Жаңалықтар

Ұлы Қытай қорғанын тамашалады

ашық дереккөзі

Ұлы Қытай қорғанын тамашалады

Өткен аптада Қытай Халық республикасындағы Қазақстан елшілігі мен Қытайдың балалар  бейнелеу өнері қауымдастығының шақыруымен, сондай-ақ «Эйр Астана» компаниясының демеушілік қолдауымен Алматы облысы, Үштөбе балалар үйінің тәрбиеленушілері Бейжің және Ханчжоу (Чжэцзян өлкесі) қалаларында болып қайтты. 

Осы сапар кезінде Ханчжоуда қазақстандық жасөспірімдердің  делегациясы Халықаралық балалар көркемөнер көрмесіне қатысып, Бейжің қаласының көрікті орындарымен танысты. Сондай-ақ олар Ұлы Қытай қорғанын тамашалап, жергілікті ұлттың тағамдарынан дәм татты. 

Бұл ізгі шара тұрмыстық деңгейі төмен әлеуметтік топтардағы  балалардың дүниетанымын кеңейту және ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың қазақстандық балаларға қамқорлық көрсету жөніндегі міндеттерді орындау аясында жүзеге асырылды. 

Индира Байсалбекова