Германия тәжірибесін Қазақстан да қолданса дейміз

Германия тәжірибесін Қазақстан да қолданса дейміз

Германия тәжірибесін Қазақстан да қолданса дейміз
ашық дереккөзі

Президент Нұрсұлтан Назарбаев бастаған Қазақстан – әлем бойынша жат мемлекеттерде тұратын
қандастарын шақырған үш елдің бірі. Қалған екеуі – Германия мен Израиль. Осы шақыру
бойынша өткен 22  жылдың ішінде шет
елдерде тұратын қазақтардың 1 миллионға жуығы атбасын атажұртқа бұрып,
Қазақстанға қоныс аударды. Мінеки, осы атажұртқа ағыла көшкен елге Қазақстан
Республикасы азаматтығын алу үшін бес жыл күту керек деген заң кедергі болайын
деп тұр.  Дегенмен бұл ұлы көш тоқтамауы
керек деп ойлаймыз. Сондықтан бұл заңды ел тізгінін ұстаған азаматтар қайта
қарап шығар, Елбасымыз бұл заңға вето қояр деп үміттенеміз. Ал қазақ
диаспорасының өкілдері тұратын Германияда жат елдерден қоныс аударған азаматтар
этникалық неміс болып табылса, оларға Германия азаматтығы дереу беріледі, бұл
әрі заң жүзінде де бекітілген. Болашақта Германия тәжірибесі іске асырылып,
атажұртқа аңсап оралған қандастарға да дереу Қазақстан Республикасы азаматтығы
беріліп, қуантатын шаралар қабылданар деп үміттенеміз.

Еуропа Қазақ қоғамдары федерациясы төралқасы