Үлескер үміті ақталады

Үлескер үміті ақталады

Үлескер үміті ақталады
ашық дереккөзі

Қоғамда үлескерлер дауының шешімін дөп басатын заң жоқ. Осы аптада Премьер-министр Серік Ахметов қорғансыздың күніндей болған үлескерлердің құқын қорғайтын тетікті тездетіп енгізуді тапсырды.
2000 жылдардың басында тұрғын үйді ірі инвестициясыз-ақ, үйге мұқтаж халықтың өз қаражатына тұрғыза бастады. Халық жекелеген пәтердің құрылысына ақша салды, өйткені бұл тетік бүтіндей сатып алудан анағұрлым арзанға түседі. Бірақ үлескер атанған қауымның пәтеріне қолы жетпей, зар илеп қалғандары көп. Салынған қаражат құрылысты аяқтауға жетпей қалатыны әдетке айналғандай. Қаңырап қалған құрылыс нысандарының бұлыңғыр болашағына кім алаңдаушылық білдірді? Мердігер емес, инвестор мәртебесі жоқ көптеген ақшасы желге ұшты. Осы тұста үлескерлер өз құқын қорғайтын заңды таба алмады. 

Өйткені елімізде бүгінге дейін үлес­керлерді қорғау тетігі қарас­тырылмаған. Жуырда Үкімет басшысы осы мәселені тездетіп енгізуді тапсырды. Бұған дейін ірі құрылыс қауымдастықтарының басшылары Премьердің қабылдауында болып, осы саланың қиындықтарымен бөлісті. Серік Нығметұлы осынау маңызды мәселені Өңірлік даму министрлігіне «екі жақты да – тұрғын үй салушыны да, үлескерді де қанағаттандыратын» тетік әзірлеуді жүктеген. Аталмыш министрлік бұл шаруаны аяқтап қалса керек. 

Бұл ретте үлескердің қаражатын құрылыс аяқталғанша біртіндеп құйып отыру орынды сияқты. Сонда ғана құрылыс аяқталғанша бастапқы қаржы таусылып қалмас еді. Алайда қазіргі таңда тұрғын үй құрылысына үлескерлікке қатысу туралы заңға енгізілген өзгерістерге сәйкес, мердігер компаниялар үлескерлер қаржысын тікелей алуға құқы жоқ. Олай болса, басқа механизмнің қажеттігі анық немесе оны айналып өту жолдарын қарас­тыру орынды. Мәселен, компаниялар жаны­нан «инвестициялық компания» немесе «клиенттік клуб» құру керек. Сол кез­де қоржындағы қаржыны құрылысқа бір­тіндеп бөліп отыру мәселесі шешіледі. Ал үлескерлерге «инвестор» мәртебесі беріледі. 

Баяндама жасаған Өңірлік даму вице-министрі Қ.Өскенбаев өздері әзірлеген «үлескерлер құқық қорғау схемасын» түсіндірді. Ол құрылыс компаниясының үлескерлер алдындағы азаматтық-құқықтық жауапкершілігін сақтандыруды жан-жақты қарастырған.

Бұл жүйе барлық мемлекеттік органдармен келісілді. Бірақ Ұлттық банк сырт қалды: олар бұл ұсынысты қолдамады. Ұлттық банк қарсы шықты. Біз ұзақ уақыт бойы оны көндіруге тырыстық, түк шықпады. Олар балама ретінде кепілдік беру жүйесін – кепілдік беру қорын құруды ұсынды. Бүгінде біз осы тетікті әзірлеп, салушылар қауымдастығына бағыттадық. 

Жыл соңына дейін «Қолжетімді баспана – 2020» бағдарламасы аясында 6 қалада арендалық үйлердің құрылысы басталады. Астана, Петропавл, Ақтөбе, Павлодар, Орал және Қостанайда үй тұрғызуға 15,2 миллиард теңге шығындалмақ. Соның есебінен жалға берілетін 162 мың шаршы метр баспана салынады. 

2014 жылдың басында 7 қалада – Астана, Тараз, Қостанай, Өскемен, Алматы және Қызылорда 18,9 миллиард теңгеге жаңа тұрғын үй кешендерінің құрылысы басталады. Оларда 156 мың шаршы метр баспананы іске қосу жоспарлануда. «Оған қоса 2014 жылдың соңына дейін 20,3 миллиард теңгеге конкурс жарияланады деген жоспар бар, бұл қаржы есебінен 204 мың шаршы метр тұрғын үй тұрғызылуы тиіс», – деді Өскенбаев мырза. 

Жалға берілетін үйлерге сұранысқа қатысты қауіптенушіліктер Үкіметте де айтылып еді. Алайда жалға берілетін үйлерге сұраныс көп екен. Тек құзырлы құрылымдар үлгермей жатса керек. Мысалы, Астанадағы жалға берілетін тұрғын үй құрылысына бөлінген қаржы небәрі 20 пайызға игеріліпті. 


Ақниет ОМАРҒАЗЫ