ҚАРАКӨЗДЕРГЕ ІЗДЕУ САЛАМЫЗ!

ҚАРАКӨЗДЕРГЕ ІЗДЕУ САЛАМЫЗ!

ҚАРАКӨЗДЕРГЕ ІЗДЕУ САЛАМЫЗ!
ашық дереккөзі

«Қазақстан» ұлттық телеарнасы шекара асқан қаракөз бүлдіршіндерге іздеу
салыпты. «Шетелдегі қазақ балалары» деп аталатын жаңа тележобада ұлттық арнаның
тілшісі Жанар Байсемізова Еуропа елдерінде арнайы сапар шегіп, шетелдіктер
асырап алған жетім балалардың жай-күйімен танысып, тұрмыс-тіршілігі жайлы
баяндайды.

Ресми деректерге жүгінсек, бүгінге дейін Қазақстаннан 8 806 жетім бала
сыртқа кеткен. Олардың 6000-ға жуығы – АҚШ-та, 725-і Испанияда, 426-сы
Бельгияда тұрады. «Қоғам назарын аударып отырған мәселені зерттеу туралы 6 жыл
ойландым. Бірақ бұл ойым тек «Қазақстан» ұлттық арнасына келгенде жүзеге
асты»,– дейді Жанар Байсемізова.

«Қазақстан» АҚ» республикалық телерадио кешенінің баспасөз хатшысы Танакөз
Толқынқызы жаңа жоба туралы: «Қазақстан» ұлттық арнасының негізгі мақсаттарының
бірі – ұлттық мүддені қорғау. Шетелдегі қазақ балаларының мүддесін назарда
ұстау арқылы ұлттық арна өз ұстанымына берік екенін тағы бір дәлелдеді»,–
дейді.

«Қазақтың балалары тағдырдың жазуымен қай елдің азаматтығын алса да, ол
біздің қандасымыз болып қала береді. Шетелдегі әрбір қазақ баласы өзінің
«Қазақстан» деген отаны бар екенін біліп өсуі керек», – дейді жобаға қолдау
көрсеткен корпорация басшылығы.

Жаңа хабар 13 қазаннан бастап эфирге шықты. 

«Түркістан-ақпарат»