ҚАЗАҚСТАН ЕУРОПАЛЫҚ ҰЛТТЫҚ ИНЖЕНЕРЛІК ҚАУЫМДАСТЫҚ ФЕДЕРАЦИЯСЫНА ҰСЫНЫЛДЫ

ҚАЗАҚСТАН ЕУРОПАЛЫҚ ҰЛТТЫҚ ИНЖЕНЕРЛІК ҚАУЫМДАСТЫҚ ФЕДЕРАЦИЯСЫНА ҰСЫНЫЛДЫ

ҚАЗАҚСТАН ЕУРОПАЛЫҚ ҰЛТТЫҚ ИНЖЕНЕРЛІК ҚАУЫМДАСТЫҚ ФЕДЕРАЦИЯСЫНА ҰСЫНЫЛДЫ
ашық дереккөзі

Қазақстандағы инженерлік білім беру қоғамы (KazSEE) Еуропалық ұлттық инженерлік қауымдастық федерациясының (FEANI) үлестес мүшесі атанды. Бұл жөнінде шешім FEANI Бас Ассамблеясының Македониядағы Скопье қаласында өткен сессиясында белгілі болды. Бұл қазақ еліндегі білім беру ісінің әлемдік мойындалуына жасалған тағы бір қадам. FEANI инженерлік білім беру қоғамына Қазақстандық қоғамның енуі инженерлік білім беру бағдарламаларын және мамандардың біліктіліктерін сертификациялауға жол ашады. 

Ел Президенті Н.Назарбаев «Қазақстан 2050» Стратегиясы» халыққа Жолдауында салалық қауымдастық негізінде мамандардың біліктілігін растайтын тәуелсіз жүйесін жасау туралы міндеттеген болатын. Мемлекет бір уақытта білім беру қызметін ұсынып және оның сапасын растаумен айналыспауы керек. Инженерлік білім беру және Қазақстанның экономикасы үшін заманауи техникалық мамандықтардың дамуы, инженерлердің кәсіби деңгейін жоғарылап, оларды халықаралық талап деңгейінде сертификациялау KazSEE қызметіндегі басым бағыттың бірі болып табылады.

KazSEE сияқты республикалық қоғамдық-кәсіби бірлестіктің қабылдануы  Қазақстан үшін Еуропалық ұлттық инженерлік қауымдастықтағы көптеген мүмкіндіктерге жол ашады. Қазақстандық инженерлік білім беру қоғамының президенті, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ ректоры, академик Ғалым Мұтановтың айтуынша, енді отандық жаратылыстану-ғылыми, инжиниринг және технология саласындағы мамандар тек өз біліктілігін растап қана қоймай, еуропалық сертификат ала алады. Сондай-ақ, Еуропалық инженерлер (EurEng) тізіміне қосыла алады. Осылай, олар бірлесу, бірігу барысына Еуроодаққа мүше елдерде кәсіби қызметтерін көрсетіп, инженерлік кадр дайындау саласына, олардың тұтастық және инженерлік карта (EngCard) алуға теңқұқылы қатысушысы бола алады. 

Инженерлік білім беру ісінде Елбасы атаған міндеттерді атқаруда KazSEE еліміздің жетекші жоғары оқу орындарымен тығыз қарым-қатынаста жұмыс істейді. Жаңа халықаралық стандарттарға сай оқу бағдарламалары жасалып, іске асырылуда. 

Білім беру бағдарламаларын аккредитациялау, түлектердің біліктілігін сертификациялау жасалып жатыр. KazSEE халықаралық Қазақ-Үнді-Американ біліктілікті арттыру жобасына, онда жаратылыстану-ғылыми және техникалық  пәндер бойынша жоғары оқу орындарының оқытушыларын даярлау және қайта даярлауға, Темпус «Орталық Азиядағы инженерлік білім берудің сапасы» жобасына қатысады.

KazSEE мен Еуропалық инженерлік білім беру (ENAEE) аккредитациялау желісі арасында әріптестік қызмет орнатылған. Ол «EUR-ASE Label» еуропалық сапа белгісінің берілуіне білім беру бағдарламаларын ұсынуға мүмкіндік береді. 

Халықаралық инженерлік педагогика қоғамымен (IGIP)  бірге жоғары оқу орындарының оқытушыларын даярлау және сертификациялау жұмыстары  бас­талды. 

FEANI Бүкіләлемдік инженерлік ұйымдар федерациясының (WFEO) мүшесі, әрі еуропалық инженерлік білім беру саласында Еуразиялық комиссия сарапшы ретінде қолдайды. ЮНЕСКО, ЮНИДО және Еуропа Кеңесі жанында кеңесші дәрежесіне ие.

Еңлік АҚЖІГІТ