Жаңалықтар

ЕГІНГЕ ОРАҚ ТҮСТІ

ашық дереккөзі

ЕГІНГЕ ОРАҚ ТҮСТІ

Осы шарада қала әкімі Нұрлыбек Нәлібаев ауыл шаруашылығы саласының мамандарымен, ауыл тұрғындарымен кездесіп, дихандардың еңбегіне сәттілік тіледі. Сондай-ақ, Елбасының тапсырмасымен Үкімет тарапынан жыл сайын ауыл шаруашылығы саласына қаржылай қолдау көрсетіліп жатқандығын, биылғы жылы да қаланың шаруашылық тауар өндірушілеріне көктемгі және күзгі егін жинау жұмыстарын жүргізу үшін қажетті жанар-жағар май, минералдық тыңайтқыштар, пайдаланатын судың құнын арзандатуға арнайы субсидия қаралғандығын жеткізді. 

«Биыл қаламыз үшін үлкен мереке. Ырысты, күрішті өлкеміздің бас қаласы – Қызылорданың іргетасы қаланғанына 195 жыл толды. Егін жинау науқанының қорытындысымен біздің дихандарымыз қалалықтарға күзгі ырзықты молынан тарту етеді деп сенеміз», – деп тағы бір түйді.

Биыл қалаға қарасты шаруашылықтарда 2377 гектар күріш егілген болатын. Мамандардың пайымдауынша, дән өсіміне ауа-райы қолайлы болды, ендігі жерде алынатын өнім де жақсы болуы тиіс.

Қуат Шарабидинов

Қызылорда облысы