Жаңалықтар

ЖАҢА ҮЛГІДЕГІ ҰЛТТЫҚ АКАДЕМИЯ

ашық дереккөзі

ЖАҢА ҮЛГІДЕГІ ҰЛТТЫҚ АКАДЕМИЯ

Жиналыста еліміздің Мемле­кет­тік хатшы М.Тәжиннің Қа­зақстан Республикасының ұлттық та­рихын зерделеу жөніндегі ве­дом­ствоаралық жұмыс тобының кең­ейтілген отырысында­ жасаған баяндамасына орай ұйым­дас­ты­рылған «Қазақстан тарихы, оған қоса ғылым мен жоғары білім тарихы» атты дөңгелек үстел-конференциясы өтті. Сонымен қатар ҚР ҰҒА президентін сайлау (қайта сайлау) және ҚР ҰҒА төралқасының жаңа құрамын (мүшелерін) сайлау мәселелері жүргізілді.

Жиналыста белгіленген тақы­рып бойынша ғалымдар арасын­да ұлт тарихының өзекті мәсе­лелерімен қоса, еліміздегі ғылым мен жоғары білімнің жай-күйі қызу талқыға түсті. Дөңгелек үстел конференцияны ҚР ҰҒА-ның президенті, академик Мұрат Жұрынов кіріспе сөзбен ашып, Ш.Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтының директоры, ҚР ҰҒА корреспондент-мүшесі Хангелді Әбжанов «Отандық тарих ғылымы: межелер мен міндеттер» атты тақырыпта қысқаша шолу жасады. Содан кейін сөз алғандар: әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-нің кафедра меңгерушісі, ҚР ҰҒА-ның құрметті мүшесі Қалқаман Жұмағұлов «Қазақстанның ерте тарихы және Батыс Еуропа дереккөздері», Б.Сүлейменов атындағы Шы­ғыс­­тану институтының бө­лім мең­герушісі, ҚР ҰҒА-ның кор­­респондент-мүшесі Ме­руерт­ Әбусейітова «Шығыс дерек­көз­деріндегі Қазақстан тарихы», Абай атындағы ҚазҰПУ кафед­ра меңгерушісі, ҚР ҰҒА-ның корреспондент-мүшесі Мәмбет Қойгелді «Қазақ КСР Ғылым ака­демиясы сталиндік қуғын-сүр­гін жылдарында», әл-Фараби атын­дағы ҚазҰУ-нің тарих факуль­тетінің деканы, ҚР ҰҒА кор­респондент-мүшесі Жәкен Тайма­ғамбетов «Отандық археология саласындағы инновациялар» атты тақырыпта қысқаша баяндамалар жасады.

Қазақстан Ғылым академиясы 1946 жылы ашылған. Оның не­гізін Қаныш Имантайұлы Сәтбаев қалады. 2003 жылы бұл ғылым орталығы республикалық қоғамдық бірлестік болып қайта құрылды. Қазір Ұлттық ғылым ака­демиясында 150 академик пен 109 корреспондент мүшесі бар. Мұрат Жұрыновтың айтуына қарағанда, олардың жас шамасы 75 жастан 65 жасқа дейін. ТМД ғылым академиялары арасында ең жасы болып есептеледі. ҰҒА-ның алдында үш маңызды міндет тұр. Бірінші, жыл сайын ғылым туралы ұлттық баяндаманы дайындап басып шығару. Екінші, әлемнің 73 елінің ғылыми кітапханаларына таралатын, ғылыми жетістіктерді насихаттайтын 8 академиялық журналды басып шығаруды жалғастыру. Үшіншіден, ғылыми жобалар мен бағдарламалардың тәуелсіз сараптамасын іске асыру. М.Жұрынов: «Биылғы жылдан бастап Ұлттық ғылымдар академиясы ұлттық баяндамасын ҚР Президентінің бекітілген Жарлығының жаңа ережелеріне сәйкес дайындайтын болады», – деді. 

Академик Мұрат Жұрынов ҰҒА-ның 2003 жылдан бері пре­зиденті болып келеді. Тәуел­сіз­діктің алғашқы жылдары қаражаттың жетіспеуінен Ұлттық ғылым академиясының басына қиын жағдайлар туған еді. Алайда Жұрынов академияны сол жағ­дайдан жол тауып, алып шықты. Содан бері он жыл өттті. Оның пре­зиденттік өкілеттілігі 31 қыр­күйек­те мерзімі бітетіндіктен ҰҒА-ның Төралқасы сайлау туралы хабарландыру жариялап, сайлауға бір ғана өтініш түскенін, академик М.Жұрыновты ҰҒА-ның президенті етіп қайта сайлауды бірауыздан ұсынды. Оның кандидатурасын талқылауда академик Сұлтан Сартаев бастап, бірнеше ғалым жарыссөзге шығып, М.Жұрыновтың ұйымдастыру қабілетін жоғары бағалады. Академик М.Жұрынов бірауыздан ҰҒА- президенті болып қайта сайланды.

К.АДЫРБЕКҰЛЫ