ТБИЛИСИГЕ 700 БАҚЫЛАУШЫ КЕЛДІ

ТБИЛИСИГЕ 700 БАҚЫЛАУШЫ КЕЛДІ

ТБИЛИСИГЕ 700 БАҚЫЛАУШЫ КЕЛДІ
ашық дереккөзі

Грузия Сыртқы істер министрі Майя Панджикидзенің мәлімдеуінше
ертең, яғни, 2013 жылдың 27 қазанында Грузияда өтетін президенттік сайлауда
халықаралық бақылаушы ретінде 65 ұйымның 700-ден астам адам тіркеліпті:
«Шетелдік бақылаушылардың, әлемдік деңгейде беделді ұйымдар өкілдерінің
Грузиядағы президенттік сайлауға бақылаушы ретінде қатысуға қызығушылық танытуы
бізді қуантады. Бұл еліміздегі саяси оқиғаның әділ де ашық өтуіне ықпал
ететініне сенімдіміз».

489af4c084d52138268b0549106ce9b3.JPG

Халықаралық бақылаушылардың арасында Еуропадағы қауіпсіздік
және ынтымақтастық ұйымының Демократиялық құрылымдар мен адам құқығы бюросы (200-ге
жуық бақылаушы), Еуропалық Кеңестің Парламенттік ассамблеясы, NATO Парламенттік
ассамблеясы, Еуропалық Парламент, Қаратеңіздік экономикалық ынтымақтастық ұйымы,
АҚШ-тың Халықаралық республикалық институты, АҚШ Ұлттық демократиялық Халықаралық
қатынастар институты, Халықаралық сайлау жүйесінің қоры т.б. өкілдері бар.

fbf0be4a59cb0d079aa8a8788a3542bb.JPG

Грузия мен Ресей арасындағы саяси салқындық сайлау
процесін бақылаушыларға да кері әсер еткендей. Мәселен, Еуропалық Кеңес
Парламенттік ассамблеясының Ресейдегі өкілдері Василий Лихачев пен Сергей
Калашников гүржілер еліндегі саяси науқанға қатысудан бас тартыпты. Оған себеп,
«бүйректен сирақ шығаруға құмар» ресейлік бақылаушылар Оңтүстік Осетия мен
Абхазияға тек арнайы рұхсат қағазы арқылы Грузия жақтан кіруге қарсы болған.
Жуырда ғана Ресейдің Орталық сайлау комиссиясының өкілдері Грузия тарапынан шақырту
алмағандықтан, сайлауды бақылауға бармайтындықтарын айтқан. 

Қазақстан тарапынан грузиндік президенттік сайлауға
Парлмент депутаттары, Сыртқы істер министрлігі, ҚР Орталық сайлау комиссиясының
мүшелері, БАҚ өкілдері т.б. жиырма шақты бақылаушы қатыспақ. 

Нәзия ЖОЯМЕРГЕНҚЫЗЫ