Автобус билеттері интернет арқылы сатылатын болды

Автобус билеттері интернет арқылы сатылатын болды

Автобус билеттері интернет арқылы сатылатын болды
ашық дереккөзі

Енді тек пойыз бен ұшақ билеттерін ғана емес, автобус билеттерін де интернет арқылы сатып алуға мүмкіндік туды. Қазақстандықтар бұдан былай 41 бағыттағы 140 автобус рейсіне билетті электронды түрде сатып ала алады. Бұл турады Bnews.kz хабарлады.

«AparuBus» автобус рейстеріне электронды билет сатудың бірыңғай жүйесінің бірінші кезеңі іске қосылды. Бұдан былай билет сатып алу үшін вокзалға барып, ұзын-сонар кезекте тұрмайсыз. Автобус рейстеріне билеттерді aparubus.kz сайтынан немесе агенттік желілер арқылы сатып алуға болады. Қазір «AparuBus» жобасының бірінші кезеңіне Астана мен Өскемен қалаларының сапаржайлары қосылып отыр. 41 бағыттағы 140 автобус рейсіне электрондық билеттер сатылуда. Бұрын-соңды Қазақстанда болмаған қызметтің бұл түрі жолаушыларды тасымалдаудағы қызмет көрсету сапасын жақсарта түсері даусыз. Бүгінгі таңда автобус көлігі Қазақстанның 85%-нан астам елді мекенін байланыстырады. Жолаушылар транспорттың бұл түрін кең пайдаланады, Бірақ бүгінгі күнге дейін тек бір бағытқа арналған билеттерді сапаржай кассасында немесе автобекетте ғана сатып алуға болатын. 2014 жылы ҚР БҒМ жанындағы Технологияларды коммерцияландыру орталығы Қазақстанда «AparuBus» бағдарламасын дамытуға 18,1 млн теңге бөлген болатын. Қазақстанның барлық аумағында электронды билет сатудың бірыңғай жүйесін құру, ол жолаушыларға орналасқан жеріне қарамай, кез келген рейске тікелей және кері бағытта билет сатып алуды қамтамасыз ету үшін қолға алынған отандық жобаның болашағы зор. Бүгінгі таңда технология авторлары рейстердің электронды базасын ұлғайтып, билет сатудың жеңілдетілген жүйеде жұмыс істегісі келетін барлық тасымалдаушылар мен агенттік кассалардың өкілдерімен келіссөздер жүргізуде. «Жақын уақытта кез келген жолаушы билетті интернеттен не болмаса, өзіне ыңғайлы жерден – тұратын үйі немесе жұмысының қасынан, не болмаса, баруы оңай жерден сатып ала алады», - дейді «AparuBus» жүйесін жасаушы Ерлан Шаяхметов.