Жаңалықтар

«ҚАЗАҚСТАН ДАУЫСЫ» ШАҚЫРАДЫ!

ашық дереккөзі

«ҚАЗАҚСТАН ДАУЫСЫ» ШАҚЫРАДЫ!

 Бұл телевизиялық шоу  алғаш рет Нидерландының  RTL4 телеарнасында «The  Voice of  Holland» деген атпен дүниеге келген болатын.  Әлемнің бірнеше еліне тарап, көпшіліктің ықыласына бөленген тележоба бүгінде қазақ ән әлеміне де келіп жетті. Жаңа жобаның басты мақсаты – ел арасында  жүрген  асқақ дауысты, жезтаңдай әншілердің арасынан ең  мықты әншіні таңдап алу. Жобаға 18 бен 45 жас ара­лы­ғындағы кез келген өнерпаз қатыса алады. Іріктеу еліміздің бір­неше қала­сында өтпек. 24 шілде Семей­ қаласының мәдениет үйін­де (Момышұлы көшесі, 43-үй), 26 шілдеде Астанада, «Опера» караоке клубы (Қорғалжың тас жолы, 2 «А»), 27 шілде Ақтөбеде, Ғ.Жұбанова атын­дағы  Ақтөбе облыстық филармониясында (Победа көшесі, 31-үй),  28 шілде Ақтау қаласының Абай атындағы ойын-сауық кешені (4-ық­шам аудан, 77-ғимарат) және 3 тамыз күні Алматы қаласында (Төле би көшесі, 296 «А», Өтеген батыр көшесінің қиылысы)  іріктеу өтеді. Іріктеуге  қатысушы жеке куәлік пен оның екі дана көшірмесін әкелуі қажет. Бұл тележоба қазақтың әнсүйер қауымының жүрегіне жол тартатын нағыз өнер сайысы болмақ.   Индира Байсалбекова