Халықаралық Франкфурт Кітап Жәрмеңкесі әлемдік әдебиет мен мәдениеттің сайысқа түскен жері

2013 жылы, 10-14
қазан күндері Франкфурт қаласында өткізілген 64-ші халықаралық кітап
жәрмеңкесіне барып қайттым. Биыл оған Қазақстаннан Баспагерлер және кітап
сатушылар қоғамы, Фолиант, Мектеп, Атамұра, Алматыкітап, Раритет сынды бір
қатар баспаүйлері қатысты.

Бұл да болса
тәуелсіздіктің арқасында болып отырған игілікті іс. Өйткені бұл жәрмеңке
әлемдегі ең үлкен кітап жәрменкесі болып табылады. 100 елден 7 мыңнан астам
баспагер қатысқан осы жәрменке бір елдің кітап пен ұлттық әдебиет саласындағы
мәдени жетістіктерінің әлемдік байқауға түскен жері сыяқты. Сондықтан әлемнің
дамыған елдері жәрмеңкеге баса мән беріп өздерінің рухани байлықтарын өзге
елдерге көрсетуге, оларды шетел баспаларынан жарық көрдіруге күш жұмсауда.
Жәрменкені аралаған уақытта АҚШ, Қытай, Франция және Ресей сыяқты тіл мен
әдебиетіне сенген елдердің мәдениеттерін басқа елдерге жарнамалауда
бірбірінен асып түсуге күш жұмсағандай көрінді.

8356cb3754fae4688fae99b4741e1825.JPG

Түркі тілдес елдер
арасында осы жәрменкеге Әзірбайжан, Қазақстан, Солтүстік Кипир Түрік
Республикасы мен Түркия қана қатысқан. Қырғызстан, Өзбекстан мен Түркменстан
қатыспаған. Олардың неліктен осы жәрмеңкеге қатыспағаны туралы нақты
білмегенмен, мұны тек экономикалық қиыншылықтармен түсіндіру де жеткіліксіз
сыяқты. Өйткені аталған елдерден экономикасы жоғары саналмайтын Тәжікстан бір
стендпен де болса қатысқан.

1982 жылы бастап 30
жылдан астам уақыттан бері Ыстанбұлда Кітап Жәрменкесін табысты түрде
үздіксіз ұйымдастырып келе жатқан Түркия Франкфурт кітап жәрмеңкесіне
қатысушылығының көлемін жыл сайын ұлғайтып келе жатыр. Биыл Түркия 200
баспаүйі атынан 32 баспагермен қатысып отыр. Сонымен қатар әлемге әйгілі
түрік теңіз адмиралі Пірі Реистің жасаған әлем картасына 500 жыл толуына
байланысты сурет көрмесі де ұйымдастырды. Белгілі болғанындай ЮНЕСКО 2013
жылды Пірі Реис жылы деп жариялаған еді.

56f2489190996d45bce308dd39a4ab8a.JPG

Міне осылайша
Франкфурт жәрменкесі қатысушы елдердің өздерінің ғылым мен мәдениеттегі ұлы
тұлғаларын әлемнің түрлі елдерінен келетін қатысушыларға танытуға мүмкіншілік
беруде. Осы орайда Италяндықтардың әлемге танымал жазушысы Умберто Еконы,
Колумбияның Габриэль Гарсиа Маркесті алға шығарғаны байқалады. Осы орайда
еңбектері 150-ден астам тілге аударылған тек Қырғызстанның қана емес, бүкіл
түркі дүниесінің мақтанышы Шыңғыс Айтматовтың осы жәрменкеде есімі мен
еңбектерін насихаттаган бір агенттіктің болмауы өкінішті.

Әйтеуір Қазақстан
жәрменкеге бұл салада құр қол бармаған екен. Еңбектері әлемнің бір қатар
тілдеріне аударылған Немат Келімбетовтың қытай, орыс, түрік, ағылшын, неміс
және украин тілдерінде жарық көрген еңбектері сөз болған бір жиналыс
өткізілді. Қазан айының 11- күні болып өткен іс-шараға белгілі әдебиет
зерттеушісі, Еуразия университетінің профессоры Сейіт Қасқабасов, Мәскеулік
баспагер және академик Георги Прияхин, аудармашы Ғұсман Төреғұл, Пекиндегі
ұлттар баспасынан Әбіден Айқын, Түркиядан осы жолдардың авторы, Астанадан
жазушы және баспалар жөніндегі маман Райхан Мәженқызы сынды бір қатар жазушы
және ғалымдардың қатысты. Мұндай іс-шаралардың қазақ әдебиетін әлемге
таныстыруда маңызды екені анық.

d312bb6be0e99727b5fb90b0395fc482.JPG

Өйткені Халықаралық
Франкурт Кітап Жәрменкесінің мақсаты баспагерлер мен шығармашылық саладағы
авторлық құқықтар жөніндегі агенттердің басын қосып бір елдің әдебиет
саласындағы мәдени өнімдерінің өзге елдердің тілдеріне аударылып жарық
көруіне дәнекерлік ету болып табылады.

Франкфурт Кітап
Жәрмеңкесі баспагерлер, кітап агеттіктері, кітап сатушылары, жазушылар,
аудармашылар, сурет салушылар, кітапхана өкілдері және кітапқа қатысты
мекемелердің қайреткерлерінің басын қосады. Бұған қоса жәрмеңкеде семинар,
дөңгелек үстел, концерт және басқа да мәдени іс-шаралар өткізіледі. Жыл сайын
жәрменкенің құрметті қонағы бір ел болады. Биыл Бразилия жәрмеңкенің құрметті
қонағы екен.

7f43283708d43d61c5d5ac2f306faf68.JPG

Демек қазақ
әдебиетінің сонымен қатар тәуелсіздік алғаннан кейін мәдени мұра бағдарламасы
арқылы жарық көрген құнды дүниелерді әлемге паш ету барысында Франкфурт
жәрменкесі маңызды мүмкіншілік. Осыны ұтымды пайдалану қазақ халқының
мәдениеті мен әдебиетін әлемге таныту үшін аса қажет. Жәрмеңкенің қақпасы
алғашқы үш күні кітап саласының баспагер мен жазушы сиықта тек кәсіби
қайраткерлеріне, ал соңғы екі күні болса қарапайым халыққа, яғни оқырмандарға
ашылуда.

Бес күн ішінде
әлемнің көптеген елдерінен келген жалпы 300 мың адам аралаған жәрменкеге
1.500 жазушы қатысты және 3 мың мөлшерінде мәдени іс-шара өткізілді.

Франкфурт
жәрмеңкесіне байланысты елдердің жариялаған кітап сандарына қарағанда бірінші
орында жылына түрлі тақырыптарда шығарған 330 мың кітаппен АҚШ тұр екен, одан
кейінгі орындарды Қытай 207 мың, Ұлы Британия 150 мың, Ресей 120 мың, Индия
мен Германия 82 мың кітаппен иеленуде. Ал түркі елдерінен Түркия жылына 43
мың кітап пен әлемнің ен көп кітап кітап шығарған 13. елі екен. Сонымен қатар
Түркиядағы кітап саудасының жылдық қаржылай көлемі 1.8 миллион авроны
құрауда.

cd4e5144d4303b8a6bce89b339fab47d.JPG

Мәлімет кезеңі деп
алған үстіміздегі ХХІ- ғасырда кейбір елдер осы Франкфурт жәрмеңкесін өздерің
мәдени үстемдіктері мен қой жеткізген жетістіктерін көрсету үшін ұтымды бір
құрал ретінде пайдаланып жатыр ма деп ойлап қалдым. Тіпті Франция мен
Германия өздерінің “Goethe Institute” және “Institute Français”
 атындағы тіл институттарын  осы жәрмеңкеге қатыстырған. Демек
Франкфурт кітап жәрмеңкесі әлемдік деңгейде тек кітап саудасының қызған жері
қана емес, сонымен қатар әдебиет мен мәдениеттің сайысқа түскен жері де.

Әбдіуақап Қара

Тарих ғылымының докторы, Мимар Синан көркем

өнер университетінің профессоры


Back to top button