Жаңалықтар

КЕРЕКУ 1500 жасқа келмек

ашық дереккөзі

КЕРЕКУ 1500 жасқа келмек

Бірі – «Кереку» деп атайық десе, енді бірі «Абылайкент» деуді жөн санайды.  

 Енді бұл мәселеге қатысты жаңа деректер жарық көрді. «Атамекен» этно-мемориалдық кешенінде оқырмандарымен кездесу барысында филология ғылымдарының докторы, абайтанушы, жазушы Тұрсын Жұртбай Павлодар қаласының атауына да қатысты пікірін білдірді. Ғалым Павлодар қаласының атауына қатысты деректерді тапқанын айтады. Ол: «Павлодар қаласын Кереку деп атайық деген бастаманы қолдаймын. Кереку атауын орыстың Коряков деген көпесімен байланыстырады. Бұл қате. Анығы, Кереку көне түрікше атау. Ертіс өзенінің керіліп жатқан жағасында ағаштан керіп үй жасаған көшпенді халықтың жерін көршілері «Керегу» деп атап кеткен. Бұл туралы мәліметтер мұрағаттарда кездеседі. Бұл атау шамамен VI ғасырлардан бастау алады»,  дейді ғалым. Ғалымның пікіріне сүйенсек, Павлодар қаласының жасы 1500 жылдан асады екен. Бұдан кейін Павлодар атауын өзгертуге байланысты тағы пікір-таластың өрбитіні анық. 

Д.Дүрмән