Qazaq Air-дің алғашқы рейсі ұшырылады

Qazaq Air-дің алғашқы рейсі ұшырылады

Qazaq Air-дің алғашқы рейсі ұшырылады
ашық дереккөзі

Бүгін, яғни, 28 тамыз күні Qazaq Air әуе компаниясының алғашқы рейсі ұшырылады. Бірінші рейс Алматы(шығу уақыты сағат 21:10) – Астана(келу уақыты сағат 23:15) бағыты бойынша жүзеге асырылмақ.

Аталмыш әуе компаниясында жолаушыларға экономикалық сыныптағы, сыйымдылығы 76/78 креслодан тұратын BombardierQ 400 ұшақтары қызмет етеді. Ал Qazaq Air авиакомпаниясы 2015 жылдың 28 тамызынан бастап 1,3,5-күндері Алматы – Павлодар – Алматы бағыты бойынша рейстерді орындайды. Алматыдан шығу уақыты сағат 13:05, Павлодарға келу уақыты сағат 15:15, ал шығу уақыты сағат 16:45, Алматыға келу уақыты сағат 18:55. Аталмыш бағыт бойынша билет бағасы 10419 теңгеден 27189 теңгеге дейін. Сондай-ақ, әуе компаниясы Алматы – Шымкент – Алматы бағыты бойынша рейстерді жүзеге асырады. Бұл бағыт аптаның 1,2,6,7-күндері орындалады. Алматыдан шығу уақыты сағат 9:10, Шымкентке келу уақыты сағат 10:40, Шымкенттен шығу уақыты сағат 15:10, ал Алматыға келу уақыты сағат 16:40. Билет құны – 9998-ден 22999 теңгеге дейін. Авиакомпания жүзеге асыратын Алматы – Астана – Алматы бағыты бойынша тариф 9998-ден 23999 теңгеге дейін белгіленіп отыр, ал бұл рейстің Алматыдан шығу уақыты сағат 21:10, Астанаға келу уақыты сағат 23:15, Астанадан шығу уақыты 00:05+1, Алматыға келу уақыты сағат 2:10. Бұл маршрут бойынша рейс күн сайын ұшырылады.