Жаңалықтар

ҚАШАҒАН МҰНАЙЫН ҚАШАН ПАЙДАЛАНАМЫЗ?

ашық дереккөзі

ҚАШАҒАН МҰНАЙЫН ҚАШАН ПАЙДАЛАНАМЫЗ?

Қазақстандағы Қашаған кен орнын шетелдік инвесторлардың игере бастағанына 15 жылдай уақыт болды. Солтүстік Каспий жобасы аталған бұл кен орнының қоры әлемде теңдессіз болып саналады. NCOC компаниясының есебі бойынша, мұндағы мұнай қоры 11 миллиард баррельге бағаланып отырса, жалпы геологиялық шикізат қоры – 35 миллиард баррельге дейін. Аляскада 1968 жылы Прудхо-Бэй мұнай кен орны осындай ірі мұнай қорымен ашылған екен. Қашаған – сол кен орнынан кейінгі екінші орынға ие. Егер ондағы табиғи байлық қорын сарапқа салар болсақ: 

Қазір бұл жобаға қатысушы компаниялар: «ҚазМұнайГаз», Ени, Тоталь, ЭксонМобил, Шелл – 16,81 пайыздан, КонокоФиллипс – 8,40 пайыз, Инпекс – 7,56 пайыздан. Қазіргі ақпарат құралдарындағы мәліметтерге сүйенсек, «ҚазМұнайГаз» өзінің осы 16,81 пайызын қытай компанияларына сатып, Коноко Филлипстің – 8,4 пайызын сатып алмақ. Бұл Reuters ақпараттық агенттігінің «ҚазМұнайГаздың» бұрынғы басшысы Ләззат Қиыновтың сұхбатына сүйене отырып таратқан мәліметі. Соңғы мәліметтер «ҚазМұнайГаздың» КонокоФилипстің акциясын сатып алып, оны Қытайдың СNPС мұнай компаниясына сататындығы туралы айтуда.

Menafn басылымы Қытайдың Қазақстанға Қашаған кен орнын игеру үшін кететін шығындарды жабу үшін несие беретіні жайлы жазады. «Қашағанға жұмсалған «Қаз МұнайГаздың» шығындарын жабу үшін Қытай несие береді, алайда бұл қар­жыландыру емес» делінген онда. Бұл ақпарат көзінің айтуы бойынша, «ҚазМұнайГаз» Қытайға өз үлесінің тең жарымын, яғни 8,4 пайызын бөледі. Бұл үшін Қытай компаниясы – 5 миллиард доллар төлемек. Ал несие – Қазақстанның ұлттық компаниясы үлесінің екінші жартысы үшін берілетін көрінеді. 

Жоспар бойынша, Қашаған мұнайын игеру – биылғы шілденің 6-сына тиесілі еді. Алайда, ондағы барлау, бұрғылау жұмыстарының әлі жүргізіліп жатқанына қарамастан, келесі мерзім – қазанның басына жылжыды. Алайда сарапшылар, 2013 жылы Қашаған мұнайын игеру мүмкін емес екендігін айтады. Бірақ соған қарамастан, 14 шілдеден бастап, түссіз газды бере бастағандығын мәлімдеді.

Есенгүл КӘПҚЫЗЫ