Жаңалықтар

ҚҰНАРСЫЗ ЖЕРГЕ ӨСКЕН ЖҮЗІМ

ашық дереккөзі

ҚҰНАРСЫЗ ЖЕРГЕ ӨСКЕН ЖҮЗІМ

Бұл істі шаруа қожалығы осыдан төрт жыл бұрын қолға алған болатын. «Келісіп пішкен тон келте болмайды» дегендей кім қарсы, кім қалыс деп, тіпті дауысқа салып тамшылатып суару жүйесін ақыры қолға алдық»,– дейді. Жүзімдікке су жеткізу үшін шаруалар ұңғыманы бұрғылау арқылы сорғымен су тартады екен. Тамшылатып суару әдісінің құрылғылары 64 гектар алқапқа орнатылып, жүзімбақ жасау мүмкін болыпты. Шаруа қожалығының агрономы Әбдіәкім Жүнісов: «Іс ілгері басты. Көшеттер жақсы өнді. Осыған байланысты өткен жылы жүзімбақтың көлемін арттыруды қолға алып, егістік алқабын 110 гектарға дейін көбейттік. Келер жылы тағы да 80 гектар жерге жүзім көшеттерін отырғызсақ дейміз. Біздер жүзімнің шараптық емес, асханалық сұрыпын өсірудеміз», – дегенді айтады. Жаңа алқаптарды сумен қамтамасыз ету үшін тамшылатып суару жиынтығы тағы да толықтырылған. Базар сөрелерін жүзіммен тек жазда ғана емес, қыстыгүні де қамтамасыз ету үшін қожалық сыйымдылығы 1000 тоннаға жететін тоңазытқыш сатып алыпты.

Дәурен ӘБДІРАМАНОВ