ШЫҢҒЫСХАНДЫ БІЗ ДЕ ТҮРКІ ДЕЙМІЗ

ШЫҢҒЫСХАНДЫ БІЗ ДЕ ТҮРКІ ДЕЙМІЗ

ШЫҢҒЫСХАНДЫ  БІЗ ДЕ ТҮРКІ ДЕЙМІЗ
ашық дереккөзі

 Еуразиядағы шекаралар қалай бөліске түсті, кім қай жұртпен қалай келісімге келді? Бұл мәселелер де қазір анықталу үстінде. Мәселен, қазіргі Моңғолиямен арадағы шекараны алайық. «Бурят пен моңғол бір ел» деген байламдар да айтылып жатыр. Бұл байлам бойынша: шекара түскенде бір халық (орман және дала буряттары болып)  екіге бөлініп қалған. Әйтпесе, тілі, діні, әдет ғұрпы, салты, дәстүрі бірдей. Бір ғана мысал, екі ел де «ұлы хурал» деп сөйлейді. Ал Шыңғысхан түркі тілінде, соның ішінде көне қыпшақ тілінде сөйлеген дейді. Ұлы Құрылтайда бұрынғы Темірші Шыңғысхан болып бекітіліп әрі осылай аталып тарихқа жазылды. «Шыңғыс» термині негізінен ол кезде биіктен, ел үстінен қарау мағынасын білдірсе керек.
Қазіргі қазақ елінің жартысынан көбін құрап отырған көп ру (найман, керей, қоңырат, жалайыр, меркіт, қият, уақ, суан, т.б.) кезінде Алтай тауының арғы бетін мекендегенін тарихтан білеміз. Шынтуайтына келгенде, Алтайдың арғы бетін (Орқын, Онон, Керөлең, Байөлке, Қобда өзендерінің алқаптары) көне қазақ жерінің аса зор бір аймағы деп айтуға әбден болады. Бұл рулардың бәрі байырғы қыпшақ тілінде сөйлеген. Мәселен, әкесі Теміршіні қоңыратқа алып барып Бөртеге құда түскенде ол  басқа ұлттың баласы болса кеудеден әрі итерер ме еді. Сондай-ақ Шыңғыстың өзі керейдің Тоғырыл ханына немесе найманның Таян ханына барғанда,ал кейін қасындағы меркіт, жала­йыр, тағы басқа толып жатқан руларды бір тудың астына жинағанда қасына ешқандай аудармашы ұстамаған. Яки, бәрінің түпкі негізі бір болған соң әрине, бір тілде түсініскен ғой. Сол кезеңдерде қазіргі қазақтың барлық ру-тайпасының өз хандары, билеушілері болғаны белгілі. Кейін қытайлардан қырғын тапқан жоңғардың біраз бөлігі қазақ даласын басып, Еділ жағалауына қашып келіп пана тапса, енді біраз бөлігі (ойрат, хошауттың бір тобы) Алтай асып, жаңағы моңғолдарға (яғни, буряттарға) келіп қосылған. Бұл арада Шыңғысхан тұсынан қалған аз ғана қазіргі қазақ рулары да бар болатын. Сөйтіп, бәрі кезінде «Мыңдаған қол» жиналған аймақта тоғысып (Қытай жылнамашылары «Минкол», ал орыс жағы «Мангол» деп жазған) бір елге айналды. Мыңдаған қол алғашқы рет сахарада бір тудың астына жиналған соң бүкіл көшпелі халық осылай «Мыңқол» жиналған жер деп атаған. «Мыңқол» тек әкімшілік атау алған сөз
Мәселен, орыстың зерттеуші ғалымы, академик В.Федотовтың «Записки о границах окружающие государствами Россий» деген зерттеу кітабында былай делінеді: (93 бет, 1997 жыл)
«… В современной Монголии, хотя они называют себя монголами, фактически они принадлежат народам Бурятии. Когда- то русские установили границу, народ бурят раскололся на две части, лесные и степные. У них общие традиции, обычаи, язык и даже одинаковая одежда. Оба народа веры будды. Их население очень малочисленно.
Бурят-монголы не могли выступать против других государств, таких как великий Китай и других империй. Поэтому буряты в данное время (монголы) не в состоянии были тогда образовать мировую державу, так как они были очень малочисленны.
А Чингис хан и подчиняющиеся ему роды, племена были только кипчаками. Они говорили на кипчакском языке (древнеказахском языке).
А слово Монгол произошло от термина «тысячи рук» что в переводе с кипчакского означает (минкол), с допущением летописных ошибок, в мировой арене слово минкол – стало называться монгол.
После Чингис хана, во время правления других ханов, все племена и рода когда-то подчинявшиеся великому хану, преодалели Алтайские горы и поселились на нынешней территории современного Казахстана. Эти племена с древних времен занимались скотоводством. Поэтому их и заинтересовало плодородная земля Прииртышья и Семиречья. В нынешнее время все те кто когда- то создавшие великую империю перешли на территорию Казахстана, в данное время они образуют половину населения казахского народа…»
Құда түсу, бесік құда болу немесе атастыру жайында да айта кетейік Бұл – қазақ елінің ескіден келе жатқан дәстүрі. Шыңғысханның әкесі осы дәстүрмен кішкене ұлын Қоңырат тайпасына алып келген. Тоғырыл хан және оның әскерімен әрбір жорыққа барған сайын аралас-құралас жүрген сарбаздары да бөлек ұлттың әскеріндей емес, емен-жарқын араласып, бірге соғысқан. Араларында пәлендей  тіл айырмашылығы болмаған. Сонымен қатар тағы бір айта кететін мәселе, жауға шапқанда бәрі де «әруақ, әруақ» деп ата-бабаларының әруағын шақырып, содан күш алып, дұшпанына атойлап, зәресін ұшырған (орыс жылнамашылары «уррақ» деп қате жазып алған әрі осы сөзден олардың «ура-сы» шыққан).
Шыңғысхан да, оның әр рудан жиналған мыңдаған әскері де кезінде бір ұлт немесе өздерінің біртұтас халық екенін түсінбеген.
Әрбір ру және тайпалар қыс қыстауы, жаз жайлауы бөлек болғандықтан, өздерін бөлек елдей сезінген. Бірақ бәрі бір тілде, сөйлеген әдет- ғұрпы, дәстүрі, салты, ұстанымы біреу-ақ екеніне ешкім сол уақытта көңіл бөлмеген. Әйтпесе, бәрі кешегі ғұндардың, одан кейінгі Тоныкөк, Білге қағанның ұрпақтары екені шындық қой.

                                                        Алтай – түркінің темірқазығы

Шыңғысхан Орталық Азиядағы Хорезм империясын жаулап алған кезден бастап, қалың қол Алтай тауының бергі беті – ну тоғайлы, шөбі белуардан келетін суы мол Ертісті көргеннен кейін бұл өлкелердің керемет екенін байқады. Жетісу алқабын басып өткен мезгілде де бұл жақтарда қыс қыстауға, жаз жайлауға өте қолайлы екенін, өз жеріндей жусанды, ақ селеулі емес, гүл, аттың жалына жетерліктей түрлі қалың шөп өскен аса құнарлы атырапқа тап болғандарын аңғарды. Кезінде Шыңғысханнан ығысқан найман тайпаларының біраз бөлігі осы аймаққа жайғасып та алған еді. Шыңғысхан Қытайды, Хорезмді жаулап алып жатқан уақытта көптеген рулар ханның қаһарынан қорқып бөлініп кете алмады. Шыңғысханнан кейінгі хандардың тұсынан бастап олар біртіндеп-біртіндеп Алтайдан бері асты. Сөйтіп, қазіргі қазақ даласына кеңінен жайылды. Арғы бетте өте аз рулар қалды. Алтайдың бергі жағына өткен ру-тайпалар, мұндағы үйсін, сары үйсін, дулат, қаңлы, арғын, қара қидан, қауғырас тайпаларына келіп қосылды. Бұлардың да тіл, дәстүр, әдет-ғұрып жағынан өздеріндей екенін көрді, келе-келе бір елге айналып, қазақ деген атау алды. Кезінде Ұлы тарих жасалған дала Алтайдың арғы бетінде қалды. Оны жасаған ру-тайпалар бері асып кетті. Ол далада бурят-моңғолдар, чжурджендер (Изинь әулеті), ойрат, хошоуыттың біраз тобы, бірен саран қазақ рулары қалды. Өздері еш уақытта ұлы жорыққа түспеген, қағанат (империя) құрмаған ел бәріне негізсіз ие болып қалды.

                                                                                                                            Бейсенғазы Ұлықбек,
                                                                                       Қазақстан Журналистер одағының мүшесі

Автордан: Материалды жазған кезде А.Соловьевтің «Речь терминов» (Терминдер сөйлейді), В.Федотовтың «Записки о границах окружающие государствами Россий» кітабы, Дальдің сөздігі пайдаланылды.