра­дио­­ком­паниясы да Алғыс хатпен марапатталды.

Салтанатты шара барысында Мем­ле­кет­тік
хатшы М.Тәжин: «Соңғы кездері бірнеше рес­пуб­лика­лық телеарна ашылғанын бі­ле­­сіз­дер.
Отандық интернет-ресурс­тар қар­қындап көбейіп жатыр. Сонымен бірге ақпарат
құрал­дары алдына сапалы түрде жаңару мә­се­лесі шығып отыр. Өзгерістерге
қарамастан, қазіргі медиа саласында объективтілік, шы­найы­лық, ақпарат­ты та­разылау
сияқты базалық құндылықтар ба­сым­дық­қа ие бола бермек», – деді. 

Прези­дент сыйлығы – күллі қазақ баспасөзінің же­тіс­тігі.
«Алаш айнасы» газетінің бас редакторына берілген сыйлықты бүткіл қазақ
баспасөзіне берілген марапат деп қабылдағанымыз абзал. Мұны «халықтың көзі мен
құлағына, тіліне» айналған қазақ баспасөзінің жарқын жеңісі деп санаймыз.

Гүлзина
БЕКТАС