ОРЫНСЫЗ АЙЫПТАУДЫҢ ӨРЕСІ ТАР

ОРЫНСЫЗ АЙЫПТАУДЫҢ ӨРЕСІ ТАР

ОРЫНСЫЗ АЙЫПТАУДЫҢ ӨРЕСІ ТАР
ашық дереккөзі

Дау-дамайдан қашанда аулақ жүретін Сәбит Досановтың сабылуына Тұрсынәлі Рыскелдиев дегенжазушы себепкер бопты. Жазушының қазақ халқының бүтіндей бір ғасырлық өмір-тарихын шебер тілмен тамаша суреттеп жазған төрт томдық «Жиырмасыншығасыр» роман-эпопеясы туралы айта келіп, оған «Аса шебер әдебиет ұрысы» деген жала жапқанТ. Рыскелдиев, баспасөзбен теле арнаны шулатып, осыуақытқа дейін 25  том кітабы жарық көрген Досановтың басын дауға қалдырғанымен қоймай, бір жыл бойы Алматы қалалық сотына сүйреп, бір миллион теңге талап еткен. Тұрсынәлі Рыскелдиевтің сондағы уәжі – «Досановтың Мемлекеттік сыйлық алған «Жиырмасыншы ғасыр» роман-эпопеясының екінші кітабында («Ұйық») менің «Таутағысы» романыммен «Ұлыкөш» романымның 1-ші, 2-ші кітаптарындағы оқиғалары, ойлары өріп жүр» деген шағым. Екі жазушының да романындағы Рыскелдиев айтып жүрген ұқсастық­тарды сотта қарамай-ақ, Жазушылар одағында арнайы комиссия талқылап, сараптама жасалынып, әділдігі айтылуы керек еді, алайда олай болмаған. Бір жыл бойы сабыр сақтап, соттың әділ шешімін күткен Сәбең ақыры жеңіп шыққан. Баспасөз мәслихатына қатысқан жазушы Тұрсын Елеусізов, ақындар Мырзан Кенжебай мен Әмірхан Балқыбек, заңгер Нарынғали Жұмабаев, әдебиетші Құралай Аққошқарова сөз сөйлеп, Рыскелдиевтің көзсіз талабы Сәбит Досановқа жабылған нақақ жала, қысастық пен күншілдік екенін ашып айтты. «Халық жанын қорғаушы образ – Ақбасқыран «Жиырмасыншы ғасыр» романында өмір мен бүкіл романның өн бойында өрбіп отыратын алыс эпостардан жеткен халықтық идеалдардың мәңгілігінің символы. Халық жанын білдіретін және ғасырлардан-ғасырларға қорғап келе жатқан, өзінің үздік ұлдары үшін алаңдайтын ғажайып Ақбасқыран образы бұған дейін әдебиетте болған емес» деп, Сәбеңнің жүйкесіне жүк боп тиген жаланың жолын кескен әділ заңның күшіне мінгенін айтты олар. Сонымен, Досановты бір жыл бойы сансыратқан дауға біржола нүкте қойылды деуге болады.   

      

Төре Ғали Айқын