Іскерлік-сапар қызметін дамытпақ

Іскерлік-сапар қызметін дамытпақ

Іскерлік-сапар қызметін дамытпақ
ашық дереккөзі

29-30 қазан
күндері Алматы қаласында бизнес-сапар нарығындағы үлкен оқиға Abacus
корпоративтік саяхат конфе­рен­циясы – АСТС-2013 өтеді. Бұл шараны
ұйымдастырушы  Азия-Тынық мұхиты аймағындағы туризм индустриясында қызмет
көрсетуде басты жабдықтаушы – Abacus International компаниясы.

Осымен үшінші мәрте өтетін
конференцияға қазақстандық және шетелдік ірі компаниялар басшыла­ры, іскерлік
сапарды ұйымдастыратын әкім­шілік үйлестірушілері, әуе және қонақүй
бизнесіндегі негізгі жабдықтаушы өкіл­дер, сондай-ақ корпоративтік клиенттерге
түрлі қызмет көрсететін туризм индустрия­сының сарапшылары қатысады. Биылғы
шара компаниялар­дың бизнес-сапары саясатын әзірлеу және енгізуде алдыңғы
қатарлы халықаралық тә­жірибеге, іссапарды ұйымдастыру бо­йын­ша шығындарды
азайту және сапа дең­гейін көте­ру технологиясына арна­ла­ды деп күтілуде. Оған
ірі және орта бизнестегі түрлі компаниялардан 300 делегат қатысады деп
жоспарланған.

Қазақстан Республикасы Индус­трия
және жаңа технологиялар министрлі­гінің Индустрия және туризм комитеті рес­ми
түрде қолдау көрсететін алқалы басқосуға, сондай-ақ корпо­ра­тивтік басқару­шы­лар
қауымдастығы (As­so­ciation of Cor­po­rate Travel Executives) да көмек қолын
созуда. Бұл қауымдастық кор­по­ративтік сая­хатты басқару бойынша және әлемдегі
100 ел­ден астам елде бизнес-са­пар сала­сын жаб­дықтаушылармен жұмыс жө­нін­дегі
менеджерлерді біріктіретін кәсі­би ұйым болып табылады.

Abacus корпоративтік саяхат
АСТС-2013 конференциясының өтуіне қатысты өз пікірін жеткізген Abacus Central
Asia компаниясының бас директоры Павел Спи­цын: «Біз осымен үшінші жыл қатары­нан
корпоративтік туризмге арналған кон­ференция өткізгелі отырмыз. Жыл өткен са­йын
бұл шараның нарық ойыншыларын қызықтыра түскеніне қуаныштымыз. Алғашқы екі жиынның тәжірибесін
талдай келе, біз іскерлік сапардың қазақстандық на­рығы жаңа сапалы деңгейге
шықты деп сеніммен айта аламыз. Биылғы конферен­ция компаниялардың
бизнес-сапары сая­сатын құруға, іскерлік туризм саласында қыз­мет көрсету
сапасын жақсарту және шығынды азайту мәселелеріне арналады. Конференцияның
негізгі идеясы – отандық нарықты іскерлік сапар саясатын әзірлеу және
енгізудегі халықаралық тәжірибемен таныстыру, компаниялардың іссапар шы­ғы­нын
барынша азайту және қызметкер­лер­ді тиімді басқару тәсілдерін көрсету. Кон­ференция
жұмысына халықаралық ком­паниялардағы бизнес-сапарды басқа­ру тәжірибесімен
бөлісетін шетелдік маман­дар қатысады. Өз кезегімізде біз бұл жиын­ның
Қазақстандағы саяхат индус­трия­сына, оның ішінде іскерлік сапарды дамы­ту
ісіне өз үлесін қосады деп үмітте­неміз», деді. 
 

Конференция аясында Abacus корпо­ра­тивтік
саяхат көрмесі өтеді. Бұл биз­нес-сапарды ұйымдастыру бойынша іс­кер­лік
келісімдер жүргізу үшін таптырмас мүмкіндік.


Біздің анықтама: 


Штаб-пәтері Сингапурда орналасқан Abacus International Азия Тынық мұхиты
аймағында 31 елдегі 20 мыңнан астам агенттікке туризм индустриясы саласында
шешім мен қызмет түрлерін ұсынады.
25 жылдан бері жұмыс істеп
келе жатқан Abacus компаниясы өзінің ең үздік халықаралық тәжірибесін
жергілікті тенденцияларды жақсы білуімен ұштастырады.

Динара Мыңжасарқызы