«ҚазҰУ-ым – темірқазығым»

«ҚазҰУ-ым – темірқазығым»

«ҚазҰУ-ым – темірқазығым»
ашық дереккөзі

Әл-Фараби
атындағы Қазақ ұлттық университеті, журналистика факультетінің «ЮНЕСКО,
халықаралық журналистика және қоғаммен байланыс» кафедрасының ұйымдастыруымен
2013 жылы 5 желтоқсанда әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дің 80 жылдығына арналған
«ҚазҰУ-ым –темірқазығым» атты жыр мүшәйрасы өтеді.

Байқауға
Алматы қаласындағы жоғары оқу орындарының студент, магистрант ақындары
шақырылады.

Мүшәйраның
мақсаты әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің 80 жылдық тарихи
жетістіктерін саралап, жыр жолдарымен өрнектеу. Жас ақындарды ынталандыру.
Мүшәй­раға әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті туралы өлеңдер,
«Тәуелсіздік – тұғырым» атты патриоттық өлеңдер, еркін тақырыпқа жазылған
өлеңдер қатыстырылмақ.

Мүшәйраға
қатысушы талапкер осы үш тақырыпқа арналған өлеңдерін 2013 жылдың 5 қазан-20
қараша арасында «Мүшәйраға» деп, бүркеншік атпен жіберуі тиіс. Қосымша бөлек
конвертте автор жайлы мәлімет (аты-жөні, мекен-жайы, телефондары, суреті,
ақынның шығармашылығы туралы шағын ақпарат т.б.) толық жазылуы керек.
Өлеңдердің электронды нұсқасы қоса жіберілуі керек.

Мүшәйраға
бұрын жарияланбаған өлеңдер ғана қабылданады.

 
Жеңімпаздарға: бірінші орын біреу – 50 000 теңге, екінші орын екеу – 20 000
теңгеден,үшінші орын үшеу – 10 000 теңгеден, ынталандыру сыйлықтары бесеу деп
белгіленіп отыр. 

Өлеңдерді
әл-Фараби 71, журналистика факультеті, ЮНЕСКО, халықаралық журналистика және
қоғаммен байланыс кафедрасы, 223-кабинетке жолдау керек.

Электронды
почта: nazgul_71@mail.ru 

Хабарласу
үшін – 8 (727) 3773443, моб. 8 701 993 90 07

Ж.Баққондыұлы