Екі партияның да құжаты айқын

Екі партияның да құжаты айқын

Екі партияның да  құжаты айқын
ашық дереккөзі

 «Нұр Отан» партиясы Төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбек мемлекетімізге іссапармен келген Еуропалық халықтық партиясының вице-президенті, Еуропалық Парламент депутаты Марио Дэвид мырзамен кездесті. Екі жақты кездесу барысында Бауыржан Байбек Еуропалық халықтық партиясы құжаты мен «Нұр Отан» партиясының жаңа Доктринасында көрсетілген Адам, Бостандық, Әділеттілік,  Заңның үстемдігі, Отбасы және дәстүр сынды көптеген құндылықтардың ұқсастығына екпін түсірді. Себебі, бұл екі құжатта да елдің болашағына деген жауапкершілікке аса мән берілген. Олар сондай-ақ, Еуропа мен Қазақстан арасындағы саяси қарым-қатынасты нығайту мақсатында партияаралық ынтымақтастық мәселелерін талқылап, қашан да диалог құруға мүдделі екендігін атап өтті. 

Еуропалық халықтық партиясы – (European People’s Party) 1976 жылы құрылған ірі транс-еуропалық правоцентристік саяси партия. Ол саясаттың правоцентристік аясында бағытталған христианды-демократиялық, консервативті және басқа да Еуропа мемлекеттерінің партияларын біріктіреді. Бүгінгі күні Еуропалық халықтық партиясының саяси тобы еуропалық центристер мен правоцентристерді біріктіретін ең ірі Еуропалық Парламент болып есептеледі. 

 «Осыдан бір жыл бұрын, 2012 жылдың 18 қазанында Будапештте Еуропа Халықтық партиясы конгресінде страте­гия­лық тұғырнама қабылданса, бір жылдан кейін дәл сол күні Астанада «Нұр Отан» пар­тиясының XV съезі өткізіліп, онда партия Доктринасы қабылданбақ», – деді Б.Байбек. Жаңа жобадағы «экономикалық либерализм мен әлеуметтік консерватизмнің жинақталуын көздейтін саяси центризм идеологиясына негізделген саясатты жүргізеді. Бұл экономика мен саясатты жан-жақты қайта жаңартуға, қоғамның нығаюына, мықты әрі табысты мемлекеттің қалыптасуына мүмкіндік туғызады» деген мәтін жолдары еліміздің болашаққа нық қадам басатындығын айқындайды. 

Динара ДҮРМӘН