Жаңалықтар

СНОУДЕН САЛҒАН ӘЛЕК

ашық дереккөзі

СНОУДЕН САЛҒАН ӘЛЕК

 Бірақ билікте отырғандар тек өз мүдделері үшін әрекет етуде”, – деді ол. Сондай-ақ германиялық және бразилиялық басылымдарға берген арнайы сұхбатында “Америка Google, Facebook, Apple, Microsoft сияқты алпауыт корпорацияларды өз мүддесіне пайдаланады”, – деді халықты дүрліктіріп. 

Джулиан Ассанждың ерлігін қайта­ла­ған 29 жасар Сноуден бұдан басқа да құпия мәліметтерді жария етті. Әсіресе байланыс операторы мен әлеуметтік желілер Ақ үйдің пайдасына жұмыс істеп, барлық ақпаратты қалтқысыз жеткізіп отырған. Сноуден берген құжаттарға сүйенген ұлыбританиялық Guardian мен Washington Post басылымдары АҚШ үкіметінің азаматтарға тыңшылық жасайтын аса құпия Prism бағдарламасы туралы жазған еді. Оның айтуынша, бағдарлама ірі интернет компанияларының серверлерінен АҚШ пен шетелдердегі миллиондаған адамдардың телефондағы жазбалары мен интернеттегі деректерін тікелей ала алады. Бұл мәселенің ақ-қарасы өз алдына, алайда аталған желілердің біздің елімізде де кеңінен танымал екені ойға оралады. Олай болса кез келген қазақстандық туралы мәлімет, құпия ақпарат пен әңгімелер дереу жазылып отырады. Бұл – осы желілерді пайдаланатын әлем елдерінің құқығын толық таптау.

Осы ретте ҰҚА әлеуметтік желілердің ешқашан құнды ақпарат көзі болмағанын және интернет желілердің мәліметін әрдайым пайдаланып келгенін ашық айтты. «Ұлттық қауіпсіздік қызметі мен FBI (федералдық тергеу бюросы) АҚШ-тағы 9 үлкен интернет компанияның серверінен керекті ақпаратын алып отырғаны жасырын емес. The Washington Post-тың қолында олардың аудио, видео, сурет, электронды хат, құжат, журнал, шетелдіктерді бақылайтын ақпарат секілді мәліметтерді жинағанын анықтайтын құпия құжат бар. PRISM деген бүркеншік атпен аталатын бағдарлама бұған дейін еш жерде жарияланбаған-ды. ҰҚҚ өздерінің құпияға қанық екенін, кодтарды бұзатынын, ақпараттар базасына еркін енетініне мақтанады. Алайда, бұған дейін Google мен Facebook ешқашан құнды ақпарат көзі болып табылмаған еді», – деп жазады The Washington Post басылымы.

Басылым бұдан кейін де осы оқиғаға қатысты бірнеше мақала жариялады. 9 компания – Microsoft, Yahoo, Google, Facebook, PalTalk, AOL, Skype, YouTube, Apple қатаң бақылауда болған. Билл Гейтстің компаниясы 2007 жылдың 11 қыркүйегінен бастап мәлімет беріп отырған. Apple компаниясы тек былтырғы қазаннан бері бұл тізімге қосылған. Ақпаратты алғаш таратқан Guardian басылымы Ұлыбританияның қауіпсіздік қызметі де интернет қолданушыларды бақылап отырғанын жазады. Guardian газеті есімі жария болуын Сноуденнің өзі қалағанын жазады. NBC арнасына берген сұхбатында «Мұны кім жасап отырғанын анықтаймыз деп,– үміттенемін. Бұл біздің елімізге зиянды және азаматтарымыздың қауіпсіздігіне нұқсан келтіреді» деп мәлімдеді барлау комитетінің басшысы. Телефонмен сөйлесудің құпиялығы АҚШ Конституциясының төртінші түзетуінде қатаң сақталуы керек екені жазылған. Оқиғаның өршігені сонша, Ақ үй басшысы Барак Обаманың халық алдында мәлімдеме жасауына тура келді. Ол ешкімнің телефоны тыңдалмайтынын жеткізді.

Гонконгта «АҚШ заң алдында мені жауапқа тартады, тыңшылық жасады деп айыптайды, өйткені мен олардың жауларына көмектесті деп есептейді» деген Сноуден мырза өзінің Ұлттық қауіпсіздік агенттігіне қалай келгенін айтқан. Алдымен әскери қызметке алынып, кейіннен Иракты басып алуға қатысқан. «Әлемді зұлымдықтан арашалаймыз, біз көмекке зәру халыққа қол ұшын созудамыз деп ойладым»,

– дейді ол. Алайда біраз уақыт өткен соң қызметі өсіп, шынайы мәліметтің бел ортасына кіргенде ақиқаттың басқа арнасына тап болады. Бұл мәліметтер ешбір бұқаралық басылымдарда жарияланбайтын. «Біз халықты алдап жүргенімізді, америкалықтарды ғана емес бүкіл әлемге бұрыс көзқарас қалыптастырғанымызды ұқтым. Өзім де осы жүйенің құрбаны болдым», – деді ол.

Бүгінде саяси баспана іздеп жүрген Эдуард Сноуден басқа да құжаттарды жария ететінін айтуда. Сондай-ақ АҚШ-та әділеттілік жоқ деп сенген Сноуден әділетті Гонконгтан іздеген болатын. Ресейден пана сұраған экс-агент Владимир Путиннің шарттарынан кейін өтінішін қайтарып алды.1 шілдеде Владимир Путин «Сноуден Ресейден саяси баспана алғысы келсе, Ресейдің америкалық әріптестеріне қарсы жұмыс істеуін доғарсын» деген еді. Ресей сыртқы істер министрі Сергей Лавров Брунейде өткен Оңтүстік-шығыс Азия елдері ассоциациясының (АСЕАН) саммитінде АҚШ мемлекеттік хатшысы Джон Керримен кездескен. Кездесуден кейін Лавров мырза Сноуденнің Ресейде болмағанын баса айтты.

P.S. АҚШ-тың құпиясын ақтарып, саяси әрекеттерін әшкере еткен агентті қалай атауға болады? Ол әлем елдерінің көзін ашты ма, әлде «атың шықпаса жер өртенің» жетегінде кетті ме? Сноу­ден South China Morning Post басылымына берген сұхбатында өзін «ешқандай сатқын да, қаһарман да емеспін, мен тек америкалықпын» деп атаған. Ол Гонконгта қалып, АҚШ үкіметімен соттасуға дайын екенін, Гонконгта заң үстемдік ететініне сенетінін айтты. Алайда қазір оның қайда екені белгісіз.

 

Ақниет Оспанбай