Маңғыстау күйлері күмбірлеген кеш

Маңғыстау күйлері күмбірлеген кеш

Маңғыстау күйлері  күмбірлеген кеш
ашық дереккөзі

Күй – халқымыздың ерекше, қайталанбайтын өнерінің бір түрі десек, әр өңір оны өзінше дамытып, құбылта ойнап, түр мен көркемдік, орындаушылық шеберлік, сапа мен мазмұн жағынан байытып келеді.

Қазақтың қай өңірінде болмасын саңлақ
күйшілер, дәулескер орындаушылар және мағынасы терең, иірімдері алуан күй
түрлері қалыптасқан. Құлшар, Абыл, Шамғұл, Есір, Айтуған, әкелі-балалы Өскінбай мен
Мұрат секілді балбармақ күйшілердің мекені Маңғыстауда күй мен күйшілер тізбегі
заманға сай жаңғыра, жаңара жалғасып келеді. 

Осыдан
2-3 ай бұрын Маңғыстау өңірінен шыққан қаламгерлердің  50 томдық жинағын
шығарып, рухани салада үлкен бір жаңалыққа қол жеткізген облыс тағы бір
игілікті іс жүзеге асырды.  «Мақамы мәшһүр Маңғыстау» деген тақырыппен
жарық көрген күй жинағына 45 күй топтастырылды.  Олар бұрын халық арасында
жиі орындалмай келген, уақыт белестерінің тасасында қалып бара жатқан күйлер
болатын.

Жинақтың
тұсаукесері күй кешіне жалғасты. Белгілі термеші Е.Емілмен бірге, Орта Азия
елдерін, көрші облыстарды аралап, нәтижесінде қолына түсіп, тірнектей
жинақтаған жәуһар дүниелерді халық игілігіне ұсынған ақын С.Нұржан болатын.
Кеште ол халықтың рухани мұрасын түгендеу – ата-баба мен келер ұрпақ алдындағы
сауап, парыз екендігіне тоқталған  ол, осы шаруаның басы-қасында жүрген
үзеңгілес азаматтарға алғысын айтты. 

Кеште
Құрманғазының, Төре­мұраттың, Дәулеткерейдің және маң­ғыстаулық күйшілердің
шығар­малары түйдектеле орындалып, аға күйші С.Шәкірат пен жас дәулескер
А.Тілепбергеновке дейінгі «мен күйшімін» деген жан түгелге жуық сахнаның сәнін
кіргізіп, күйден дауыл орнатты. 

Сырт
қарағанда біліне бермегенмен, баба мұраға, ұлт өнеріне ұрпақтың жаны сусап
жүретін секілді. Күй салтанат құрған рухани кеште қазақ баласының бойынан осы
ерекше сезімді байқағандай болдық.  

Асыл
МҰРАТТАС

Маңғыстау облысы