Жаңалықтар

БАЛҚАШТЫҢ МЫСЫ ӨНДІРІЛГЕН КҮН

ашық дереккөзі

БАЛҚАШТЫҢ МЫСЫ ӨНДІРІЛГЕН КҮН

 Ең алғаш Балқаш мысы  1928 жылы өндірілген екен. Кейбір деректерге сүйенсек, дәл сол уақыттарда  ленинградтық геолог Михаил Русаков жүргізген экспедиция нәтижесінде Қоңырат төбелерінде кеннің мол қоры бар екендігі анықталған деп жазылады. Кен орны табылған соң,  1931 жылдың сәуір айында «Цветметзолото» басқармасы Балқаш көлінің жағалауында пирометаллургиялық зауыт салу туралы шешім қабылдайды. Осылайша,  Балқаштың алғашқы қара мысының өндірілгеніне 75 жыл толып отыр.Бүгінде  Балқаш өңіріндегі кәсіпорындарда 10 мың адам еңбек етеді. Балқашта өндірілген мыс, күміс пен алтын алыс және жақын шетелдерге экспортталады. Бұл кәсіпорындар бір ғана өңірдің экономикалық-әлеуметтік ахуалын көтермейді, еліміздің де экономикасының дамуына қомақты үлес қосуда. Ал Балқаш мыс балқыту зауыты еліміздегі  ең маңызды индустриалдық нысандарының бірі болып саналады.Жуырда мерейтой жараларына орай,  Балқаш мыс балқыту зауытының мыс балқыту цехында Балқаш өндірістік алаңының бұрынғы және қазіргі басшыларының, жергілікті және аймақтық атқарушы билік өкілдерінің, кәсіпорын ұжымының, ардагерлер мен қаладағы қоғам өкілдерінің қатысуымен мерейтойлық балқыту рәсімі өтті. Сондай-ақ,  мереке күндері компанияның барлық өндірістік алаңдарында спорт жарыстары, өндіріс озаттары мен ардагерлерді ұлықтау шаралары, концерттік бағдарламалар ұйымдастырылады. Компания мерейтойға арнап,  84 млн. теңге мөлшерінде қаражат бөлді. Бұл қаржы өндірісте мерт болғандардың отбасылары мен жарақат алып, мүгедектікке ұшыраған жандарға арналған жәрдемақыларды да қамтиды.  Сонымен бірге, мереке күндері жергілікті атқарушы билік пен компания басшылығы үздік жұмыскерлерді алғысхаттармен және ақшалай сыйлықақылармен марапаттады. «Қазақмыстың» 37 қызметкері үшінші және екінші дәрежелі «Еңбек даңқы» төс белгілеріне ие болды. Бұған қоса, Балқаш мысының 75 жылдығына орай, ең үздік 10 жұмыскерге жаңа автокөлік кілті табыс етілді.  Салтанатты рәсім барысында: «Металлургтер мен кен байытушыларды, металлургия саласында еңбек ететіндердің барлығын мерекелерімен құттықтаймын! Сонау 38 жылы, осында, Балқаш зауытында алғашқы қазақстандық қара мыс өндірілген болатын. Бұл Балқаш мыс балқыту зауытының еңбеккерлері үшін де, жалпы Қазақстанның түсті металлургиясы үшін де тарихи күн болып табылады», – деді Тау-кен өндіру кешенінің Бас директоры Бақтияр Қырықпышев.Шынар  Саметова