"Астананың" топтық кезеңдегі қарсыластары белгілі

"Астананың" топтық кезеңдегі қарсыластары белгілі

"Астананың" топтық кезеңдегі қарсыластары белгілі
ашық дереккөзі

Чемпиондар лигасы топтық кезеңінің 2015/16 маусымындағы «Астана» футбол командасының  қарсыластары анықталды. Жеребе тастау рәсімі кеше Монакода өтті. Жеребе тарту рәсімін Петер Шмейхель мен Мелани Винигер өткізді.

Қыркүйек айының 16-16 күндері басталатын турнир 8-9 желтоқсанда аяқталады. Турнирдің топтық кезеңі барысында «Астана» командасы Португалияның «Бенфика», Испанияның «Атлетика (Мадрид)», Түркияның «Галатасарай» футбол командаларымен ойнайды.

Чемпиондар лигасында өнер көрсететін футбол командалары жеребе бойынша мынадай топтарға бөлінді:

А тобы: «Пари Сен-Жермен», «Реал», «Шахтер» (Донецк), «Мальме».

В тобы: ПСВ, «Манчестер Юнайтед», «ЦСКА», «Вольфсбург».

С тобы: «Бенфика», «Атлетико» (Мадрид), «Галатасарай», «Астана».

D тобы: «Ювентус», «Манчестер Сити», «Севилья», «Боруссия» (Менхенгладбах).

E тобы: «Барселона», «Байер», «Рома», «БАТЭ».

F тобы: «Бавария», «Арсенал», «Олимпиакос», «Динамо» (Загреб).

G тобы: «Челси», «Порту», «Динамо» (Киев), «Маккаби» (Тель-Авив).

H тобы: «Зенит», «Валенсия», «Лион», «Гент».

Қазір УЕФА Чемпиондар лигасында С тобында өнер көрсететін «Астана» футбол командасының ойын кестесі де анықталып қойды. Елордалық команда алғашқы матчын 15 қыркүйекте өткізеді.

Ал С тобының ойын кестесі төмендегідей:

15 қыркүйек: "Галатасарай" - "Атлетико" "Бенфика" - "Астана"

30 қыркүйек: "Астана" - "Галатасарай" "Атлетико" - "Бенфика" 21 қазан: "Атлетико" - "Астана" "Галатасарай" - "Бенфика" 3 қараша: "Астана" - "Атлетико" "Бенфика" - "Галатасарай" 25 қараша: "Атлетико" - "Галатасарай" "Астана" - "Бенфика" 8 желтоқсан: "Галатасарай" - "Астана" "Бенфика" - "Атлетико"