Жаңалықтар

ЫБЫРАЙДЫҢ ӨСИЕТІН ҚЫЛЖАҚ ЕТІП...

ашық дереккөзі

ЫБЫРАЙДЫҢ ӨСИЕТІН ҚЫЛЖАҚ ЕТІП...

Бүгінгі жарнаманың тілі ақсап тұр. Телеарнаның тұрақты табыс көзі – сауатсыз жарнама. Бұған ешкім шүбә келтіре қоймас. Орысшадан тікелей қазақшалауға құмар жарнама берушілер өздерін күлкіге айналдырғанын білмейді-ау, сірә. Ал шұрайлы қазақ тілінің сұрқын қашырып жүрген кімдер? Сорақысы сол, телеарна басшылығы ақшасы төленді екен деп, жарнама мәтінінің тіліне немесе сөзінің мән-мағынасына көңіл бөлмейтін сияқты. 

Жақында телеарнадан қазақ даласында мектеп ашып, қазақ балаларын білім алуға шақырған ағартушы-ғалым Ыбырай Алтынсариннің «Кел, балалар, оқылық!» атты өлеңінің тақырыбын жарнамаға пайдаланғанын естіп, жаға ұстадым. Оны осы қалпында айтса, мейлі ғой. Жоқ, «қуырдақтың көкесі» мынау екен. Өсиетті сөзді «Кел, братишкалар, оқылық!» деп қылжаққа бұрып тұр. Бұл не сонда? Қазақ баласының көзі ашық, көкірегі ояу болуы үшін жанын салған ағартушының өсиеті жарнамаға лайық па еді? Қайран, Ыбырай кенеттен тіріліп келсе, бүгінгі ұрпағының бұл әрекетін көріп не ойлар еді… 

Тоғжан ТӨЛЕГЕН