Жаңалықтар

Helios зардап шеккендерге 135 миллион жұмсады

ашық дереккөзі

Helios зардап шеккендерге 135 миллион жұмсады

Жанармай таситын көлік 27 маусымда тежегіші істен шығып, қаланың ортасында жарылған болатын. Көліктің жүргізушісі Александр Горюнов сол жерде көз жұмды. Бұл қайғылы оқиғадан 38 пәтер мен 12 автокөлік жанып кеткен болатын.

Қайта қалпына келтіріліп, жөндеуден өткен үйлерді қала әкімі өзі аралап шықты. «Бұл қайғылы жағдайдан кейінгі барлық жұмыстар аяқталды, ғимараттың сырты толықтай жөнделді. Helios жөндеу жүргізген пәтерлер де дайын болды. Ал өз бетімен жөндеу жүргізуге келіскендерге ақшалай жәрдем берілді. Жылумен, жарықпен жабдықталды. Өртеніп кеткен көлік бойынша Helios материалдық өтемақы төледі. Ал қайтыс болған жүргізушінің отбасына тиісті көмек беріліп, оның жұбайы Helios компаниясына жұмысқа алынды. Қазір сақтандыру компанияларымен Горюновтың балаларына кәмелетке толғанша сақтандыру төлемақы беру бойынша келіссөздер жүргізіліп жатыр», – деді қала әкімі Есімов мырза. Оның айтуынша, Helios бас-аяғы 135 миллион теңге жұмсаған екен. 

Ақниет Оспанбай