Қайтарылып алынған қайран жерлер
Қайтарылып алынған қайран жерлер
Мәселен, прокурорлар жер учаскелерін түгендеу кезінде жергілікті атқарушы органдар тарапынан 2008-2011 жылдар аралығында тұрғын үй салуға берілген 225 учаскесінің игерілмегенін анықтады. Тексеру нәтижесі бойынша барлық жер учаскелерінің иелеріне жерді тиісті мақсатта пайдалану қажеттігі жөнінде хабарламалар жіберілді.
Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 92-бабына сәйкес, егер тұрғын үй құрылысына немесе басқа құрылысқа берілген жер учаскесі екі жыл ішінде белгіленген мақсатта пайдаланылмаса, меншік иесінен және жер пайдаланушыдан олардың еркінен тыс алынуға жатады.
Осы Кодекстің 94-бабына сәйкес, меншік иелерінен және жер пайдаланушылардан жер учаскелерін Кодекстің 92-бабында көзделгендей олардың еркінен тыс мемлекет иелігіне алу осы жер учаскелері орналасқан жердегі жер ресурстарын басқару жөніндегі аумақтық органның арызы бойынша сот тәртібімен жүзеге асырылады.
Сонымен қатар, осы баптың тәртібіне сәйкес сотқа жүгінуден бұрын жер учаскесінің иелерін бір жыл бұрын ескерту қажет екен.
Осындай жүйелі жұмыстың нәтижесінде үстіміздегі жылдың мамыр айында қалалық прокуратураның талабы бойынша аумақтық жер инспекциясы жер учаскелерін пайдалануға қайтадан тексеру жүргізіп, тиісті ескерту жасалғаннан кейін де 107 жер учаскелерінің белгіленген мақсатта пайдаланылмай отырғандығы анықталды.
Анықталған заң бұзушылыққа сәйкес Алматы қалалық аумақтық жер инспекциясы сотқа белгіленген мақсатта пайдаланылмай жатқан жалпы көлемі 8,5 гектар 89 жер учаскелерін мемлекет иелігін қайтару жөніндегі талап арыз жіберді.
Қазіргі таңда қалалық прокуратура осы бағыттағы жұмыстарды жалғастыруда.
Алматы қаласы