Жаңалықтар

«ЭКОСАҚШЫ» ҚАЛА ТАЗАЛЫҒЫН ҚАДАҒАЛАЙДЫ

ашық дереккөзі

«ЭКОСАҚШЫ» ҚАЛА ТАЗАЛЫҒЫН ҚАДАҒАЛАЙДЫ

 Бұл басқосуда «STOP­Қыл­мыс» респуб­ли­ка­лық­ қоғамдық іс-шарасы басталғаны жарияланды. Науқанның негізгі мақсаты – қоғамдық шағын құқық бұзушылықтардың алдын алу, халықтың құқықтық мәдениетін қалыптастыру. Бүгінгі таңда «Қоршаған ортаның ластану деңгейін  төмендету» бағдарламасы аясында қаламыздағы автокөліктерді тексеруден өткізетін 13-экологиялық бақылау бекеттері құрылып, жұмысына кірісіп кетті. «Экосақшы» акциясының нәтижесінде 3862 ұсақ заң бұзушылықтар анықталып, 14 028 154 теңге көлемінде айыппұл салынып, оның 2 278 317 теңгесі өндіріліп алынды. Сондай-ақ Алматы қаласы Әкімдігі тарапынан қаланың экологиялық хал-ахуалын жақсарту мақсатында кешенді жұмыстар жүргізілуде. Қаладағы газбен жүретін автобустар санын көбейту, жеке сектор мен мекемелерге газ құбырларын жүргізу, жанар-жағар майдың сапасын үнемі қадағалап отыру мәселелері жедел жүргізілуде.  Мақсат ҚҰСАЙЫНОВ