Парижде Мұстафа Шоқай туралы екі кітаптың тұсаукесері өткізілді

Парижде Мұстафа Шоқай туралы екі кітаптың тұсаукесері өткізілді

Парижде Мұстафа Шоқай туралы екі кітаптың тұсаукесері өткізілді
ашық дереккөзі

2103 жылы, 23 қазан күні Париж қаласында Мимар Синан көркем өнер университетінің профессоры Әбдіуақап Қараның француз тілінде “Mustafa Tchokaï Une vie pour l’independance du Kazakhstan”, яғни “Мұстафа Шоқай Қазақстан тәуелсіздігіне арналған өмір” атты еңбегімен Алматыдағы Темірбек Жүргенов академиясының профессоры, суретші Әбілкасым Сарсенбаевтың “Суретші көзімен Мұстафа Шоқай” атты фотоальбом кітабының тұсаукесері жиналысы өткізілді.

9efab40caec3fd341c4eca0a06f4c0d2.jpg

Мұстафа Шоқай француз-қазақ достық қоғамы ұйымдастырған тұсаукесерге Қазақстан Париж елшісінің орынбасары Жан Ғалиев, Мұстафа Шоқай 18 жыл өмір сүрген Париждің Ножан ауданы әкімінің мәдениеттен жауапты орынбасары Терезие Томе ханым, ҚР Президентінің Бейбітшілік жəне рухани келісім сыйлығының иегері, белгілі абай танушы француз жазушы Альбер Фишлер, Бронислав Геремек атындағы Еуропаның мәдени тарихын зерттеу институтының директоры профессор Дидиер Франкфорт, Славян халықтарының тілдері мен әдебиеттерін зерттеу институтының директоры профессор Антуан Нивиера, Страсбург университетінің профессоры Стефан дө Тапя, Париж қазақ дияспорасының өкілдері және басқа да көп адам қатысты.

826e861734c56908e68df658507524a1.jpg

Мұстафа Шоқай француз-қазақ достық қоғамының төрағасы Яшар Дініш мырзаның баяндамасымен басталған жиналыста тұсауы кесіліп отырылған ғалым Әбдіуақап Қараның қаламынан шыққан кітап 2002 жылы Түркияда Ыстамбұлда түрік тілінде жарық көрген болады. Сол жылы Түркия жазушылар одағы биография саласында ең үздік кітап деп жүлде берген.

Ол еңбек кейін, атап айтқанда 2004 жылы Алматыда Арыс баспасынан қазақ тілінде жарық көрді. Ал биыл болса, Француз Парламентінің демеушілігінде француз тіліне аударылып Парижде жарық көріп отыр. Еуропа елдеріндегі деректерге сүйене отырылып жазылған еңбек Мұстафа Шоқайдың өмірі мен күресі туралы қазірге дейін жарық көрген кітаптар ішіндегі ен толығы деп есептелуде.

869c82c7f6347584cb13da00b4a6ce72.jpg

Осында тұсаукесері болып отырған “Суретші көзімен Мұстафа Шоқай” атты  екінші кітап бес тілде, атап айтқанда қазақ, түрік, француз, орыс, ағылшын тілдерінде өткен апта Алматыда жарық көрген-еді.

Тарих ғылымының докторы, профессор Әбдіуақап Қараның редакторлығында жарық көрген кітапта суретші Сәрсенбеавтың Мұстафа Шоқайдың туған жері Қызылордадан бастап Ташкент, Петербор, Тбилиси, Баку, Ыстамбул, Париж жане дүние салған Берлин қаласындағы өмірі суреттелуде.

cb411fba65c0c33264f985f1f9e37629.JPG

Осындай көп тілді және әлі сиясы кеппеген еңбектің бес елдің ішінде ең алдымен Францияда Парижде тұсауының кесілуі тектен тек емес көрінеді. Өйткені, өздеріңізге белгілі, Мұстафа Шоқай Қазақстанның тәуелсіздігі жолындағы күресін 1921-ден 1941-ға дейін 20 жыл Парижде жүргізген және осындағы өмірінің 1923-тен 1941 дейінгі 18 жылдық бөлегін осы Ножан қалашығында өткізген.

115956236e914c4a5d91e951e00ffc2b.JPG

Мұстафа Шоқайдың ұлы күресі үшін мүмкіншілік берген Францияны екінші отаны ретінде қастерлеген. ІІ. Дүниежүзілік соғыс кезінде, өзге эмигранттар нацистердең алаңдап жансауғалап АҚШ-қа қашып жатқанда, “Франция менің екінші отаным, отанымнан кетпеймін” деп осында қалған.

Сөйтіп қазақ халқының ұлы тұлғасы Мұстафа Шоқайға төрінен орын берген Францияның Қазақстанның тәуелсіздік тарихындағы орны әрқашан ерекше аталмақ. Сондықтан Мұстафа Шоқай туралы екі маңызды кітаптың француз тілінде жарық көруі кездейсоқ емес.

Әлбетте француз халқы да Мұстафа Шоқайға немқұрайды қарап отырған жоқ. Оны отанның перзенті, адамгершілік тұлғасы биік азамат сондай-ақ бір елдің тәуелсіздік күрескері ретінде жоғары бағалап қастерлер отыр. Сол себепті Шоқайға ойып төрінен орын беріп оның атында саябақ ашып ішіне мүсінің орнатып отыр.

Тұсаукесер жиналысында Ножан қалашының әкімінің орынбасары Мадам Томе шүйіншілі хабар беріп Мұстафа Шоқай атындағы парктың атының жақында Париждің қала картасына түсетінін мәлімдеді. Мұнымен алғаш рет Еуропалық қартада бір қазақ қайраткерінің есімі орын алмақ. Сонымен қатар Парижге келген кез келген адам таксиге отырып навигатор арқылы Мұстафа Шоқай паркын тауып алатын болады. Бұл болса Қазақстаннан келген қонақтарға Шоқай саябағын ертіп бару міндетін атқарып отырған елшілік қызметкерлерінің жүгін жеңілдетпек.

2013 жылы, 23 қазан күні Париж қаласында болған тұсаукесер жиналысында сонымен қатар суретші Әбілқасым Сәрсенбаев пен Айжан Сәрсенбаеваның Шоқай туралы салған суреттерінің көрмесі де болып өтті.

Тұсаукесер жиналысы үшін Парижге келген ғалым Әбдіуақап Қараны, 24 қазан күні өзінің кітабының Францияда жарық көруіне қолдау көрсеткен Франция Парламентінің депутаты, Еуропалық Кеңестің парламенттік асамблеясының және Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының парламенттік ассамблеясының мүшесі, Француз Парламенті қазақ-француз достық ұйымының төрағасы Тьерри Маряни қабылдады. Қабылдауға Темірбек Жүргенов өнер академиясының профессоры Әбілқасым Сәрсенбаев ауырып қалғаны үшін орнына келген, суретші қызы Айжан Сәрсенбаева, Сәрсенбаевтың кітабының демеушісі Ақмұрат Алтынбекұлымен бірге барған ғалым Әбдіуақап Қара Маряниге алғысын білдірді.

a2311fe7e678c934eae99535b679bea6.jpg

Сонымен қатар кездесуде Әбілкасым Сарсенбаевтың “Суретші көзімен Мұстафа Шоқай” атты фотоальбом кітабы тарту етілді. Депутат мырза екі кітаптың Шоқай туралы бай мазмұнды сипатын жоғары бағалай отырып ғалымға алғысын айтты. Маряны мырза көне кітапқа бай және дуалдары мен төбесі тарихы құны өте жоғары түрлі түсті суреттермен безендірілген парламенттің кітапханасын қыдыртты. Кітапханаға Шоқай туралы француз тіліндегі кітаптар сиға тартылды.


“Түркістан-ақпарат”